Банкроттық туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 7 сәуiрдегі N 2173 Заң күшi бар жарлығы. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасының 1997.01.21. N 68-I Заңымен.

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес және шаруашылық жүргiзушi субъектiнi банкрот деп жариялау мен оны тартудың негiздерiн, тәртiбiн және процедурасын, сондай-ақ қарызын өтей алмайтын борышқорды сауықтыруға бағытталған арнайы процедураларды тағайындау мен өткiзу тәртiбiн анықтау мақсатында осы Жарлықты шығарамын:


      1-тарау. Жалпы ережелер


      1-бап. Ұғымдардың анықтамасы


      Банкроттық - борышқордың-жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның өз кредиторларының талаптарын қанағаттандыруға және борышқордың пассивтерi оның активтерiнен асып кетуi салдарынан салықтық және басқа мiндеттi төлемдердi төлеуге тұрақты қабiлетсiздiгi.

      Активтер - шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң барлық негiзгi және айналым құрал-жабдығы құрамына кiретiн мүлкi.

      Пассивтер - шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң кредиторлық берешегiн қоса алғанда заемдық және тартылған қаражаттан тұратын мiндеттемелерi.

      Банкрот - қарызын өтей алмайтындығы сот шешiмiмен расталған борышқор.

      Қарызын өтей алмайтын борышқор - өз кредиторларының талаптарын қанағаттандыра алмайтын, банкрот деп тану туралы сот шешiмi қабылданбаған борышқор.

      Кредитор - борышқорға мүлiктiк талабы бар арнаулы мекемелердi қоса алғанда жеке немесе заңды тұлға.

      Арнаулы мемлекеттiк мекемелер-акцияларының бақылау пакетi мемлекетте болатын мемлекеттiк кәсiпорындар мен акционерлiк қоғамдар хақында қайта ұйымдастыру процедураларын жүзеге асыру үшiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес меншiк иесi құрған заңды тұлғалар.

      Сенiм бiлдiрiлген басқарушы-сот шешiмiмен немесе борышқор (оның мүлкiнiң меншiк иесi) мен кредитордың (кредиторлардың) арасындағы шарт бойынша борышқордың мүлкiн сырттай басқару функциясы берiлетiн адам.

      Қайта ұйымдастыру процедуралары-борышқордың тартылуына жол бермеу және сырттай басқаруды белгiлеу және (немесе) санация жүргiзу жолымен қызметiн жалғастыру мақсатында оның төлем қабiлетiн қалпына келтiруге бағытталған арнайы процедуралар.

      Борышқор мүлкiн сырттай басқару-қарызын өтей алмайтын борышқордың мүлкiн басқару функциясын сенiм бiлдiрiлген басқарушыға беру арқылы оның қызметiн жалғастыруға бағытталған қайта ұйымдастыру процедурасы.

      Санация - қарызын өтей алмайтын борышқорға қаржылық және материалдық-техникалық көмек көрсету жөнiндегi қайта құру процедурасы.

      Соттан тыс процедура - қарызын өтей алмайтын борышқор (оның мүлкiнiң меншiк иесi) мен кредитордың (кредиторлардың) арасында санация жүргiзу және (немесе) борышқордың мүлкiн сырттай басқаруды белгiлеу туралы уағдаластыққа қол жеткiзiлетiн процедура.

      Таратуды жүргiзу - банкротты таратуды және конкурс өткiзудi жүзеге асыру жөнiнде сот қозғайтын және тоқтататын процедура.

      Тарату-қарызын өтей алмайтын борышқордың қызметiн тоқтату жөнiнде сот шешiмi бойынша жүзеге асырылатын процедура.

      Конкурстық масса - конкурсты өткiзу барысында өндiрiп алынуы мүмкiн борышқордың мүлкi.

      Конкурс өткiзу - тартылатын кәсiпорынның конкурстық массасын кредиторлар арасында бөлiсуге бағытталған процедура.

      Қасақана банкроттық - меншiк иесiнiң немесе шаруашылық жүргiзушi субъектi басшысының шаруашылық жүргiзушi субъектiнi қасақана қарызын өтей алмайтын етуi, олардың өз мүддесi немесе басқа адамдардың мүддесi үшiн шаруашылық жүргiзушi субъектiге залал келтiруi.

      Жалған банкроттық - кредиторлардың өздерiне тиесiлi төлемдердi кейiнге қалдыруы және (немесе) бөлiп-бөлiп төлетуi немесе борыштарды шегеруi үшiн оларды адастыру мақсатымен шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң қарызды өтей алмайтыны туралы әдейi жалған хабарлауы.


      2-тарау. Соттан тыс процедуралар


      2-бап. Соттан тыс процедуралар


      Соттан тыс процедура - борышқордың мүлкiн сырттай басқаруды белгiлеу және (немесе) борышқор (оның мүлкiнiң меншiк иесi) мен кредитордың (кредиторлардың) арасындағы келiсiм бойынша борышқорға санация жүргiзу.


      Қайта ұйымдастыру процедураларын өткiзу тәртiбi мен талаптары

      шартпен рәсiмделедi.

      Соттан тыс ұйымдастыру процедуралары осы Жарлықтың 4-тарауында

      көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

      3-бап. Шарттың талаптарын орындамаудың зардаптары

      1. Қайта ұйымдастыру процедураларын өткiзу туралы шарттың

      талаптары орындалмаған жағдайда субъект (субъектiлер) бұл шартты

      бiржақты тәртiппен бұзуға құқылы.

      2. Кредитор (кредиторлар), борышқор мүлкiнiң меншiк иесi,

      сондай-ақ борышқордың өзi қайта ұйымдастыру процедураларын өткiзудiң

      тиiмдi емес екенiн мойындаған және шарттың талаптары бұзылған

      жағдайда олар сотқа банкроттық туралы iс қозғау жөнiнде өтiнiш жасай

      алады.

      3-тарау. Банкроттық туралы сот iсiн жүргiзу

      4-бап. Банкроттық туралы iс қозғаудың негiздерi

      1. Шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң банкроттығы туралы iс қозғауға борышқордың, борышқор мүлкiнiң меншiк иесiнiң, кредитордың (кредиторлардың), прокурордың сотқа берген арызы негiз болып табылады.

      2. Қайта ұйымдастыру процедураларын жүзеге асыру дерегi болған ретте банкроттық жайында iс қозғалған жағдайда сот осы iс бойынша iс жүргiзудi кiдiрте тұру туралы ұйғарым жасай алады.


      5-бап. Арыз беру


      1. Қарызын өтей алмайтын борышқордың, борышқор мүлкiнiң меншiк иесiнiң, кредитордың арызы үш ай мерзiм iшiндегi тұрақты төлем қабiлетсiздiгi, борышқор өз мiндеттемелерiн орындауға мүмкiндiк жоқ деп санайтын себептер, басқа да қажеттi мәлiметтер көрсетiлiп, құқылы адамның қолы қойылып жазбаша түрде берiледi.

      2. Кредитордың арызына оның талабын орындау мерзiмi басталған күннен бастап үш ай iшiнде қанағаттандырылмағанын растайтын құжаттар қоса берiлуге тиiс.

      3. Қасақана немесе жалған банкроттық белгiлерi анықталған жағдайда және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда прокурор шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң банкроттығы туралы iс қозғау жөнiнде арыз бередi.


      6-бап. Шаруашылық жүргiзушi субъектiнi банкрот

      деп тану туралы талаптан бас тарту


      Борышқор, борышқор мүлкiнiң меншiк иесi, кредитор және прокурор iс бойынша сот шешiм шығарғанға дейiн шаруашылық жүргiзушi субъектiнi банкрот деп тану туралы талаптан бас тарта алады.

      Соттың талаптан бас тартуды қабылдауы iс бойынша iс жүргiзудi тоқтатады.


      7-бап. Банкроттық туралы iс қозғау


      1. Сот осы Жарлықтың 5-бабында көрсетiлген органдар мен адамдардан арызды алған сәттен бастап iстi дайындау тәртiбi бойынша шаруашылық жүргiзушi субъектiден:

      кредиторлар мен борышқорлардың дебиторлық және кредиторлық берешектерi ашып көрсетiлген толық тiзiмiн;

      шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң банкроттығы туралы iс қозғалар алдындағы күнгi бухгалтерлiк балансты;

      шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң-борышқордың қаржылық және мүлiктiк жағдайы туралы басқа да қажеттi ақпаратты талап етедi.

      2. Алынған ақпарат шаруашылық жүргiзушi субъектiнi банкрот деп тану туралы шешiм қабылданғанға дейiн жарияланбауға тиiс.

      3. Борышқор осы баптың 1-тармағында көрсетiлген құжаттарды табыс етпеген жағдайда, сот бухгалтерлiк балансты немесе оны алмастыратын бухгалтерлiк құжаттарды жасау мен берудi борышқордың есебiнен тәуелсiз аудиторға тапсырады. Аталған құжаттарды табыс ету туралы сот шешiмi орындалмағаны үшiн борышқордың басшысы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауап бередi.

      4. Борышқордың, кредитордың (кредиторлардың) немесе прокурордың арызы негiзiнде сот шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң банкроттығы туралы iс қозғап, ол жөнiнде ұйғарым шығарады. Бұл ұйғарым борышқорға, борышқор мүлкiнiң меншiк иесiне, кредиторға (кредиторларға), прокурорға және ұжымдық шартқа қол қойған органның атынан борышқордың еңбек ұжымына жiберiледi.


      8-бап. Банкроттық туралы iс бойынша

      соттың шешiмi


      1. Сот iстi сотта талдап қарауға әзiрлеу аяқталғаннан кейiн бiр ай мерзiм iшiнде мына шешiмдердiң бiреуiн қабылдайды:

      а) шаруашылық жүргiзушi субъектiнi төлеу қабiлетi бар деп тану туралы шешiм. Сотта iстi талдап қарау барысында борышқордың төлем қабiлеттiгi анықталып, кредиторлардың талаптары қанағаттандырылуы мүмкiн болса, сондай-ақ борышқор мен оның кредиторы арасында (соңғы жағдайда сот ұйғарым шығарады) ымыралық келiсiм жасалған жағдайда шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң төлем қабiлетi бар деп танылады;

      б) шаруашылық жүргiзушi субъектiнi банкрот деп тану туралы шешiм. Бұл шешiм сонымен қатар заңды тұлғаны тарату туралы шешiм де болып табылады. Мұндай шешiм сонымен қатар заңды тұлғаны тарату туралы шешiм де болып табылады. Мұндай шешiм шығарылған сәттен бастап азаматтың жеке кәсiпкер ретiндегi тiркелуi күшiн жояды.

      2. Қайта ұйымдастыру процедураларын жүргiзу үшiн өтiнiштер мен


      негiздер болған жағдайда сот банкроттық туралы iс жүргiзудi кiдiрте

      тұру және сырттай басқару мен (немесе) санация белгiлеу туралы ұйғарым

      шығарады.

      9-бап. Банкроттық туралы жариялау

      Шаруашылық жүргiзушi субъектiнi банкрот деп тану және таратуды

      жүргiзу жайында iс қозғау туралы шешiмдi сот республикалық баспасөзде

      жариялайды. Жариялау ақысы борышқордың есебiнен төленедi.

      Жариялау мыналар:

      банкроттық туралы iс жүргiзетiн соттың атауы;

      банкроттың атауы мен орналасқан жерi;

      таратуды жүргiзу жайында iс қозғауға негiз болған арыздың

      берiлген датасы;

      жарияланған күннен бастап екi ай мерзiм iшiнде өздерiнiң

      борышқорға қоятын талаптарын ұсыну қажеттiгi туралы кредиторларға

      жасалған өтiнiш;

      өзге де елеулi жағдайлар көрсетiлуге тиiс.

      4-тарау. Қайта ұйымдастыру процедурасын жүргiзу

      10-бап. Қайта ұйымдастыру процедураларының

      түрлерi, негiздерi және қолданылуы

      1. Қайта ұйымдастыру процедураларының түрлерi:

      а) борышқордың мүлкiн сырттай басқару;

      б) санация болып табылады.

      2. Ұйымдастырушылық және экономикалық шараларды жүзеге асыру жолымен борышқордың қызметiн жалғастыру мақсатында қарызын өтей алмайтын борышқордың төлем қабiлетiн қалпына келтiруге шынайы мүмкiндiк болуы борышқордың мүлкiн сырттай басқаруды белгiлеу үшiн негiз болып табылады.

      3. Меншiк иесiнiң және (немесе) өзге де тұлғаның борышқорға қаржылық және материалдық-техникалық көмек көрсетуi жолымен оның қызметiн жалғастыру үшiн борышқордың төлем қабiлетiн қалпына келтiрудiң шынайы мүмкiндiгiнiң болуы санация жүргiзу үшiн негiз болып табылады.

      4. Процедураларының осынау түрлерi бiр мезгiлде немесе жеке-жеке сот тәртiбiмен де, соттан тыс тәртiппен де қолданылу мүмкiн.

      5. Акцияларының бақылау пакетi мемлекетте болатын мемлекеттiк кәсiпорындар мен акционерлiк қоғамдарға қатысты сот арнайы мемлекеттiк мекемелерге қайта ұйымдастыру процедураларын жүзеге асыруды басым тәртiппен ұсынады.


      11-бап. Борышқордың мүлкiн сырттай

      басқаруды белгiлеу


      1. Борышқордың мүлкiн сырттай басқару соттан тыс процедура кезiнде борышқор (оның мүлкiнiң меншiк иесi мен кредитор (кредиторлар) арасындағы келiсiммен жүзеге асырылады.

      2. Борышқордың мүлкiн сырттай басқаруды белгiлеу туралы өтiнiштi борышқор мүлкiнiң меншiк иесi, кредиторлар өздерiне тиiстi шешiм қабылдағанға дейiн сотқа бередi. Өтiнiште аталған процедураны өткiзудiң қажеттiлiгi мен тиiмдiлiгiнiң негiздемелерi, сенiм бiлдiрiлген басқарушының кандидатурасы жөнiндегi ұсыныс болуы тиiс. Өтiнiшке борышқор мүлкiн сырттай басқаруға кандидаттың жазбаша келiсiмi қоса тiркеледi.

      Борышқордың мүлкiн сырттай басқаруды белгiлеу туралы шешiмдi борыштың 50 проценттен астамы (талап сомасы бойынша) үлесiне тиетiн кредиторлардың келiсуiмен немесе арнайы мемлекеттiк мекеменiң өтiнiшi болғанда, 50 проценттен астам борышы (талап сомасы бойынша) бар кредиторлардың тарапынан аталған өтiнiшке қарсылық бiлдiрiлмеген жағдайда сот қабылдайды.

      3. Борышқордың мүлкiн сырттай басқаруды белгiлеу кезеңiнде кредиторлардың борышқорға талабын қанағаттандыру кiдiртiледi.

      4. Борышқордың мүлкiн сырттай басқаруды белгiлеу кезiнде сот тарапынан немесе соттан тыс тәртiппен тараптардың келiсiмi бойынша сенiм бiлдiрiлген басқарушы тағайындалады. Борышқор, меншiк иесi мен кредиторлар сенiм бiлдiрiлген басқарушылыққа өздерiнiң кандидатураларын ұсынуға құқылы. Бiрнеше кандидатура болған жағдайда сенiм бiлдiрiлген басқарушы конкурстық негiзде тағайындалады.

      5. Борышқордың мүлкiн сырттай басқару белгiленген кезеңде, шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң басшысы борышқорды басқару жөнiндегi мiндеттердi орындаудан шеттетiледi.

      6. Мүлiктi сырттай басқаруды жүзеге асырудың ұзақтығы 18 айдан аспауы тиiс. Борышқордың мүлкiн сырттай басқару мерзiмi сот тарапынан немесе соттан тыс процедура кезiнде тараптардың келiсiмi бойынша ұзартылуы мүмкiн, бiрақ бұл 6айдан аспауы керек.


      12-бап. сенiм бiлдiрiлген басқарушы


      1. Сенiм бiлдiрiлген басқарушының кандидатурасына қойылатын талаптар:

      Сенiм бiлдiрiлген басқарушылыққа кандидаттың шаруашылық жұмыс тәжiрибесi болуға әрi ол сотты болмауға тиiс. Сенiм бiлдiрiлген басқарушы бiр мезетте борышқор немесе кредитор әкiмшiлiгiнiң лауазымды адамы бола алмайды.

      2. Сенiм бiлдiрiлген басқарушы:

      қарызын өтей алмаған борышқорды басқарады, оның тиiстi құқығы


      болады және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында

      белгiленген тәртiппен мiндетiн атқарады;

      қолданылып жүрген заңдарда белгiленген шекте борышқордың мүлкiне

      иелiк етiп, басқарады.

      борышқордың мүлкiн сырттай басқаруды жүзеге асыру жоспарын

      жасайды және оның орындалуын ұйымдастырады;

      еңбек туралы заңдарға сәйкес қызметкерлердi жұмысқа қабылдап,

      жұмыстан шығарады;

      қызметкерлердiң саны мен штатын белгiлейдi;

      сотта борышқордың мүддесiн қорғайды;

      басқа да функцияларды орындайды.

      3. Сенiм бiлдiрiлген басқарушыға сыйақы төлеудiң мөлшерi мен шартын сот немесе кредитор белгiлейдi. Сенiм бiлдiрiлген басқарушыға сыйақы борышқордың қаражаты есебiнен төленедi.

      4. Сенiм бiлдiрiлген басқарушы кредиторлар алдындағы борышқордың мiндеттемесiнiң орындалу шартын өзгерту туралы сотқа арыз бере алады. Сот борышы 50 проценттен астам (талап сомасы бойынша) кредиторлардың келiсуi барысында сенiм бiлдiрiлген басқарушының талабын қанағаттандыру туралы ұйғарым шығарады.

      Аталған кредитордың талабына қатысты (сырттай басқару мерзiмi iшiнде пайда болған кредиторлардың талаптарынан басқасы) әдiлетсiздiк пен айнушылық орын алған жағдайда немесе сенiм бiлдiрiлген басқарушы осы баптың 2-тармағында көзделген мiндеттердi орындамаған жағдайда кез келген кредитор сотқа сырттай басқаруды тоқтату немесе өзгерту туралы арыз бере алады.

      Борышқор мүлкiнiң иесi сенiм бiлдiрілген басқарушы осы баптың 2-тармағында көзделген мiндеттердi орындамаған жағдайда сырттай басқаруды тоқтату немесе өзгерту туралы сотқа арыз бере алады.

      5. Сот процедурасы кезiнде сенiм бiлдiрiлген басқару борышқордың мүлкiн сырттай басқарудың аяқталғаны жайында сотқа мынадай жағдайларда:

      егер борышқордың мүлкiн сырттай басқару мақсатына қол жеткiзiлсе, яғни қарызын өтей алмайтын борышқордың төлем қабiлетi қалпына келтiрiлсе;

      Борышқордың мүлкiн сырттай басқарудың аяқталғаны жайында сотқа мынадай жағдайларда:

      егер борышқордың мүлкiн сырттай басқару мақсатына қол жеткiзiлсе, яғни қарызын өтей алмайтын борышқордың төлем қабiлетi қалпына келтiрiлсе;

      егер бұл мақсатқа жетудiң мүмкiн еместiгiне көзi жетсе арыз бередi.

      Сот:

      борышқордың мүлкiн сырттай басқарудың аяқталғаны және банкроттық туралы iс жүргiзудi тоқтату жөнiнде ұйғарым шығаруы;

      борышқордың мүлкiн сырттай басқарудың тоқтатылғаны, борышқорды банкрот деп тану туралы және конкурстық iс жүргiзу туралы шешiм қабылдауы мүмкiн.


      13-бап. Санация жүргiзу


      1. Санация жүргiзу соттан тыс процедура кезiнде кредитор (кредиторлар) мен борышқор (борышқор мүлкiнiң меншiк иесi) арасындағы тараптардың келiсiмiмен немесе тараптардың бiрi банкроттық туралы iс бойынша сот шешiм қабылдағанға дейiн өтiнiш жасаған жағдайда сот шешiмi бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн.

      2. Санация жүргiзуге қатысуға тiлек бiлдiрген адамдар өтiнiш бойынша осы процедураны өткiзу туралы сот ұйғарым шығарғанға дейiн анықталған жағдайларда сотқа олардың тiзiмi, борышқормен мүлiктiк қатынастарының сипаты туралы мәлiметтердi қоса, олардың өздерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ олардың санация жүргiзуге қатысуға жазбаша келiсiмi табыс етiледi.

      Санация жүргiзуде борышқор мүлкiнiң меншiк иесi мен кредиторлардың басым құқығы бар.

      3. Санация туралы өтiнiш қанағаттандырылған жағдайда сот борышқор мүлкiнiң меншiк иесi мен кредиторлардың келiсуiмен санацияға қатысуға тiлек бiлдiрушiлердiң конкурсын жариялайды. Сот санация жүргiзу туралы ұйғарым шығарған сәтке дейiн борышқор мүлкiнiң меншiк иесi мен кредиторлар санация жүргiзудегi өздерiнiң басым құқықтарын пайдаланбаған жағдайда, мiндеттi түрде конкурс жарияланады. Конкурс өткiзу туралы хабарландыруды борышқор республикалық баспасөзде жариялайды.

      Конкурсқа заңды және жеке тұлғалар, соның iшiнде шетелдiктер де жiберiледi.

      4. Немесе ұсынылған санация шартымен борышқор келiспесе, онда банкроттық туралы iс осы Жарлықта және басқа да заң актiлерiнде көзделген тәртiп бойынша қаралуға тиiс.

      5. Конкурсқа қатысу үшiн өтiнiш беру мерзiмi өткен соң он күннен кешiктiрмей, ал конкурс жарияланбаған жағдайда санация тағайындау туралы ұйғарым шығарылғаннан кейiн он күннен кешiктiрмей, сот санацияға қатысуға тiлек бiлдiрген адамдардың кандидатурасын қарап, оған қатысуға жiберiлген адамдарды белгiлейдi және бұл жөнiнде ұйғарым шығарады.

      6. Ұйғарым шығарылғаннан кейiн жетi күн iшiнде санацияға қатысушылар жиналыс өткiзуге мiндеттi, мұнда олар санация өткiзу келiсiмi мен бағдарламасын талдап жасайды. Келiсiмде кредиторлардың iшкi кезегiнiң әдiл әрi тең негiзiнде кредиторлар талаптарының қанағаттандырылуын қамтамасыз ету мiндеттемесi, санацияның болжалған ұзақтық мерзiмi, санацияға қатысушылармен келiсiлген олардың арасында кредиторлар алдындағы жауапкершiлiктi бөлу, санацияға қатысушылардың бiрiнiң немесе бiрнешеуiнiң санация басталған соң оған қатысудан бас тартқан жағдайдағы жауапкершiлiгi, санация жүргiзу барысында экологиялық және техникалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, сондай-ақ санацияға қатысушылар көзделуi мiндеттi деп санайтын өзге шарттар, соның iшiнде борышқордың мүлкiн сырттай басқаруды белгiлеу мүмкiндiгi көрсетiлуге тиiс.

      Санация бағдарламасы кәсiпорынды қаржылай сауықтыру процедураларын, берешектердi өтеу тәсiлдерiн, өндiрiс құрылымын өзгерту мүмкiндiгi мен оның қайта мамандануын жүргiзудi қоса оның төлем қабiлетiн қалпына келтiрудi, сондай-ақ меншiк иесiнiң келiсiмiмен меншiк нысанын өзгертудi көздейдi.

      Санация басталуынан 12 ай өткен соң кредиторлардың талаптарының жалпы сомасынан кемiнде 40 процентi қанағаттандырылуға тиiс.

      Кредиторлардың талаптарын қанағаттандырылуға тиiс.

      Санацияға қатысушылар кредиторлар алдында қабылдаған мiндеттемелерiн толық көлемде орындауға мiндеттi және егер келiсiмде басқадай көзделмеген болса, олардың орындалуы үшiн бiрлесiп жауап бередi.

      7. Ұсынылған келiсiм негiзiнде сот келiсiмде көзделген тәртiппен және шарттарға сәйкес санация жүргiзудi бастау туралы ұйғарым шығарады және оның жүргiзiлуiне бақылауды жүзеге асырады. Санация жүргiзу туралы ұйғарымды сот борыштың (талаптардың сомасы бойынша) 50 проценттен астамы үлесiне тиетiн кредиторлар тарапынан қарсылық болмаған жағдайда қабылдайды.

      8. Санацияның ұзақтығы 18 айдан аспауға тиiс. Санацияға қатысушылардың өтiнiшi бойынша сот оны жүргiзу мерзiмiн ұзартуға құқылы, бiрақ ол 6 айдан аспауы керек.

      9. Санация жүргiзу барысында борышқор мүлкiнiң меншiк иесi, кредиторлардың кез-келгенi немесе олардың атынан ұжымдық шартқа қол қоюға өкiлеттiк берiлген орган ретiнде қарызын өтей алмайтын борышқордың еңбек ұжымының мүшелерi санацияның нәтижесiз жүргiзiлгенi туралы немесе санацияға қатысушылардың қарызын өтей алмайтын борышқордың, кредиторлардың немесе борышқор мүлкiнiң меншiк иесiнiң мүдделерiне нұқсан келтiруге әкеп соғатын iс-қимылы туралы сотқа арыз бередi. Сот мұндай арыздарды қарап, санацияны тоқтатуға дейiн тиiстi шешiм қабылдайды.

      10. Санация мынадай жағдайларда:

      санация мақсатына жетсе;

      оны жүргiзудiң белгiленген мерзiмi аяқталса;

      келiсiмiнiң талаптары орындалмаса;

      санацияға қатысушылардың немесе сенiм бiлдiрiлген басқарушының арызы негiзiнде санацияның нәтижесiздiгi анықталса тоқтатылуы мүмкiн.

      11. Санацияның мақсатына жетуi соттың банкроттық туралы iстi тоқтату туралы ұйғарым шығаруына негiз бередi.


      14-бап. Санацияның қорытындысын шығару


      1. Санациялау мерзiмi өткен соң он күн iшiнде санацияға қатысушылар немесе сенiм бiлдiрiлген басқарушы сот iс жүргiзген жағдайда сотқа немесе соттан тыс процедура кезiнде меншiк иесi мен кредиторлар жиналысына санация жүргiзiлген борышқордың қаржы-шаруашылық жағдайы туралы есептi табыс етедi.

      2. Кәсiпорынды санациялауды жүзеге асыратын санацияға


      қатысушылар кәсiпорын мүлкi үлесiнiң меншiк иесi болады, оның мөлшерi

      санация барысында өз борышқорға инвестициялаған қаражаттың, сондай-ақ

      борышқордың мойнындағы борыш мiндеттемелерiн шығарып тастағандағы,

      шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң банкроттық күйiн тоқтату туралы

      шешiм қабылданған сәттегi пайдасының сомасымен айқындалады.

      5-тарау. Таратуды жүргiзу

      15-бап. Таратуды жүргiзудiң мақсаты

      Таратуды жүргiзу кредиторлардың талаптарын шамалас

      қанағаттандыру, банкротты борышынан бос деп жариялау және шаруашылық

      жүргiзушi субъект-банкротты тарату мақсатында жүзеге асырылады.

      16-бап. Сот пен тарату комиссиясының таратуды

      жүргiзудегi өкiлеттiктерi

      1. Сот:

      тарату жүргiзiлуiн қозғайды және тоқтатады;

      шаруашылық жүргiзушi субъектiнi тiркеудi жүзеге асыратын әдiлет органына шаруашылық жүргiзушi субъектiнi тарату туралы шешiм шығарылғаны туралы дереу хабарлайды, ол шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң таратылу процесiнде екенi туралы мәлiметтi заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiркеуiне енгiзедi;


      тарату комиссиясын тағайындайды;

      2. Тарату комиссиясы:

      сот шешiмiн олардың атынан ұжымдық шартқа қол қоюға өкiлеттi

      орган арқылы еңбек ұжымына жеткiзедi;

      сот шешiмiн жергiлiктi еңбекпен қамту қызметi органына жеткiзедi;

      таратудың тәртiбi мен жүргiзiлу мерзiмiн белгiлейдi;

      конкурстық жүргiзудi жүзеге асырады: борышқордың және оның

      мүлкiнiң конкурстық сатылуы туралы жариялайды, сондай-ақ конкурстық

      сатылу шарттарын хабарлайды; банкроттың мүлкiн сату жөнiнде конкурс

      өткiзедi;

      борышқордың қатысуымен азаматтық iс жүргiзiлiп отырған сотқа

      хабарлайды;

      сотқа банкротты таратудың аяқталғандығы туралы есеп бередi.

      17-бап. Тарату жүргiзудi қозғаудың банкрот

      үшiн зардаптары

      1. Тарату жүргiзу қозғалған сәттен бастап банкротқа мүлкiн


      иелiгiнен шығаруға, басқаға беруге және мiндеттемелерiн өтеуге тыйым

      салынады.

      2. Банкроттың барлық борыш мiндеттемелерiнiң мерзiмi аяқталған

      деп есептеледi.

      3. Банкроттың берешегiнiң барлық түрлерi бойынша өсiм мен

      процент есептеу тоқтатылады.

      4. Егер олар бойынша қабылданған шешiм заңды күшiне енбесе,

      банкроттың қатысуымен сотта қаралған мүлiктiк сипаттағы даулар

      тоқтатылады.

      5. Банкроттың мүлкiнен өндiрiп алу жөнiндегi барлық заңдық

      шектеулер алынады.

      6. Осы сәттен бастап мүлiктiк немесе қаржылық сипаттағы барлық

      талаптар банкротқа тарату iсiн жүргiзу шеңберiнде ғана ұсынылуы

      мүмкiн.

      18-бап. Банкроттың тарату iсiн жүргiзудегi құқығы

      Тарату жүргiзу қозғалған кезде банкрот:

      мүлкi мен оны басқару құқығына айрылады;

      тарату комиссиясының жолсыз iс-қимылына сотқа шағым жасауға

      құқылы.

      19-бап. Мүлiктi және борышты бағалау

      1. Банкроттың барлық активтерi оның баланстарында көрсетiлгенiне немесе көрсетiлмегенiне қарамастан, конкурстық массаны қалыптастыру негiзiн құрайды.

      Баланста көрсетiлмеген активтер тарату комиссиясының жеке түгендеу актiсiмен ресiмделуге және балансқа алынуға тиiс.

      2. Тарату комиссиясы тартылған сарапшылардың көмегiмен банкроттың мүлкi (автивтерi) мен оның борышын түгендеудi және бағалауды жүзеге асырады.

      3. Банкроттың конкурстық массаны құрайтын мүлкiн (активтерiн)


      бағалау Қазақстан Республикасының заңдары белгiлеген тәртiппен

      жүргiзiледi.

      4. Банкроттың меншiгi болып табылмайтын мүлiк конкурстық массаға

      қосылмайды, бұл:

      толық жауапкершiлiктi серiктестiк мүшелерiнiң мүлкiнен басқа

      кәсiпорын қызметкерлерiнiң жеке мүлкi;

      банкроттың жалға алу құқығымен пайдаланатын мүлкi;

      банкроттың жауапты сақтауындағы тауарлар;

      қолданылып жүрген заңдарға сәйкес банкроттың меншiгi болып

      табылмайтын басқа да мүлiктер.

      5. Азаматтардың өндiрiп алуға жатпайтын жеке мүлкiнiң тiзбесi

      қолданылып жүрген заңдармен белгiленедi.

      20-бап. Банкроттың мүлкiн сату жөнiндегi конкурс

      1. Банкроттың мүлкiн сату конкурстық негiзде жүзеге асырылады.

      2. Банкроттың мүлкiн сату жөнiндегi конкурс кредитор қойған талаптардың жарияланған мерзiмi өткеннен кейiн, бiрақ оның iс жүзiнде таратылғаны туралы шешiм қабылданған сәттен бастап үш айдан кешiктiрiлмей тағайындалады.

      Егер банкроттың мүлкi толық сатылып алынбаса, онда бұл мүлiктi бөлiп сату жүзеге асырылады.

      3. Конкурсты тарату комиссиясы ұйымдастырады.

      4. Конкурсқа қатысуға заңды және жеке тұлғалар жiберiледi. Шетелдiк заңды және жеке тұлғалардың қатысуы Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен белгiленедi.

      5. Конкурсты өткiзудiң тәртiбi мен сатылатын мүлiктiң бастапқы бағасын белгiлеу Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен айқындалады.


      21-бап. Конкурстық массаны бөлудiң тәртiбi мен кезегi


      1. Таратуды жүргiзуге және тарату комиссиясының функциясын орындалуына байланысты шығыстар кезектен тыс өтеледi.

      2. Бiрiншi кезекте таратылатын шаруашылық жүргiзушi субъектi тиiстi мерзiмдi төлемдердi капиталдандыру жолымен алдында өзi өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жауап беретiн талаптар қанағаттандырылады.

      3. Екiншi кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген адамдардың еңбек ақысын төлеу және авторлық шарт бойынша сыйақы төлеу жөнiндегi есеп айырысулар жүргiзiледi.

      4. Үшiншi кезекте таратылатын шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң мүлкiн кепiлге салумен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер бойынша кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады.

      5. Төртiншi кезекте бюджетке және бюджеттен тыс қорларға мiндеттi төлемдер бойынша берешек өтеледi.

      6. Бесiншi кезекте заң актiлерiне сәйкес басқа да кредиторлармен есеп айырысулар жүргiзiледi.

      7. Әрбiр кезектi талап оның алдындағы кезектi талаптар өтелгеннен кейiн қанағаттандырылады.

      8. Таратылатын шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда, егер заңда басқадай белгiленбеген болса, ол кредиторлардың арасында кезегiне қарай қанағаттандырылуға тиiс талаптардың сомасына тепе-тең бөлiнедi.

      9. Тарату комиссиясы кредитордың талаптарын қанағаттандырудан бас тартқан немесе оларды қараудан жалтарған жағдайда, кредитор шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң тарату балансы бекiтiлгенге дейiн тарату комиссиясының үстiнен сотқа қуыным жасауға құқылы. Сот шешiмi бойынша кредитордың талабы таратылған шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң қалған мүлкiнiң есебiнен қанағаттандырылуы мүмкiн.

      10. Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң мүлкi, егер заңдарда немесе шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң құрылтай құжаттарында басқадай көзделмесе, осы мүлiкке заттық құқығы бар немесе шаруашылық жүргiзушi субъектiге қатысты мiндеттемелiк құқығы бар оның меншiк иесiне немесе құрылтайшыларға (қатысушыларға) берiледi.

      11. Кредиторлардың таратылатын шаруашылық жүргiзушi субъектi мүлкiнiң жетiспеуiнен қанағаттандырылмаған, сондай-ақ тарату балансы бекiтiлгенге дейiн мәлiмделмеген талаптары өтелген болып саналады.

      Сондай-ақ кредиторлардың тарату комиссиясы құптамаған талаптары, егер кредиторлар қуыным жасап сотқа арызданбаған болса, сондай-ақ соттың шешiмiмен оны қанағаттандырудан бас тартылған талаптар өтелген болып саналады.


      22-бап. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру


      1. Банкроттың мүлкiн сатудан түскен ақша қаражаты осы Жарлықтың 21-бабында белгiленген тәртiп пен кезекке сәйкес, кредиторлардың арасында бөлiнедi.

      2. Тарату комиссиясы құптамаған талаптар, егер кредиторлар оның құпталмауын сот арқылы шешудi көздемесе, сондай-ақ кредиторлар талаптарының толық немесе iшiнара құпталмағаны туралы хабар алғаннан кейiн бiр ай мерзiм iшiнде өз талаптарын қанағаттандыру жөнiнде сотқа қуыным жасамаса, талаптары өтелген болып саналады.


      23-бап. Банкротты қарыздарынан босату


      1. Мүлкi сатылғаннан кейiн банкрот қарыздарынан босатылған болып саналады.

      2. Егер тарату жүргiзу басталғанға дейiнгi бiр жыл iшiнде өз мүлкiнiң бiр бөлiгiн жасырып қалса немесе жасырып қалу мақсатымен басқа адамға берсе, банкрот қарыздарынан босатылмайды.


      24-бап. Тарату комиссиясының есеп беруi


      1. Банкрот қарыздарынан босатылғаннан кейiн және кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн тарату комиссиясы тарату балансы мен талаптар қанағаттандырылғаннан кейiн қалған қаражаттың пайдаланылуы туралы есебiн қосып, өзiнiң қызметi туралы сотқа қорытынды баяндамасын табыс етедi.

      2. Сот тарату комиссиясының есебiн қабылдап алады және тарату


      жүргiзудi тоқтатады, бұл туралы шаруашылық жүргiзушi субъектiнi

      мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын әдiлет органына хабарлайды.

      25-бап. Банкрот деп танылған шаруашылық жүргiзушi

      субъектiнiң қызметiн тоқтату

      Мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiмен шығарылған сәттен бастап

      шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң қызметi тоқтатылған болып саналады.

      26-бап. Осы Жарлықтың күшiне ену тәртiбi

      Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.

      Қазақтан Республикасының

      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады