Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 24 маусымдағы N 776 қаулысына толықтыру мен өзгерту енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 19 тамыздағы N 1028. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      "Жеңiл ағаш өңдеу өнеркәсiбiнiң кәсiпорындарын мемлекеттiк қолдау шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 24 маусымдағы N 776 қаулысына толықтыру мен өзгерту енгiзiлсiн: 
      2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
      "Бұдан басқа, 1996 жылдың 1 қыркүйегiне дейiн оған 1996 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттардан қайта ұйымдастыру процедураларын жүргiзу мен жеңiл және ағаш өңдеу өнеркәсiбi кәсiпорындарын сауықтыруды қамтамасыз ету жөнiндегi қаржылық инфроқұрылымдарды құруға арнап оларды әлеуметтiк дамуды кредиттеудiң Қазақ акционерлiк банкiнiң (бұдан әрi - Қазкредәлеуметтiкбанк) депозитiне орналастыру үшiн бiр жыл мерзiмге 234,0 млн. (екi жүз отыз төрт миллион) теңге бөлсiн"; 
      3-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Әлеуметтiк дамуды кредиттеу жөнiндегi Қазақ акционерлiк банкi (бұдан әрi - Қазәлеуметбанкi)" деген сөздер "Қазкредәлеуметтiкбанкi" сөзiмен ауыстырылсын. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады