Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Республиканың аграрлық және энергетикалық кешендеріндегі кейбір қаржылық міндеттемелерді реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 17 қыркүйектегі N 1130 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
3-тармақтың төртінші абзацы "жекешелендіру" деген сөзден кейін ", тарату" деген сөзбен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Ауыл шаруашылығы министрліктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі