Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы мамырдағы Иран Ислам Республикасына сапары барысындағы қол жеткiзiлген келiсiмдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 20 тамыз N 1037

      Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың "Иран Ислам Республикасына сапары барысындағы қол жеткiзiлген келiсiмдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыру және қазақ-иран ынтымақтастығын одан әрi дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы мамырдағы Иран Ислам Республикасына сапарында қол жеткiзiлген келiсiмдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар жоспары бекiтiлсiн /қоса берiлiп отыр/.
      2. Министрлiктер мен мемлекеттiк комитеттер, өзге орталық

атқарушы органдар, облыстардың, Ақмола қаласының әкiмдерi шаралар
жоспарында көзделген тапсырмаларды орындау жөнiнде қажеттi шаралар
қабылдасын.
     3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi осы қаулының
орындалуы барысы туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне кемiнде
жарты жылда бiр рет хабарлап отырсын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                       1996 жылғы 20 тамыздағы
                                         N 1037 қаулысымен
                                            бекiтiлген

          Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы
      мамырдағы Иран Ислам Республикасына сапары барысындағы
      қол жеткiзiлген келiсiмдер мен уағдаластықтарды жүзеге
                      асыру жөнiндегi шаралар
                             ЖОСПАРЫ
___________________________________________________________________
     Құжаттың, уағдаластықтың    |        Шаралар мазмұны
              атауы              |
_________________________________|_________________________________
                1                |                2
_________________________________|_________________________________

Қазақстан мұнайын Иранға           ИИР Мұнай министрлiгi делегация.
тасымалдау туралы                  сының үстiмiздегi жылдың маусым.
                                   дағы Алматы қаласына сапары
                                   барысында негiзгi мәселелердiң
                                   шешiлмеуiне байланысты келiссөздi
                                   жалғастыру ұйғарылды
Ақтау портындағы объектiлердi      Қажеттi материалдық-техникалық
қайта жаңарту және құрылысын       есептердi жүргiзу және Иран
салу жөнiндегi жоба                тарапына Ақтау портын қайта
                                   жаңарту жөнiндегi қажеттi
                                   ақпараттар беру, оның толқынға
                                   қарсы тосқауыл құрылысы мен
                                   порттың қорғаныс дамбыларын
                                   қаржыландыру мәселесiн шешу
                                   мақсатында
Ақтау портына арнаулы экономи.     Ақтау портына арнаулы эконо.
калық аймақ мәртебесiн беру        микалық аймақ мәртебесiн беру
туралы                             туралы мәселенi қолданылып
                                   жүрген заңдарға сәйкес бекiтiп
                                   оны заңды түрде шешу
Батыс Қазақстаннан Иранға          Батыс Қазақстаннан Иранға
Түрiкменстан арқылы мұнай          Түрiкменстан арқылы мұнай
құбырының құрылысын салу           құбырының құрылысын салудың
                                   техникалық жақтарын зерделеуге
                                   кiрiсу
ТАТЖ бiрлесiп пайдалану            Трансазнат темiр жол желiсiнiң
                                   Мешхед-Серахс-Теджен темiр жол
                                   учаскесiнiң пайдаланудағы iске
                                   қосылуын ескерiп, республиканың
                                   мүдделi органдары темiр жолды
                                   бiрлесiп пайдаланудағы нақты
                                   мәселенi, транзит бойынша
                                   бiрыңғай тарифтi белгiлеудегi
                                   келiсiмдерiн қоса - талқыласын
Каспий жағалауындағы бес           Ресей және Иран Президенттерiнiң
мемлекет сыртқы iстер              Каспий теңiзi мәселесi жөнiндегi
министрлерiнiң кездесуi            бiрлескен мәлiмдемелерiне орай
                                   Каспий жағалауындағы бес
                                   мемлекеттiң сыртқы iстер
                                   министрлерi орынбасарларының,
                                   содан кейiн осы елдердiң сыртқы
                                   iстер министрлерiнiң кездесуiн
                                   өткiзу
Кешм а. АЭА-та қазақстан-иран      Экспорт-импорт және көлiк-
бiрлескен кәсiпорнын құру          экспедициялық операциялар
                                   жөнiндегi Кешм а. ЕЭА-та
                                   қазақстан-иран бiрлескен
                                   кәсiпорнын құру туралы
                                   келiсiмдi нақты жүзеге асыруды
                                   бастау
Бiрлескен үкiметаралық комиссия    Екi ел Үкiметтерiнiң сауда-
туралы                             экономикалық, өнеркәсiп және
                                   ғылыми-техникалық ынтымақтастық
                                   жөнiндегi бiрлескен үкiметаралық
                                   комиссия құру туралы қол қойған
                                   Хаттамасына сәйкес, соңғы
                                   мәжiлiсi бұдан бiр жыл бұрын
                                   Алматыда өткiзiлген комиссияның
                                   тең төрағасы Ю.Лавриненкоға Иран
                                   тарапы мен Тегеранда кезектi
                                   мәжiлiс өткiзуiн пысықтау
Ақмола қаласының құрылысын салу    Иран жағымен оның объектiлердi
туралы                             жобалау мен құрылысын салуға
                                   қатысудағы нақты нысаны мен
                                   шартын тиянақтау

___________________________________________________________________
      Орындауға    |        Орындалуына        |     Орындалу
      жауаптылар   |       бақылау жасау       |      мерзiмi
___________________|___________________________|___________________
         3         |             4             |         5
___________________|___________________________|___________________

    Мұнайгазминi,        Өнеркәсiпсаясаты            1996 жылдың
    Сыртқыiсминi              бөлiмi                 III тоқсаны

    Көлiккомминi,       Премьер-Министрдiң           1996 жылдың
    Сыртқыiсминi      орынбасары Г.Г.Штойктiң        IҮ тоқсаны
                        кеңесшiлер тобы

    Әдiлетминi         Экономикалық саясат           1996 жылдың
    Сыртқыiсминi      бөлiмi, Аумақтық даму          IҮ тоқсаны
    Экономминi            бөлiмi

    Мұнайгазминi        Өнеркәсiпсаясаты             1996 жылдың
    Сыртқыiсминi              бөлiмi                 III тоқсаны

    Көлiккомминi       Премьер-Министрдiң            1996 жылдың
    Кеденкомы        орынбасары Г.Г.Штойктiң         IҮ тоқсаны
    Сыртқыiсминi          кеңесшiлер тобы

    Сыртқыiсминi       Сыртқы байланыстар бөлiмi     1996 жылдың
                                                     III тоқсаны

    Көлiккомминi        Экономикалық саясат          1996 жылдың
    Өнеркәсiпсаудаминi        бөлiмi                III-IҮ тоқсаны

    Көлiккомминi        Сыртқы байланыстар бөлiмi
    Өнеркәсiпсаудаминi
    Сыртқыiсминi

    Құрылысминi        Қазақстан Республикасының     1996 жылдың
    Ақмола қаласы      Жоғары және орталық мемлекет. IҮ тоқсаны
    әкiмiнiң           тiк органдарды Ақмола қала.
    аппараты           сына көшiру жөнiндегi
                       мемлекеттiк комиссиясы 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады