"Алматыэнерго" және Алматы облысы энергетика кәсiпорындарының Алматы энергетика және электрлендiру өндiрiстiк бiрлестiгi кәсiпорындарын жекешелендiру жөнiндегi тендерлiк комиссияның шешiмiн бекiту туралы<*> ЕСКЕРТУ. Қаулының атау сөздер мен толықтырылды және мәтiнiнде сөздер ауыстырылды - ҚРҮ-нiң 1996.11.26. N 1447 қаулысымен. ~P961447

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 15 тамыз N 1016

      "Алматыэнерго" және Алматы облысы энергетика кәсiпорындарының Алматы энергетика және электрлендiру өндiрiстiк бiрлестiгi кәсiпорындарын жекешелендiрудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 шiлдедегi N 854 P960854_ қаулысын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: <*>
      1. "Алматыэнерго" және Алматы облысы энергетика кәсiпорындарының Алматы энергетика және электрлендiру өндiрiстiк бiрлестiгi кәсiпорындарының мүлiктiк кешенiн жекешелендiру туралы жабық тендердiң нәтижелерi қосымшаға сәйкес және 1996 жылғы 10 тамыздағы сатып алу-сату Келiсiмiне 1996 жылғы 4 қазандағы толықтыру шартын бекiтсiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ сөздермен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1996.11.26.
               N 1447 қаулысымен. P961447_
      2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен, Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiмен және "Алматыэнерго" Алматы энергетика және электрлендiру өндiрiстiк бiрлестiгiмен бiрлесе отырып бiрлестiк кәсiпорындарының мүлiктiк кешенiн тендердiң жеңiмпазы - "ТРАКТЕБЕЛЬ С.А." компаниясына қосымшаға сәйкес өткiзудi жүзеге асырсын және мүлiктiк кешендi өткiзудi Сатып алу-сату шартына және оған толықтырумен сәйкес белгiленген тәртiппен тiркесiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ сөздермен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1996.11.26.
               N 1447 қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi "ТРАКТЕБЕЛЬ С.А." компаниясына компанияға берiлген мүлiктi қорғауды ұйымдастыруға қатысты мәселелердi шешуде шарт негiзiнде қажеттi көмек көрсетсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi "ТРАКТЕБЕЛЬ С.А." компаниясына Алматы қаласында және Алматы облысының аумағында электр және жылу энергиясын өндiруге, бөлуге, беруге, тасымалдауға, жiберуге, сатуға, сондай-ақ "ТРАКТЕБЕЛЬ С.А." компаниясымен "Қазақстанэнерго" ұлттық электр энергетика жүйесiнiң қарамағындағы электр желiлерi объектiлерiн Сатып алу-сату шартына және оған толықтырумен сәйкес пайдалануға лицензия берсiн. <*>

     ЕСКЕРТУ. 4-тармақ сөздермен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1996.11.26.
              N 1447 қаулысымен.
     5. Министрлiктер, ведомстволар мен жергiлiктi атқарушы органдар
"ТРАКТЕБЕЛЬ С.А." компаниясының мүлiктiк кешенiн иелiк етуге,
қолдануға және пайдалануға қабылдау үшiн режимдi бұзбай қалыпты жұмыс
iстеуiне қажеттi жағдай жасасын.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
          орынбасары

                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                       1996 жылғы 15 тамыздағы
                                          N 1016 қаулысына
                                              қосымша

          "Алматыэнерго" Алматы энергетика және электрлендiру
              өндiрiстiк бiрлестiгi мүлiктiк кешен ретiнде
                жабық тендерде сатылған кәсiпорындардың
                                ТIЗБЕСI

     N 1 Алматы жылу электр орталығы (ЖЭО-1)
     N 2 Алматы жылу электр орталығы (ЖЭО-2)
     Алматы мемлекеттiк аудандық электр станциясы
     Алматы су электр станциясы каскады
     Алматы электр желiлерi кәсiпорны (АЭЖК)
     Алматы жылу желiлерi кәсiпорны (АЖЖК)
     Алматы электр желiлерiн тарату кәсiпорны (АЭЖТК)
     Ақпараттық-есептеу орталығы
     Есiл электр желiлерi кәсiпорны
<*>

     "Алматыэнергожөндеу" өндiрiстiк-жөндеу кәсiпорны
<*>

     Алматы жылы-жай комбинаты * 
<*>

     Қапшағай гидроэлектростанциясы
<*>

     Әлеуметтiк сала объектiлерi
<*>

-----------------------------------------------------------------
   * Сатып алушының Меншiк иесiмен келiсiмi бойынша.
     ЕСКЕРТУ. Қосымша толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1996.11.26. N 1447
              қаулысымен.  

P961447_

  
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады