Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi туралы Ереже
бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 9 қыркүйектегi
N 1094 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
министрлiгi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын жүргiзу жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруды және сыртқы қатынастар саласындағы мемлекеттiк басқаруды қамтамасыз ететiн орталық атқарушы орган болып табылады.
Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң басшылығымен жүзеге асырады. Жалпы мәселелер жөнiндегi Министрлiктiң қызметiне Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi жетекшiлiк етедi.
2. Өз қызметiнде Министрлiк Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, басқа да нормативтiк-құқықтық актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3.Министрлiктiң жүйесiне Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерi, Қазақстан Республикасының халықаралық, (мемлекетаралық, үкiметаралық) ұйымдар жанындағы өкiлдiктерi мен өзiнiң ведомстволық бағынысындағы ұйымдар, сондай-ақ Жоғары дипломатиялық мектеп және Министрлiк құратын басқа да оқу орындары кiредi.
4. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының тұжырымдамасы мен негiзгi бағыттарын әзiрлеу және Қазақстан Республикасының Президентiне және Үкiметiне тиiстi ұсыныстарды тапсыру;
2) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысымен бiрге Қазақстан Республикасының Президентi үшiн Қазақстан Республикасының сыртқы саясат стратегиясы мен Президенттiң халықаралық инициативаларын жүзеге асыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
4) Қазақстан Республикасының егемендiгiн, қауiпсiздiгiн, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын, оның басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынастардағы және халықаралық аренадағы мүдделерiн қорғауды дипломатиялық құралдар мен әдiстермен қамтамасыз ету;
5) шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының және заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерiн қорғау;
6) Қазақстан Республикасының шетелдiк мемлекеттермен дипломатиялық және консулдық қатынастарын жүзеге асыру;
7) шетелдiк мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының бiртұтас сыртқы саяси бағытты жүргiзуiн қамтамасыз ету мақсатында атқарушы өкiметтiң басқа да органдарының қызметiн үйлестiру және жұмысына бақылау жасау.
5. Министрлiк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
1) Қазақстан Республикасының шетелдiк мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастары мәселелерi жөнiнде белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасының Президентiне және Үкiметiне ұсыныстар мен ұсыным-кеңестердi әзiрлейдi және табыс етедi;
2) халықаралық шарттар мен келiсiмдердi жасасу, бекiту, орындау, қолданысын тоқтату және бұзу туралы ұсыныстарды дайындайды және белгiленген тәртiпте осы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң қаруына енгiзедi;
3) шетелдiк мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен келiссөздер жүргiзедi;
4) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен келiсiмдерiнiң орындалуына жалпы байқауды жүзеге асырады;
5) Қазақстан Республикасының құқықтық практикасында халықаралық нормаларды жүзеге асыруға жәрдемдеседi, республика заңдарын жетiлдiру, оларды Қазақстан Республикасының халықаралық-құқықтық мiндеттемелерiне сәйкес келтiру жөнiндегi ұсыныстарды даярлайды;
6) Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын, оның қорғанысы мен мемлекеттiк қауiпсiздiгiн, құқықтық тәртiптi қорғауды, айналадағы ортаны сақтауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының шетелдiк мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сауда-экономикалық және қаржылық байланыстарын, ғылыми-техникалық мәдени және өзге де алмасуларын дамыту мен кеңейту жөнiндегi нақты iс-шараларды әзiрлеуге қатысады;
7) Қазақстан Республикасының халықаралық бейбiтшiлiктi, ғаламдық және аймақтық қауiпсiздiктi, сонымен бiрге Қазақстан Республикасының Бiрiккен Ұлттар Ұйымы мүшесi, жалпы европалық және басқа да аймақтық процестердiң қатысушысы ретiндегi жауапкершiлiгiн ескере отырып, қамтамасыз ету жөнiндегi күш-жiгерлерiн дипломатиялық құралдармен және әдiстермен жүзеге асырады;
8) Қазақстан Республикасының БҰҰ, басқа да халықаралық ұйымдардың қызметiне қатысуын қамтамасыз етедi, халықаралық қоғамдастықтың мүшесi ретiнде Қазақстан Республикасының ғаламдық және аймақтық халықаралық проблемаларды шешудегi рөлiн арттыруға жәрдемдеседi;
9) Аштықпен және артта қалушылықпен, халықаралық терроризммен, ұйымдасқан қылмыспен және есiрткiлердiң заңсыз айналымымен күресу, сондай-ақ экологиялық жағдайы нашар және техногендiк апаттар аймақтарындағы салдарларды жою жөнiндегi халықаралық акцияларға қатысады;
10) Қазақстан Республикасының айналадағы ортаны халықаралық қорғау және ұтымды пайдалану, Әлемдiк мұхиттың ресурстарын игеру, ғарыш кеңiстiгiн зерттеу саласындағы мүдделерiн қамтамасыз етедi;
11)Қазақстан Республикасының сыртқы және iшкi саясаты, елдiң әлеуметтi-экономикалық, мәдени және рухани өмiрi туралы ақпаратты шетелде таратуға жәрдемдеседi;
12) жоғары және үкiметтiк деңгейлерде халықаралық алмасулардың протоколдық қамтамасыз етiлуiн, сондай-ақ дипломатиялық және консулдық артықшылықтар мен иммунитеттердiң сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
13) Қазақстан Республикасының парламетарлық байланыстарын жүзеге асыруға жәрдемдеседi;
14) Қазақстан Республикасының аумағында және шетелдi халықаралық-құқықтық нормалармен және Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген консулдық функцияларды орындайды;
15) шетелде тұрып жатқан отандастармен байланыстарды және қатынастарды дамытуға жәрдемдеседi;
16) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын тiркеу мен есепке алудың бiртұтас мемлекеттiк жүйесiнiң қызмет етуiн қамтамасыз етедi;
17) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметiнiң архивiн құрады және ұстайды;
18) Қазақстан Республикасы жасаған және күшiне енген халықаралық шарттардың депозитарийi болып табылады;
19) Министрлiктiң орталық аппаратын, шет елдердегi өкiлдiктерiн, Қазақстан Республикасының аумағындағы өкiлдерiн, ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын кадрмен қамтамасыз етудi жүзеге асырады, дипломатиялық қызметтiң кадрларын даярлауды, қайта даярлауды және бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
20) шифрлiк және дипломатиялық-курьерлiк байланысты жүзеге асыруды қамтамасыз етедi;
21) Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдiк дипломатиялық және консулдық өкiлдiктердiң қызмет етуiне жәрдемдеседi, оларға қызмет көрсететiн кәсiпорындардың, мекемелердiң және ұйымдардың қызметiне өз құзырының шектерiнде бақылауды жүзеге асырады;
22) өз құзырындағы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқару органдарымен, өкiлдiк органдармен, қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасайды;
23) Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың, шетелдiк өкiлдiктер объектiлердiң күрделi құрылысы мен оларды қайта жаңарту жөнiндегi тапсырушының функцияларын жүзеге асырады, тұрғын үй құрылысын жүргiзедi, сондай-ақ шетелдiк өкiлдiктердi орталықтандырылған қаржыландыру, материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
24) Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген басқа да функцияларды орындайды.
6. белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқару органдарынан, сондай-ақ олардың меншiк нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, ұйымдардан Министрлiкке жүктелген функцияларды жүзеге асыруға қажеттi құжаттарды, анықтамалық және өзге де материалдарды алуға; белгiленген тәртiпте аталған органдар мен ұйымдарға ақпарат беруге;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары жобаларының Қазақстан Республикасы Конституциясына және халықаралық-құқықтық нормаларға сәйкестiгiн бақылауды жүзеге асыруға;
3) белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң қарауына сыртқы саясат және дипломатиялық қызмет мәселелерi жөнiндегi заң және өзге де нормативтi-құқықтық актiлерiнiң жобаларын әзiрлеу туралы ұсыныстарды енгiзуге;
4) белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасының елшiлiктерiн, бас консулдықтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкiлдiктерiн ашу туралы ұсыныстар жасауға;
5) өз құзырының шектерiнде орталық және жергiлiктi атқару органдарының, сондай-ақ олардың меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, ұйымдардың, олар өздерi халықаралық байланыстарды жүзеге асырар кезде, орындалуы мiндеттi нормативтiк актiлердi қабылдауға;
6) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiпте ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта құру және тарату, олардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату, қаржы-шаруашылық қызметтi ревизиялау мен тексеру мәселелерiн шешуге;
7) белгiленген тәртiпте шетелдiк және отандық үкiметтiк және үкiметтiк емес қорлар мен ұйымдардан одан әрi мақсатты пайдалануды көздей отырып, көмектiң ақысыз, гуманитарлық және өзге де түрлерiн алуға құқылы.
7. Министрлiктi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметте босататын Министр басқарады.
Министрдiң орынбасарларын Министрдiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
8. Министр Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы үшiн және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн Қазақстан Республикасының Президентi мен Премьер-Министрi алдында жеке жауапкершiлiкте болады.
Министр Қазақстан Республикасының Парламентi Палаталарына Қазақстан Республикасы Конституцияның 57-бабының 6)-тармақшасында көзделген жағдайда есеп бередi.
9. Министр:
1) Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және оның шет елдердегi мекемелерiнiң жұмысына басшылық жасайды, Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың жұмысын реттейтiн ережелердi (жарғыларды) бекiтедi, сыртқы саяси, ұйымдастыру, кадр, қаржы, өндiрiстiк-шаруашылық және басқа да мәселелердi шешуде Министрлiк жүйесiнiң лауазымды адамдарының құзырын белгiлейдi;
2) бұйрықтар мен нұсқаулықтар шығарады, Министрлiктiң орталық аппараты, шет елдердегi өкiлдiктер, Министрлiктiң Қазақстан Республикасы аумағындағы өкiлдiктерi, ведомстволық бағыныстағы ұйымдар жұмысының мәселелерi бойынша тапсырмалар бередi;
3) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасының Елшiлерiн және халықаралық (мемлекетаралық, үкiметаралық) ұйымдар жанындағы Тұрақты тағайындау, керi шақырып алу, сондай-ақ қызметiнде болу мерзiмдерiн ұзарту және қысқарту туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныстар енгiзедi;
4) Қазақстан Республикасының Бас консулдарын тағайындау кезiнде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiне ұсыныстар енгiзедi;
5) консулдық орналасқан мемлекетпен (тағайындар алдында) келiсе отырып, Қазақстан Республикасының штаттан тыс (құрметтi) консулдарын тағайындайды және мiндетiнен босатады;
6) екi тараптық және көп тараптық келiссөздерде Қазақстан Республикасы атынан өкiлдiк етедi және белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қол қояды;
7) Қазақстан Республикасының және шетел мемлекеттерiнiң мемлекеттiк органдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынаста Министрлiк атынан өкiлдiк етедi;
8) өзiнiң орынбасарлары арасындағы мiндеттердi бөледi;
9) еңбекақы төлеудiң белгiленген қоры мен олардың қызметкерлерi санының шегiнде Министрлiктiң орталық аппараты мен оның Қазақстан Республикасы аумағындағы өкiлдiктерiнiң штат кестесiн, сондай-ақ тиiстi кезеңге бекiтiлген бюджеттiк қаржыландыру шегiнде оларды ұстауға шығыс сметасын бекiтедi;
10) еңбекақы төлеудiң белгiленген қоры мен олардың қызметкерлерi санының шегiнде шет елдердегi өкiлдiктердiң штат кестесiн, сондай-ақ бекiтiлген бюджеттiк қаржыландыру шегiнде шет елдердегi өкiлдiктердi ұстауға шығыс сметасын бекiтедi;
11) қажет болған жағдайда бекiтiлген бюджеттiк қаржыландыру шегiнде шет елдердегi басқа өкiлдiктердiң штат санын уақытша (ұлғайту) есебiнен Министрлiктiң орталық аппаратының немесе шет елдердегi өкiлдiктердiң штат санын уақытша ұлғайта (азайта) алады. Мұндай кезде бiр мезгiлде тиiсiнше ұлғайту (азайту) қамтитын штаттық қызмет саны Министрлiктiң орталық аппараты мен шет елдердегi өкiлдiгi санының 5 процентiнен аспауға тиiс;
12) белгiленген тәртiпте консулдық iс-әрекеттер нәтижесiнде алынған қаржыны бөледi;
13) Министрлiктiң орталық аппараты мен шет елдердегi өкiлдiктерiнiң кеңесшi-уәкiлден бастап және одан төменгi басшы қызметкерлерiн, сондай-ақ Министрлiк жүйесiнiң басқа да қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
14) Жоғары дипломатиялық мектеп ректорының кандидатурасы жөнiнде Премьер-Министрге ұсыныс енгiзедi, Жоғары дипломатиялық мектептiң проректорларын, сондай-ақ Министрлiктiң басқа да оқу орындарының басшыларын тағайындайды.
15) дипломатиялық қызметтi қызметкерлердi белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасының құрметтi атақтарын беруге ұсынады;
16) атташеден бастап I сыныпты кеңесшiге дейiн қоса алғанда дипломатиялық дәрежелер бередi, сондай-ақ Төтенше және Өкiлеттi Елшi, I және II сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл дипломатиялық дәрежелерiн беру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныстар енгiзедi;
17) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
10. Министрлiк пен шет елдердегi мекемелердiң персоналы мыналардан тұрады.
1) Министрлiктiң Қазақстан Республикасының аумағындағы және шет елдердегi мекемелерiнде штаттағы оперативтiк-дипломатиялық және консулдық қызметтегi дипломатиялық қызметкерлер;
2) келiсiм-шарт бойынша консулдық орналасқан елде Қазақстан Республикасының дипломатиялық және консулдық мекемелерiне жұмысқа қабылданған Қазақстан Республикасы азаматтарын қоса алғанда Министрлiктiң Қазақстан Республикасының аумағындағы және шет елдердегi мекемелерiнде штаттық қызметтегi әкiмшiлiк-техникалық және қызмет көрсетушi персонал қызметкерлерi. Министрлiктiң шет елдердегi мекемелерiне шет елдiк азаматтарды Министрлiктiң келiсiмiмен тек қызмет көрсетушi персонал қызметiне ғана уақытша жұмысқа қабылдау жүргiзiледi.
Министрлiктегi және оның Қазақстан Республикасының аумағы мен шет елдердегi мекемелерiндегi жекелеген штаттық қызметте уақытша уақытша келiсiм-шарт негiзiнде жұмысқа қабылданатын басқа ұйымдар мен мекемелердiң мамандары жұмыс iстей алады.
Дипломатиялық қызмет жұмысына әлеуметтiк тегiне, ұлтына, жынысына, дiнге қатыстылығына қарамастан Қазақстан Республикасының жоғары бiлiмдi азаматтары қабылданады.
Дипломатиялық қызметкерлердiң, әкiмшiлiк-техникалық және қызмет көрсетушi персонал қызметкерлерiнiң еңбек қатынастарының тоқтатылуы Қазақстан Республикасының еңбек заңдарымен, басқа да нормативтi-құқықтық актiлермен реттеледi.
Министрлiктiң қызметкерлерiне, соның iшiнде шет елдерде жұмыс iстейтiндерге және өздерiмен бiрге тұратын олардың отбасы мүшелерiне Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен Қаржы министрлiгiнiң нұсқаулықтары белгiлеген тәртiпте шығыстары Сыртқыiсминi бюджетiнiң арнаулы бабына жатқызылатын ақысыз медициналық жәрдем және қызмет көрсету ұсынылады. Осы ереже Министрлiктiң зейнетақыда жүрген қызметкерлерiне де қолданылады.
Министрлiктiң қызметкерлерiнiң балаларына бұлардың ата-аналарымен бiрге шет елде болуы кезiнде Қазақстан Республикасының тиiстi органдарының келiсiмiмен белгiленген талаптар бойынша орта бiлiм алуы үшiн мүмкiндiк жасалады.
Министрлiк өзiне Министрлiктiң Қазақстан Республикасы
аумағындағы және шет елдердегi қызметкерлерi мен мекемелерiнiң
қауiпсiз қызметiн қамтамасыз ету жөнiнде мiндеттеме алады.
Қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң өмiрi мен
қауiпсiздiгiне қатер төнетiн төтенше жағдайлар туған жағдайда
Министрлiк оларды қорғау жөнiнде шұғыл түрде эвакуация жасауға дейiн
шаралар қабылдайды.
11. Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметiнiң
қызметкерлерiне олардың қызметiн, бiлiктiлiгiн және жұмыс
тәжiрибесiн ескере отырып, мынадай дипломатиялық дәрежелер берiледi:
атташе
үшiншi хатшы
II сыныпты екiншi хатшы
I сыныпты екiншi хатшы
II сыныпты бiрiншi хатшы
I сыныпты бiрiншi хатшы
II сыныпты кеңесшi
I сыныпты кеңесшi
II сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл
I сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл
Төтенше және Өкiлеттi Елшi
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметiнде жүрген адамдарға, сондай-ақ отставкаға кеткендерге байланысты бұрынырақта КСРО-да берiлген дипломатиялық дәрежелер танылады.
Министрлiк қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiпте және мөлшерде шет тiлдерiн бiлгенi үшiн қызметтiк кесiмдi жалақысына қосымша, дипломатиялық дәрежелерi үшiн арнаулы қосымша, сондай-ақ арнайы киiндiру үшiн дотация төленедi.
12. Министрлiкте құрамына Министр (алқа төрағасы), оның орынбасарлары (лауазымдары бойынша), сондай-ақ Министрлiк жүйесiнiң басқа да басшы қызметкерлерi енетiн адамдарды қоспағанда, Министрлiк алқасының мүшелерiн Министр бекiтедi.
Алқа Министрлiк қызметiнiң аса маңызды мәселелерiн қарайды және тиiстi шешiмдер қабылдайды.
Алқаның шешiмдерi қаулылар нысанында оның мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады және Министрдiң бұйрықтары арқылы жүзеге асырылады.
13. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты мәселелерi жөнiнде ғылыми негiзделген ұсыныстар саясаты мәселелерi жөнiнде ғылыми негiзделген ұсыныстар әзiрлеу мақсатында министрлiк ғылыми-консультативтiк, әдiстемелiк және сарапшылық органдар құра алады.
Мұндай органдардың құрамы мен олар туралы ережелердi Министр бекiтедi.
Аталған органдардың қызметiн ұйымдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi Министрлiктiң орталық аппараты жүзеге асырады. Министрлiктi ротацияға, басқа жұмысқа ауысуына байланысты немесе жасына қарай қызметтен кеткен аса бiлiктi дипломатиялық қызметкерлер оған жеке өтiнiшi негiзiнде Министрдiң бұйрығымен енгiзiлетiн дипломатиялық қызметтiң кадрлар резервi құрылады. Резервте тұрған адамдар одан әрi қарай тұрақты немесе уақытша негiзде Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметiндегi жұмыста пайдаланылуы мүмкiн.
15. Министрлiк белгiленген тәртiпте оның қызметiне қатысты мәселелер бойынша журналдар, бюллетеньдер және басқа да басылымдар шығарылады.
16. Министрлiк қызметiнiң қаржыландырылуы республика бюджетiнiң қаржылары есебiнен жүзеге асырылады.
17. Министрлiк заңы тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өзiнiң атауы қазақша және орысша жазылған мөрi, тиiстi мөрлерi мен мөртаңбалары, Қазақстан Республикасының банк мекемелерiнде, соның iшiнде шет елдiк валютамен шоттары бар.