Көлiк құралдарын лизингтiк негiзде берудi ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 1 қазан N 1200

      Қалалық жолаушылар көлiгiн жаңалау және Шымкент автобус құрастыру заводында өз автобустарын шығаруды қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Отандық өндiрiстегi автобустар мен троллейбустарды лизингтiк негiзде берудi басым бағытта ұйымдастыруды айқындасын және лизинг берушiнiң функциясы "Желдiрме" компаниясы" акционерлiк қоғамына (келiсiмi бойынша) жүктелсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1997 жылға арналған республикалық бюджет жобасында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiне қайтарымды негiзде жыл сайын 20 проценттен қайтарылатын етiп 5 жылға 200 млн. теңге кредит ресурстарын бөлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi:
      "Желдiрме" компаниясы" акционерлiк қоғамымен бiрлесiп Жамбыл және Шымкент қалаларының автобус кәсiпорындарымен лизинг бойынша автобустар мен троллейбустарды олардың құнының 20 процентiн алдын-ала төлеу арқылы және қалған бөлiгiн жыл сайынғы 20 проценттен кепiлдi

түрде қайтаруға шарт жасассын;
     200 млн. теңге сомасындағы кредиттi республикалық бюджетке жыл
сайын 20 проценттен уақтылы қайтаруды қамтамасыз етсiн;
     "Желдiрме" компаниясы" акционерлiк қоғамына 1996 жылы лизинг
ұйымдастыруға өзiнiң қаржы көзiнен кредит беру мүмкiндiгiн
қарастырсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады