"Алматыэнерго" Алматы энергетика және электрлендiру өндiрiстiк бiрлестiгiнiң кәсiпорындарын жекешелендiрудiң тәртiбi туралы және Алматы облысының энергетика кәсiпорындары <*>

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 8 шiлде N 854

      "Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 U952721_ Заң күшi бар Жарлығы мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 30 мамырдағы N 663 P960663_ қаулысымен бекiтiлген Электр энергиясында жекешелендiру және қайта құрылымдау бағдарламасына сәйкес, Алматы қаласындағы және Алматы облысындағы энергетика кәсiпорындарының қалыпты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және олардың қызметiне байланысты экологиялық проблемаларды шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: <*>
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп 1996 жылдың 15 шiлдесiне дейiнгi мерзiмде Алматы қаласындағы және Алматы облысындағы энергетика кәсiпорындарын қаржылық-экономикалық сауықтыру және олардың қызметiне байланысты экологиялық жағдайды жақсарту үшiн қажеттi инвестициялық сұранымды айқындасын. <*>
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне Алматы қаласындағы және Алматы облысындағы энергетика кәсiпорындарының мүлкiн қосымшаға сәйкес заңмен белгiленген тәртiппен сату үшiн беретiн болсын. <*>
      3. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қосымшада көрсетiлген кәсiпорындардың мүлiктерiн голландиялық саудаластықтар процедураларын қолдана отырып, аталмыш кәсiпорындардың қызметiне қаржыландыру және Алматы қаласының және Алматы облысындағы экологиялық проблемаларын шешу үшiн инвестициялар ұсыну туралы тендерлiк шарттарды орындау жөнiнде, өзiне мiндеттеме алатын қатысушылардың арасында сату жөнiнде жабық тендерлер ұйымдастырсын және оны 1996 жылдың 15 қыркүйегiнен кешiктiрмей өткiзсiн. Тендердiң шарты сонымен қатар электр энергиясын өндiру көлемiн қамтамасыз ету және ол үшiн қажеттi ұзақ мерзiмдiк инвестициялық бағдарламаны орындау жөнiндегi мiндеттемелердi де қамтуы тиiс. <*>

     ЕСКЕРТУ. Қаулының тақырыбы, кiрiспесi, 1,2,3-тармақтары 
              сөздермен толықтырылды, 3-тармақта сөздер ауыстырылды -
              ҚРҮ-нiң 1996.08.20. N 1035 қаулысымен.  

P961035_

 

     4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Қазақстан
Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi және
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi "Алматыэнергоның" iшкi және сыртқы мiндеттемелерi
бойынша құқықтық мұрагерлердi айқындасын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрiнiң
            орынбасары

                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                       1996 жылғы 8 шiлдедегi
                                          N 854 қаулысына
                                              қосымша

             Мүлкi мүлiктiк кешен ретiнде сатуға жататын
                    "Алматыэнерго" кәсiпорындарының
                              ТIЗБЕСI
<*>


     1. N 1 Алматы жылу электр орталығы (ЖЭО-1)
     2. N 2 Алматы жылу электр орталығы (ЖЭО-2)
     3. Алматы мемлекеттiк аудандық электр станциясы (АМАЭС)
     4. Алматы электр желiлерiн тарату кәсiпорны
     5. Алматы электр желiлерi кәсiпорны
     7. Алматы жылу желiлерi кәсiпорны
     8. Ақпараттық-есептеу орталығы
     9. Есiк электр желiлерi кәсiпорны
     10. "Алматыэнергоремонт" өнеркәсiптiк-жөндеу кәсiпорны
     11. Алматы жылыжай комбинаты*
     12. Қапшағай суэлектрстанциясы
     13. Әлеуметтiк сала объектiлерi*
     ЕСКЕРТУ. Тiзбе толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1996.08.20. N 1035
              қаулысымен.
     * Сатып алушының Меншiк иесiмен келiсiмi бойынша 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады