Халықтың өмiр сүру деңгейiнiң негiзгi көрсеткiштерiн айқындау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 19 қыркүйек N 1150. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.04.08. N 537 қаулысымен. ~P000537

      Жүзеге асырылып жатқан экономикалық өзгерiстердiң әлеуметтiк бағыттылығын күшейту, халықтың өмiр сүру деңгейiнiң негiзгi көрсеткiштерiн талдау жұмыстарында пайдалану үшiн оларды айқындауды тәжiрибеге енгiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау туралы министрлiгi: <*>
      1999 жылдың 1 қаңтарына дейiн халықтың әртүрлi жыныстағы мен жастағы топтары үшiн күн көрiс минимумдарының, сондай-ақ кедейлiк шегiнiң құрылымы мен құрамын қалыптастырудың әдiстiк жолдарын әзiрлесiн; <*>
      1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Үкiметiне халықтың әртүрлi жыныстағы мен жастағы топтары үшiн кедейлiк шегi мен күн көрiс минимумдарының мөлшерiн, әлеуметтiк саясатты қалыптастыру кезiнде оларды пайдалану мақсатында берiп отырсын; <*> <*>
      жергiлiктi атқарушы органдарға кедейлiк шегi мен күн көрiс минимумдарының көрсеткiштерiн қолдануда ұйымдастыру-әдiстемелiк көмек көрсетсiн.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.11.18. N 1175 қаулысымен.
               P981175_
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1999.05.10. N 554 қаулысымен.
               P990554_
      2. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы:
      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне 1998 жылдың 1 желтоқсанына дейiн тұтастай республика бойынша адамдардың түрлi жыныстағы және жастағы топтары үшiн негiзгi негiзгi тамақ өнiмдерiн тұтынудың ең төменгi нормаларын ұсынсын. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.11.18. N 1175 қаулысымен.
               P981175_

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттiгi 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап: <*>
      жалпы алғанда республика бойынша және аумақтар бойынша халықтың әртүрлi жынысы және жасына топтары үшiн күн көрiс минимумының орта есеппен бiр адамға шаққандағы көлемiнiң өзгеруi бойынша ай сайын есеп жүргiзiп, оны Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгiне ұсынатын болсын; <*>

     жыл сайын бұл есептердi Статистикалық жұмыстар регламентiне
енгiзетiн болсын.
     ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.11.18. N 1175 қаулысымен.
               

P981175_

 

     4. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi
әлеуметтiк саясат бағытын айқындау үшiн кедейлiк шегi деңгейi мен
ең төменгi күнкөрiс деңгейiн пайдалансын.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1998.11.18. N 1175
              қаулысымен.  

P981175_

 

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады