1. Ақбөкендердi аулаудың 1996 жылға арналған 60 мың бас мөлшерiндегi лимитi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетi Экология және биоресурстар министрлiгiмен келiсiм бойынша ғылыми ұсыныстар негiзiнде ақбөкендердiң өсуi бойынша оларды аулаудың лимитiн бөлсiн, ақбөкендердi аулау құқығына рұқсаттар берудi және осы жануарлар кәсiпшiлiгiн жүргiзуге, қорғауға және ұдайы өсiруге
бақылау жасауды қамтамасыз етсiн. 3. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi жануарлар дүниесiн пайдалануға, оларды қорғаудың жай-күйiне және ұдайы өсiруге мемлекеттiк бақылау орнатсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрлiгiнiң орынбасары