Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 шiлдедегi N 854 қаулысына толықтырулар мен өзгертулер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 20 тамыз N 1035

      Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      "Алматыэнерго" Алматы энергетика және электрлендiру өндiрiстiк бiрлестiгiнiң кәсiпорындарын жекешелендiрудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 шiлдедегi N 854 қаулысына толықтырулар мен өзгертулер енгiзiлсiн:

     қаулының тақырыбы "және Алматы облысының энергетика
кәсiпорындары" деген сөздерiмен толықтырылсын;
     кiрiспедегi және 1, 2, 3-тармақтардағы "Алматы қаласындағы"
сөздерiнен кейiн "және Алматы облысындағы" деген сөздермен
толықтырылсын;
     3-тармақтағы "31 шiлдесiнен" сөздерi "15 қыркүйегiнен" деген
сөздермен ауыстырылсын;
     аталған қаулыға қосымша "Мүлкi мүлiктiк кешен ретiнде сатуға
жататын "Алматыэнерго" кәсiпорындарының тiзбесi" мыналармен
толықтырылсын:
     9. Есiк электр желiлерi кәсiпорны
     10. "Алматыэнергоремонт" өнеркәсiптiк-жөндеу кәсiпорны
     11. Алматы жылыжай комбинаты*
     12. Қапшағай суэлектростанциясы
     13. Әлеуметтiк сала объектiлерi*

     *Сатып алушының Меншiк иесiмен келiсiмi бойынша

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады