"МИР" мемлекетаралық телерадиокомпаниясының мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 25 қыркүйек N 1170. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.10.13. N 1438 қаулысымен. ~P971438

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 4 қыркүйектегi N 2452 U952452_ Жарлығымен бекiтiлген "МИР" мемлекетаралық телерадиокомпаниясының қызметiн кедергiсiз және тәуелсiз жүзеге асырудың халықаралық-құқықтық кепiлдiктерi туралы 1993 жылғы 24 желтоқсандағы Келiсiмнiң шарттарын орындау және "МИР" мемлекетаралық телерадиокомпаниясының Қазақстан Республикасының атқарушы өкiмет органдарымен салық салу жөнiндегi өзара қарым-қатынастарын реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының аумағында "МИР" мемлекетаралық телерадиокомпаниясының қызметiн кедергiсiз және тәуелсiз жүзеге асырудың халықаралық-құқықтық кепiлдiктерi туралы Келiсiмнiң 2-бабының 1-тармағына және 6-бабының 1-тармағына сәйкес "МИР" мемлекетаралық телерадиокомпаниясы және оның мүлкi тiкелей салықтардың (сондай-ақ акциздер мен қосылған құнға салынатын салықтар) және Келiсiм бекiтiлген сәттен бастап коммуналдық және оларға көрсетiлетiн басқа да сол сияқты қызметтердi қоспағанда, төлемдердiң барлық түрлерiнен босатылды деп саналсын.
      2. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi "МИР" мемлекетаралық телерадиокомпаниясының кеден алымдарынан босатылмайтынын және спирт, шарап-арақ бұйымдарының, сыра, темекi бұйымдары мен компанияның жарғылық мақсаттарында пайдалану үшiн арналмаған басқа да акцизделетiн тауарларды әкелу және әкету кезiнде шектеулер қоюды ескерсiн.
      3. "МИР" мемлекетаралық телерадиокомпаниясының Қазақстан Республикасының атқарушы өкiмет органдарымен арасындағы тараптардың өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының аумағында "МИР" мемлекетаралық телерадиокомпаниясының қызметiн кедергiсiз және тәуелсiз жүзеге асырудың халықаралық-құқықтық кепiлдiктерi туралы Келiсiмде көзделген шарттармен реттеледi.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады