Педагогикалық қызметкерлердiң жекелеген санаттарына оқу /педагогикалық/ жүктемесi нормасын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 2 қыркүйек N 1078. Күшi жойылды - ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 17 маусымдағы N 665 қаулысымен. ~P020665

      "Қазақстан Республикасының бiлiм беру мәселелерi жөнiндегi кейбiр заң актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2829 U962829_ Заң күшi бар Жарлығын /Қазақстан Республикасының Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 183-бап/ орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      ЕСКЕРТУ. Кiрiспеден сөздер алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1997.02.06.
               N 170 қаулысымен. P970170_
      1. 1996/97 оқу жылына арналған жалпы бiлiм беретiн орта және кәсiби-техникалық мектептердiң мұғалiмдерi мен оқытушылары үшiн мынадай мөлшерде оқу /педагогикалық/ жүктемесi бекiтiлсiн:
      жалпы бiлiм беретiн орта мектептiң алғашқы басқыш мұғалiмдерi үшiн - аптасына 20 сағат;
      жалпы бiлiм беретiн орта мектептiң екiншi және үшiншi басқыш

 

мұғалiмдерi мен кәсiби-техникалық мектептердiң оқытушылары үшiн -

аптасына 18 сағат.



     Ескерту. 1-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.11.26.

              N 1448 қаулысымен. 


P961448_



     2. Аталған өзгертулер бiлiм беруге және кадрларды 1996/97 оқу

жылының үшiншi тоқсанынан бастап кәсiби даярлауға арналып 1996 жылы

бөлiнген бюджеттiк қаражат шегiнде жүргiзiлсiн. Артылған қаражат

олардың нақтылы оқу жүктемесiне байланысты аталған педагогикалық

қызметкерлердiң санаттарына үстемеақы, қосымша ақы төлеуге

бағытталсын.



     Ескерту. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлсiн - ҚРҮ-нiң 1996.11.26.

              N 1448 қаулысымен. 


P961448_



     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады