АВВ фирмасы салатын электр станциясы құрылысының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 3 қазандағы N 1220

      АВВ фирмасы Үкiметтiң қамқоршылығымен Балқаш көлiнiң жанындағы Үлкен поселкесiнде қуаттылығы 320 МВт электр станциясы құрылысының жобасын жүзеге асыру ниетiнде 1996 жылғы 18 маусымда қол қойылған Өзара түсiнiстiк меморандумына сәйкес АВВ фирмасы жобаны жасайды, жобалау мен құрылысын салуды орындайды, сондай-ақ электр станциясын қаржыландыруды, пайдалануды және техникалық қызмет көрсетудi ұйымдастырады.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Осы жоба Қазақстан Республикасы үшiн басымдықты деп белгiленсiн.
      Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi осы жобаны жүзеге асыруға қажеттi рұқсаттардың, келiсiмдер мен лицензиялардың тiзбесiн Үкiмет пен АВВ фирмасына үш күндiк мерзiмде берсiн.
      2. АВВ фирмасы 1996 жылдың қазан айы iшiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарында рұқсаттарды, келiсiмдер мен лицензияларды, оның iшiнде бiрiншi кезектегi тәртiппен - Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен электр станциясының құрылысына жердi пайдалану туралы контрактiнi ресiмдесiн.
      3. АВВ фирмасының осы жобаны жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары және Алматы облысының әкiмi қысқа мерзiмде жобаны жүзеге асыруда фирмаға қажеттi жәрдем көрсетсiн.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау және электр станциясы құрылысының жобасын жүзеге асыру жөнiндегi мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Г.Г.Штойкке жүктелсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады