Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 18 сәуiрдегi N 472 қаулысына өзгерту енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 2 қазан N 1212. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.02.01. N 143 қаулысымен. ~P000143

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Ауыл шаруашылығы министрлiгiнде Мал дәрiгерлiгi комитетiн құру туралы" 1996 жылғы 19 сәуiрдегi N 472 қаулысына мынадай өзгерту енгiзiлсiн:
      I-тармақтағы "осы министрлiктiң орталық аппаратына белгiленген адам саны мен қаражат шегiнде" деген сөздер "оның iшiнде "Қазақстан Республикасының жекелеген министрлiктерi мен ведомстволарының есеп-қаржы қызметiн орталықтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 тамыздағы N 1000 қаулысына сәйкес 13 бiрлiк Ауыл шаруашылығы министрлiгi орталық аппаратының адам саны қысқарту есебiнен және 7 бiрлiк-министрлiктер мен ведомстволар орталық аппаратының адам санын қысқарту есебiнен" деген сөздермен алмастырылсын.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады