Республиканың аграрлық және энергетикалық кешендерiндегi кейбiр қаржылық мiндеттемелердi реттеу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 17 қыркүйек N 1130

      Қазақстан Республикасының Үкiметi экономиканың аграрлық және энергетикалық секторларының дамуын және оларды дағдарысты жағдайлардан шығаруды тежейтiн себептердiң бiрi 1994-1995 жылдары өндiрiлген және пайдаланылған мұнай өнiмдерi мен электр энергиясы үшiн едәуiр дебиторлық және кредиторлық берешектiң болуынан деп атап отыр. Бұл әсiресе шаруашылық жүргiзудiң жаңа ұйымдық нысандарында жұмыс iстейтiн реформаланған ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының қызметiне терiс әсер етедi, энергетика кешенiнiң кәсiпорындарын қайта жаңарту процесiн тежейдi. 
      Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң 1994-1995 жылдары олар тұтынған электр энергиясы мен мұнай өнiмдерi үшiн берешектерiн реттеу, жекешелендiру кезеңдерiндегi олардың қызметi үшiн, сондай-ақ энергетика және мұнай-газ салалары кәсiпорындарын жекешелендiру үшiн оңтайлы жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi кәсiпорындарының 1994-1995 жылдары отын және электр энергиясы үшiн ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң пайда болған берешегiн олардың арасындағы салыстыру актiсiне сәйкес Ауыл шаруашылығын мемлекеттiк қаржылық қолдау қорына беру жүргiзiлсiн. 
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiмен бiрлесiп екi апта мерзiм iшiнде осы қарыздарды беру тәртiбiн айқындасын. 
      2. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң 1994-1995 жылдары босатылған мұнай өнiмдерi үшiн берешегi, сондай-ақ электр энергиясы үшiн бекiтiлмеген салыстыру актiлерi бойынша берешегi (күмәндi берешек) Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi мен Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi жүйелерiндегi кәсiпорындар мен ұйымдар олардың қаржылық нәтижелерiне есептен шығарады деп белгiленсiн. 
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясы Экономика министрлiгiмен, Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiмен және Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiмен бiрлесiп бiр ай мерзiм iшiнде аталған берешектердi шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржылық нәтижелерiне есептен шығару тәртiбiн айқындасын. 
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi: 
      қаржылық нәтижелерге есептен шығарылғаннан кейiн, бiрақ 1994-1995 жылдары үшiн ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң берешектерi өтелмеген мұнай-газ саласы; 
      бекiтiлген салыстырма актiсiмен және бекiтiлмеген салыстырма актiсiмен қаржылық нәтижеге есептен шығарылған ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң 1994-1995 жылдардағы берешектерi Ауыл шаруашылығын мемлекеттiк қаржылық қолдау қорына жатқызылғаннан кейiн - энергетика саласы объектiлерiне жекешелендiру жүргiзсiн. 
      Ауыл шаруашылығын мемлекеттiк қаржылық қолдау қорына берiлген электр энергиясы үшiн берешек, Энергетика саласының кәсiпорындарын жекешелендiру, тарату шаралары жөнiндегi қордан осы қарыздарды олардың қаржылық нәтижелерiне жатқыза отырып есептен шығарылады. 
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 1 қарашадағы  N 1027  Қаулысымен.
      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi және облыстардың әкiмдерi 1996 жылғы тұтынылған электр энергиясы мен мұнай өнiмдерi үшiн ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң берешектерiне жол бермеу жөнiнде барлық шараларды қолдансын және қатаң бақылау белгiлесiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады