1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне енгiзген және Сыртқы iстер министрлiгiмен және басқа да мүдделi министрлiктермен келiсiлген Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Техникалық және қорғаныс-өнеркәсiптiк ынтымақтастық туралы Келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Жағының Келiсiмге қол қоюға келiсiлетiн Түрiк Жағына хабарласын.
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне, Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитетке Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен келiсе отырып, Түрiк Жағымен келiссөз жүргiзу тапсырылсын және ұсынылып отырған Келiсiм жобасына принциптiк сипаты жоқ өзгертулер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат берiлсiн.
4. Уағдаластыққа қол жеткен кезде Қазақстан Республикасының
Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитеттiң төрағасы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан аталған келiсiмге қол қойсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi