Л.Н.Гумилев атындағы Евразия университетiн ұйымдастыру мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 11 қыркүйек N 1111

      "Л.Н.Гумилев атындағы Евразия университетi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 23 мамырдағы N 2996 U962996_ Жарлығын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 20, 172-құжат) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. Л.Н.Гумилев атындағы Евразия университетiнiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып айқындалсын:
      Евразиялық бiлiм және мәдени кеңестiгiнiң интеграциялық әлеуетiн жүзеге асыру, бiлiм және ғылыми бағдарламалар, оқу-әдiстемелiк әдебиеттер әзiрлеу жолымен Евразия Одағы идеясын өмiрге енгiзу;
      қазақ орыс және шетел тiлдерiнде, оның iшiнде Қазақстан Республикасы азаматтарының оқуға түсу және оқуы шарттарында Евразия елдерiнiң өкiлдерiнен жоғары кәсiби және парасат деңгейiндегi мамандар мен ғылыми қызметкерлер даярлау;
      Евразияны мекендеген халықтардың мәдени мұрасы мен тарихын, Евразия аймағының экологиялық, демографиялық, әлеуметтiк, экономикалық және ғылыми-техникалық даму проблемаларын зерделеу мен оқыту;
      оқу және ғылыми процестерде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану, телекоммуникациялардың бiрыңғай жүйедегi интеграциясы;
      көкейкестi бiлiм беру және ғылыми проблемаларды халықаралық, мемлекеттiк және аймақтық деңгейлерде кезең-кезеңмен шешу.
      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiне:
      Л.Н.Гумилев атындағы Евразия университетiнiң құрылымын, мамандықтар тiзбесiн, профессор-оқытушылар құрамының штаттық санын айқындасын және белгiленген тәртiппен оның құрамын бекiтсiн;
      1997 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Евразия университетiнiң құрамында Евразиялық проблемаларды зерделеу жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығын құрсын.
      3. Бiлiм министрлiгi, Ақмола облысының әкiмi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң, Экономика министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң келiсiмiмен Л.Н.Гумилев атындағы Евразия университетiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету, студенттерге, профессор-оқытушылар құрамына, шақырылатын шетел ғалымдары мен мамандарына қажеттi әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайлар жасау жөнiндегi шарттар жоспарын әзiрлеп, оны 1996 жылдың 1 қарашасына дейiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне ұсынсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады