"Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының құрылымын жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 қазандағы N 2541 U952541_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөнiндегi комитетi
туралы Ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
2. Қазақстан Республикасы Үкiметi кейбiр шешiмдерiнiң қоса
берiлiп отырған тiзбеге сәйкес күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 3 қазандағы
N 1225 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Су ресурстары
жөнiндегi комитетi туралы
ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөнiндегi комитетi (Қазақстан Республикасының Суресурскомы) Үкiмет құрамына кiрмейтiн, Қазақстан Республикасының аумағында су ресурстарын пайдалану мен қорғауды басқару және бақылау жөнiндегi орталық атқарушы орган болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөнiндегi комитетi
(бұдан әрi - Комитет) өз құрамына кiретiн республикалық, облыстық,
қалалық және аудандық бөлiмшелермен бiрлесе отырып (осы Ережеге
қосымшаға сәйкес) Қазақстан Республикасының аумағында су ресурстарын
пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк басқару және бақылаудың бiрыңғай
жүйесiн құрайды.
3. Комитет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының
Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа
алады.
II. Мiндеттерi мен функциялары
4. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:
Қазақстан Республикасының аумағында су ресурстарын пайдалану
мен қорғауды реттеудi жүзеге асыру;
экологиялық талаптарды ескере отырып суға халық пен экономика салаларының қажеттiлiгiн, оның кешендi пайдаланылуын, су қорының сақталуы мен суды ластаудан, сор тартудан және сарқылудан қорғауды, өзендер, көлдер мен су қоймаларының жағдайын жақсартуды қамтамасыз ету;
министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және өзге орталық атқарушы органдардың су шаруашылық қызметтерiн жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдармен өзара iс-қимылда үйлестiру;
шекаралық су бассейндерi мен мемлекетаралық су өткiзу жүйелерiнiң су ресурстарын бiрлесiп пайдалану мен қорғау мәселелерi бойынша iргелес мемлекеттермен ынтымақтастық жасау;
су шаруашылығын аудандастыру қағидалары мен тұрғындардың, экономика салалары және табиғи кешендердiң суға қажеттiлiгiне сәйкес аумақтар мен өзендер бассейндерiнде су ресурстарын пайдалану мен қорғаудың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;
суды пайдалану және қорғауды реттеу саласында ғылыми-техникалық және инвестициялық саясатты жүзеге асыру;
су ресурстарын пайдаланудың экономикалық механизмiн жетiлдiру;
су ресурстарының қалыптасуына және бөлуге ықпал ететiн су шаруашылығы объектiлерi мен кешендi мақсаттағы су құбырларын, сондай-ақ су көздерiнде орналасқан гидротехникалық құрылғыларды пайдалану жұмыстарын жүзеге асыру болып табылады.
5. Комитет өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
Республиканың су шаруашылығы мәселелерi жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар дайындауды және тұрғындар мен экономика салаларын сумен қамтамасыз ету жөнiндегi ғылыми негiзделген мақсатты кешендi бағдарламаларды әзiрлеудi ұйымдастырады;
Республиканың өзендер бассейндерi мен аумағының су шаруашылығы учаскелерiнде су ресурстарын аймақаралық және облысаралық бөлудi және қайта бөлудi, су алу мен су тұтыну шегiн анықтауды қоса отырып, су ресурстарын реттеудi және бөлудi жүзеге асырады;
табиғат қорғау органдарымен келiсе отырып жер бетi су көздерiн арнайы су пайдалануға рұқсаттар және жер асты су көздерiнен арнайы су пайдалануға берiлетiн рұқсаттарға келiсiм бередi;
құрылыстар салу, кәсiпорындар мен объектiлердi қайта жаңғырту, кәсiпорындарды, ғимараттарды орналастыру жобаларына келiсiм бергенде су пайдаланудың барлық түрлерiне техникалық шарттарды берудi ұйымдастырады;
су тұтынуды мөлшерлеу үшiн ережелер мен стандарттарды әзiрлейдi және бекiтедi;
су қорларын тиiмдi пайдалануға, су көздерiнiң сақталуы мен жай-күйiн жақсарту үшiн мемлекеттiк бақылауды және су қорғау жөнiндегi инспекторлық қызметтi ұйымдастырады;
техникалық шарттардың, белгiленген су тұтыну шегiнiң сақталуына, жер үстi су объектiлерiне сарқынды су төгуге, жер үстi сулары сапасына жедел бақылау ұйымдастырады, сондай-ақ экологиялық қолайсыз объектiлер бойынша жер бетi суларынан арнайы су пайдаланудың бұрын берiлген рұқсатын, олардың күшiне қарамастан, қайта қарайды;
салааралық және кешендi мақсаттағы су шаруашылығы объектiлерiнiң жұмыс тәртiбiн диспетчерлiк және жедел түрде реттеудi жүзеге асырады;
су қоймаларын, кешендi мақсаттағы магистральды су құбырларын, мемлекетаралық, салааралық және облысаралық, ауданаралық және шаруашылықаралық мақсаттағы каналдарды, су бөгендерiн, гидротораптарды, арна реттеу, жаға бекiту ғимараттарын, қорғау бөгеттерi мен тiкелей су көздерiнде орналасқан басқа да объектiлердi тиiмдi пайдалануды жүзеге асырады;
су шаруашылығы объектiлерi мен құрылғыларын пайдаланудың техникалық деңгейiн көтеру жөнiнде жұмыстар жүргiзедi;
су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемасын әзiрлеуге, ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарын жүргiзуге, салааралық, облысаралық, аумақаралық және шаруашылықаралық мақсаттағы су шаруашылығы объектiлерiн салуға, қала және қала түрiндегi елдi мекендердiң аумақтарынан тысқары жерлерде, көлдерде, су қорғау аймақтарында жағалауды бекiту және басқа жұмыстарды, су қоймаларын көркейтудi орындауға тапсырыс беру функциясын атқарады;
су объектiлерi мен су шаруашылығы жүйелерiнде ведомстволық гидрометриялық жүйелердi және гидротехникалық құрылғыларды метрологиялық қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады;
жер қойнауын қорғау және гидрометрология органдарымен бiрлесiп суды мемлекеттiк есепке алуды және мемлекеттiк су кадастрын жүргiзудi жүзеге асырады;
суды пайдалану жоспарларының жиынтығын даярлауды, сондай-ақ өзен бассейндерi, экономикалық және өндiрiс аудандары мен облыстары үшiн қысқа мерзiмдi және болашақ су шаруашылық балансын жасауды қамтамасыз етедi;
ұйымдардың, су ресурстарын тиiмдi пайдалану және су көздерiн ластауға, былғауға және сарқылуға жол бермеу бөлiгiндегi олардың су шаруашылық және су қорғау қызметiн үйлестiредi;
су қорғау шараларының орындалуын және су пайдалануды алғашқы есепке алу талаптарының сақталуына басшылық жасайды және бақылау жүргiзедi;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруы бойынша шекаралық суларды бiрлесiп пайдалану мен қорғау жөнiндегi жақты көп жақты келiссөздер жүргiзедi және шарт жасасады;
су қоймаларының, өзендердiң, көлдердiң, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнiң жай-күйiн сақтау және жақсарту шараларын жүзеге асырады;
су объектiлерiндегi табиғи апаттар мен авариялық жағдайлардың салдарын болдырмау және жою шараларын әзiрлеудi ұйымдастырады;
кешендi мақсаттағы су қоймаларын пайдалану ережелерiн органдардың ұсыныстарын ескере отырып бекiтедi;
кешендi, салааралық және шаруашылықаралық мақсаттағы және салынған және қайта жаңғыртылған су шаруашылығы объектiлерiн пайдалануға қабылдауды жүзеге асырады;
объектiлердi (iске қосу кешендерiн) пайдалануға қабылдайтын мемлекеттiк комиссияларының жұмыстарына қатысады;
жер бетiндегi су объектiлерiн және пайдалануға беру туралы қорытынды бередi және жеке пайдалануға берiлген су объектiлерiндегi қосалқы су пайдалану шарттарына, су объектiлерiн заңды ұйымдардың пайдалануына беру туралы ұсыныстарға келiсiм бередi;
су шаруашылығы объектiлерiнiң жобаларын сараптан өткiзедi, су ресурстарының жай-күйiне ықпал ететiн объектiлер (олардың мақсатына, ведомстволық бағыныстылығына және меншiк нысанына қарамастан) жобаларына, құрылыс, арна түбiн тереңдету және басқа жұмыстар жүргiзу тәртiбiне келiсiм бередi;
су қоймаларын, көлдер мен өзендердi, сондай-ақ салааралық және шаруашылықаралық мақсаттағы су шаруашылығы объектiлерiн сақтау мен жай-күйiн жақсарту жөнiндегi жобалық құжаттаманы әзiрлеудi ұйымдастырады;
су пайдаланудың барлық түрлерiне, су жеткiзу қызметтерiне ақы төлеу тарифтерiн, оларды қолдану шарттарын Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктерiмен, мемлекеттiк комитеттерiмен және өзге де орталық атқарушы органдарымен бiрлесе отырып әзiрлейдi;
су заңдарын, су шаруашылығы саласындағы өзге де нормативтi құқықтық актiлердi жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды дайындап, ұсынады;
су ресурстарын басқару, суларды ұтымды пайдалану және қорғау мәселелерi жөнiнде өз құзыры шегiнде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;
су ресурстарының жай-күйi және пайдаланылуы туралы жыл сайын ғылыми-техникалық ақпараттар даярлайды және басып шығарады, осы туралы ақпараттарды мемлекеттiк органдар мен көпшiлiкке ұсынады;
су үнемдеу технологияларын игеру, ауыз су даярлау, су көздерiн қорғау жөнiндегi ұсыныстар даярлайды;
басшы қызметкерлерi мен мамандарды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
азаматтық қорғаныс және жұмылдыру даярлығы жөнiндегi шараларды орындауды белгiленген тәртiппен жүзеге асырады;
техника қауiпсiздiгi және өндiрiстiк санитария жөнiндегi ережелердi сақтау, Комитет қызметкерлерiнiң тұрғын үй және әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайын жақсарту бойынша шараларды жүргiзедi;
III. Құқықтары мен мiндеттерi
6. Комитеттiң мыналарға:
өз құзыры шегiнде бұйрықтар шығарады, Комитет жүйесiне кiретiн ұйымдар үшiн мiндеттi, ал суларды кешендi пайдалану мен қорғауды реттеу мәселелерi жөнiнде министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер мен өзге де орталық атқарушы органдар, сондай-ақ заңды ұйымдар үшiн мiндеттi болып табылатын тапсырмалар беруге және олардың орындалуын тексеруге;
заңда белгiленген тәртiппен өз қарамағындағы ұйымдарды құру, қайта құру және тарату мәселелерiн шешуге;
саланы және оның жекелеген бағыттарын дамыту жөнiндегi ұсыныстарды даярлау үшiн жұмыс топтарын ұйымдастыруға, қажет болған жағдайда шарттық негiзде ғылыми-зерттеу, жобалау-iздестiру және басқа ұйымдарды, сондай-ақ тиiстi сараптау жүргiзу үшiн дербес сарапшыларды жұмысқа тартуға;
су ресурстарын ұтымды пайдалануға: су көздерiнiң сақталуы мен жай-күйiнiң жақсаруына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады және жер бетiндегi су объектiлерiн пайдалану құқығын тоқтату жөнiнде жергiлiктi атқарушы органдардың қарауына ұсыныстар енгiзедi;
Қазақстан Республикасының министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң және өзге де орталық атқарушы органдарының су ресурстарын бөлу мен пайдалануды реттейтiн нормативтiк және құқықтық құжаттарының күшiн, олар Қазақстан Республикасы заңдарына қайшы келген жағдайда, уақытша тоқтату немесе жою жөнiнде белгiленген тәртiппен ұсыныс енгiзуге;
су заңдарын бұзуға жол берген лауазымды адамдар мен азаматтарды әкiмшiлiк, ал қажет болған жағдайда, қылмыстық жауапкершiлiкке тарту жөнiндегi мәселенi белгiленген тәртiппен енгiзуге;
табиғат қорғау, жер қойнауын қорғау және гидрометеорологиялық қызмет органдарынан су объектiлерiнiң жай-күйi, су ресурстарын пайдалану мен қорғау мәселелерi бойынша белгiленген тәртiппен ақпараттар алуға және оларға осындай ақпараттар беруге құқығы бар.
IY. Басшылық органдары
7. Комитеттi Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын және босататын Төраға басқарады, Комитет төрағаларының орынбасарлары болады, оларды Төрағаның ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайды.
Комитетте алқа құрылады, оның құрамында Төраға және лауазымы бойынша орынбасарлары, Комитеттiң басшы қызметкерлерi кiредi. Алқаның адам құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Комитеттiң орталық аппаратының құрылымы мен қызметкерлерiнiң санын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
8. Комитет Төрағасы:
Комитеттiң және оның қарамағындағы ұйымдардың қызметiне басшылық жасайды;
Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуына дербес жауапты болады және Төраға орынбасарларының өзара мiндеттерiн бөледi;
ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың құрылымы мен штатын, сондай-ақ ол туралы ережелердi бекiтедi.
Комитеттiң орталық аппаратының қызметкерлерiн және Комитет жүйесiне кiретiн, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшы қызметкерлерiн лауазымға тағайындайды және босатады;
Комитеттiң құзырындағы жекелеген мәселелердi шешуге құрылымдық бөлiмшелерге, сондай-ақ Комитет жүйесiне кiретiн ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға өкiлеттiк бередi.
9. Комитеттiң алқасы республикадағы су шаруашылығын дамытудың негiзгi мәселелерiн, халықты және экономика салаларын сумен қамтамасыз ету, су ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау, ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды басқару әдiстерiн жетiлдiру, қабылданған шешiмдердiң орындалу мәселелерiн қарайды, аса маңызды бұйрықтардың жобаларын талқылайды, бөлiмдердiң, облыстық су ресурстары жөнiндегi комитеттердiң және басқа да құрылымдық бөлiмшелердiң қызметтерi туралы есептердi тыңдайды.
Алқаның шешiмдерi ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға Комитет төрағасының бұйрықтары арқылы жеткiзiледi.
10. Су шаруашылығын дамытудың негiзгi бағыттары мен тұжырымдарын, ғылыми-техникалық прогресс және озат тәжiрибе мәселелерiн қарау үшiн Комитет жанынан ғалымдардан, жоғары бiлiктi мамандардан, сондай-ақ ғылыми-техникалық қоғамдар мен басқа
ұйымдардың өкiлдерiнен ғылыми-техникалық кеңес құрылады.
Ғылыми-техникалық кеңестiң құрамын және ол туралы ереженi
Комитет төрағасы бекiтедi.
11. Комитет заңды ұйым болып табылады, оның өз есеп айырысу
шоты, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Елтаңбасы бейнеленген
және қазақ, орыс тiлдерiнде атауы жазылған мөрi болады.
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Су ресурстары жөнiндегi
комитетiнiң құрамына кiретiн су шаруашылығы
ұйымдарының, аумақтық органдары мен объектiлерiнiң
ТIЗБЕСI
Арал-Сырдария бассейндiк су шаруашылығы бiрлестiгi, Қызылорда
қаласы
Балқаш-Алакөл бассейндiк су шаруашылығы бiрлестiгi, Алматы
қаласы
Ертiс бассейндiк су шаруашылығы бiрлестiгi, Семей қаласы
Есiл бассейндiк су шаруашылығы бiрлестiгi, Ақмола қаласы
Нұра-Сарысу бассейндiк су шаруашылығы бiрлестiгi, Қарағанды
қаласы
Тобыл-Торғай бассейндiк су шаруашылығы бiрлестiгi, Қостанай
қаласы
Орал-Каспий бассейндiк су шаруашылығы бiрлестiгi, Атырау қаласы
Шу-Талас бассейндiк су шаруашылығы бiрлестiгi, Жамбыл қаласы
Ақмола облыстық су ресурстары жөнiндегi комитетi, Ақмола қаласы
Ақтөбе облыстық су ресурстары жөнiндегi комитетi, Ақтөбе қаласы
Алматы облыстық су ресурстары жөнiндегi комитетi, Алматы қаласы
Атырау облыстық су ресурстары жөнiндегi комитетi, Атырау қаласы
Шығыс Қазақстан облыстық су ресурстары жөнiндегi комитетi,
Өскемен қаласы
Жамбыл облыстық су ресурстары жөнiндегi комитетi, Жамбыл қаласы
Жезқазған облыстық су ресурстары жөнiндегi комитетi, Жезқазған
қаласы
Батыс Қазақстан облыстық су ресурстары жөнiндегi комитетi,
Орал қаласы
Қарағанды облыстық су ресурстары жөнiндегi комитетi, Қарағанды
қаласы
Қызылорда облыстық су ресурстары жөнiндегi комитетi, Қызылорда
қаласы
Көкшетау облыстық су ресурстары жөнiндегi комитетi, Көкшетау
қаласы
Қостанай облыстық су ресурстары жөнiндегi комитетi, Қостанай
қаласы
Маңғыстау облыстық су ресурстары жөнiндегi комитетi, Ақтау
қаласы
Павлодар облыстық су ресуратары жөнiндегi комитетi, Павлодар
қаласы
Солтүстiк Қазақстан облыстық су ресурстары жөнiндегi комитетi,
Петропавл қаласы
Семей облыстық су ресурстары жөнiндегi комитетi, Семей қаласы
Талдықорған облыстық су ресурстары жөнiндегi комитетi,
Талдықорған қаласы
Торғай облыстық су ресурстары жөнiндегi комитетi, Арқалық қаласы
Оңтүстiк Қазақстан облыстық су ресурстары жөнiндегi комитетi,
Шымкент қаласы
"Союзцелинвод" тресi, Петропавл қаласы
"Спецводопроводсельстрой" жалгерлiк кәсiпорны, Петропавл қаласы
"Целиноградсельхозводоснабжение" өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгi,
Ақмола қаласы
Ертiс-Қарағанды каналын пайдалану кәсiпорны, Қарағанды қаласы
Шардара ГЭС-ы су қоймасымен, Шардара қаласы, Оңтүстiк Қазақстан
облысы
Тасөткел су қоймасын пайдалану басқармасы, Жамбыл облысы, Шу
ауданы, Тасөткел селосы
"Суавтоматика" ғылым-өндiрiстiк орталығы, Шымкент қаласы
Әкiмшiлiк үйi, Алматы қаласы, Желтоқсан көшесi, 118 үй
Жатақхана, Алматы қаласы, Төле би көшесi, 142 үй.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 3 қазандағы
N 1225 қаулысымен
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған
кейбiр шешiмдерiнiң
ТIЗБЕСI
1. "Қазақстан Республикасының су ресурстары жөнiндегi мемлекеттiк комитетi және оның ұйымдық құрылымы туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 25 қаңтардағы N 62 қаулысы.
2. "Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 20 маусымдағы N 388 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1991 ж., N 16, 99-бап).
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң су заңдары мәселелерi жөнiндегi кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 мамырдағы N 473 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 21, 473-бап) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң су заңдары мәселелерi жөнiндегi шешiмдерiне енгiзiлген өзгерiстердiң 15, 17-тармақтары.
4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сәулет-қала құрылысы құжаттамаларын сараптау мәселелерi жөнiндегi кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 8 желтоқсандағы N 1395 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 46, 517-бап) бекiтiлген объектiлер мен кешендердi салудың, кеңейтудiң, қайта жаңғыртудың, техникалық қайта жарақтандыру мен күрделi жөндеудiң сәулет-қала құрылысы құжаттамаларын сараптау мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлген өзгерiстердiң 1-тармағы.
5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 6 ақпандағы N 115 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 5, 62-бап) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулардың 2-тармағы.