Республикалық оқу орындарының балансындағы асхана және буфет ғимараттары мен жабдықтарын иелену және пайдалану құқығы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 3 қазан N 1218. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 781 қаулысымен

      Оқушы жастарды әлеуметтiк қорғау, республикалық оқу орындарының балансындағы асхана ғимараттары мен жабдықтарын тиiмдi пайдалану және бюджеттiк қаражаттарды үнемдеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi республикалық оқу орындарына олардың бюджетiндегi асхана және буфет ғимараттары мен жабдықтарын иелену және пайдалану құқығын берсiн. 
      2. Республикалық оқу орындарының асханалары мен буфеттерiн пайдаланудан түскен табыстары бюджеттен тыс (арнаулы) шотқа есептелсiн және олардың жұмыс iстеуiн Қазақ мемлекеттiк қыздар педагогикалық институтынан басқа, дотациялық емес негiзде қамтамасыз етiп, қызметшi құрамның еңбек ақысына, азық-түлiк тағамдарын сатып алуға, жабдықтармен және керек-жарақтармен жабдықтауға, күрделi жөндеуге, шаруашылық және асханаларды ұстап тұруға байланысты басқа да шығыстарға пайдаланылсын. 
      3. Қаржы министрлiгi Қазақ мемлекеттiк қыздар педагогикалық институтына арналған тамақтандырудағы бюджеттiк қаржыландыруды сақтасын. 
      4. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi республикалық оқу орындарының олардың бюджетiндегi асхана және буфеттердi иелену мен пайдалану құқығын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдансын. 
      5. Республикалық оқу орындары қызмет көрсетуi бұрын өздерiнiң асханалары мен буфеттерiне бекiтiлген ауданның студенттерiн, оқушылары мен мектеп оқушыларын тамақтандыруды қамтамасыз етсiн. 

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады