Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 маусымдағы N 708 қаулысының күшi жойылған деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 28 тамыз N 1062

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Ақмола қаласы мен оның ықпал аймағының аумағында еркiн кеден аумағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 маусымдағы N 708 қаулысының /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 26, 222-бап/ күшi жойылған деп танылсын.
      2. Ақмола облысының әкiмiне Қазақстан Республикасының Экономика

 

министрлiгiмен және Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп "Ақмола қаласының

аумағында арнайы экономикалық аймақ құру туралы" Қазақстан

Республикасы Президентi Жарлығының жобасын оны құрудың экономикалық

орындылығының есептерiн қоса берiп, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң

қарауына енгiзсiн.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады