1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне, мемлекеттiк Бюджеттiк банкiне жергiлiктi бюджеттердегi және заңды тұлға болып табылатын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарына олардың орналасқан жерлерi бойынша үстiмiздегi жылдың 1 қазанына дейiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң немесе мемлекеттiк Бюджеттiк банкiнiң бөлiмшелерiнде дербес ағымдағы бюджеттiк шот ашу ұсынылсын.
2. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын тiкелей бiлiм беру ұйымдарының банкiлiк шоттарындағы жергiлiктi бюджеттер қаражаттарынан қаржыландыруды жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, облыстардың
және Алматы қаласының әкiмдерi бюджеттiк қаражаттардың бiлiм беру ұйымдарының шоттарына түсуiн және оның мақсатты пайдалануын бақылауды қамтамасыз етсiн. 4. Ұйымдарда есеп жүргiзу олардың бар адамдарының шегiнде жүргiзудi талап етедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi