"Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 28 қыркүйек N 1187. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.04.30. N 698 қаулысымен. ~P970698

      "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамын қаржылай сауықтыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 қаңтардағы N 19 P960019_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамына 200 млн. теңге сомасында кредит бөлген. Бөлiнген кредит ресурстары өзiнiң айналыс қаражаттарын толтыруға және жалақы төлеуге пайдаланылған. Әлеуметтiк сала объектiлерi қаланың балансына өттi, өту нәтижесiнде жұмыс iстейтiндердiң саны айына 350 мың теңгелiк жалақы қорымен 313 адамға қысқарды.
      Аталған кезең iшiнде кәсiпорынның жұмысына жасалған талдау төменде жатқан қабаттарды ашу жөнiндегi жұмыстың ұзақ уақыт бойы қалушылығынан алынуға дайын запастардың көлемi кенеттен қысқаруға әкеп соқты. Комбинаттың байыту фабрикаларының тиiмдi жұмысы үшiн жылына кем дегенде 600 мың тонна руда өңдеуге тиiс, бұл үшiн Жамбыл облысында орналасқан қорғасын-мырыш рудасына бай "Родниковое" кен орнының запастарын байыту фабрикасына өңдеуге тездеп тарту қажет.
      "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, шикiзат базасы мен қаржылық сауықтырылуын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi кредиторлармен келiсiм бойынша "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамының мүлкiн сырттай басқаруға "РР Қазақстан-сауда және Лтд-ны қаржыландыру" қазақстан-австрия бiрлескен кәсiпорнымен санациялау тапсырылсын.
      2. "РР Қазақстан-сауда және Лтд-ны қаржыландыру" қазақстан-австрия бiрлескен кәсiпорнының Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жанындағы Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру агенттiгi мен "РР Қазақстан-сауда және Лтд-ны қаржыландыру" қазақстан-австрия бiрлескен кәсiпорны арасындағы жасалған санациялау туралы шартта оны көздей отырып, "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамының берешегiн өтеу кестесi жөнiндегi ұсынысына келiсiм берiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру агенттiгiне:
      "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 7 сәуiрдегi N 2173 U952173_ Заң күшi бар Жарлығына сәйкес "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамын қайта ұйымдастыру рәсiмдерiн жүргiзу жөнiнде қажеттi шаралар қолдануды;
      "РР Қазақстан-сауда және Лтд-ны қаржыландыру" қазақстан-австрия бiрлескен кәсiпорнымен бiрлесiп аудит деректерi негiзiнде заңда белгiленген тәртiппен "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамының меншiктiң мемлекеттiк емес нысандағы кәсiпорындары алдында қалған кредиттiк берешегiн өтеуi үшiн шара қолдануды тапсырсын.
      4. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi Жамбыл облысы Шу ауданындағы "Родниковое" кен орнын геологиялық зерделеу мен игеруге "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамына белгiленген тәртiппен лицензия ресiмдесiн. Кен орнын өнеркәсiптiк запастарды бекiткенге дейiн тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк пайдалануға рұқсат етсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi 1996 жылдың 1 қарашасына дейiн 1997 жылға қаржыландыру көздерiн және кейiнгi жылдардағы "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамы жауапкершiлiкте болатын, өмiрiне немесе денсаулығына зиян келгенi үшiн адамдарға өтем төлеу жөнiндегi шығыстарды айқындау жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
      6. Талдықорған облысының әкiмi бiр ай мерзiм iшiнде "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамының балансынан "Алатау" шағын ауданының және Көксу поселкесiнiң аумағына орналасқан шағын станцияларды Талдықорған облыстық электр жүйелерi кәсiпорнының (ТОЭЖК) балансына өткiзудi қамтамасыз етсiн.
      7. "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамын

қаржылай сауықтыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 қаңтардағы N 19 қаулысының 2-тармағының,
3-тармағының бiрiншi абзацының, 4, 5, 6-тармақтарының күшi жойылған
деп танылсын.
     8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiне жүктелсiн.
Орындалу барысы туралы Үкiметке үстiмiздегi жылдың 15 қазанында
мәлiмдесiн.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады