Талдықорған облысында жүргiзiлген экономикалық тәжiрибенiң кейбiр мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 9 қазан N 1246

      "Талдықорған облысында жүргiзiлген экономикалық тәжiрибе жүргiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 4 шiлдедегi N 917 қаулысы мен "Аймақтарда реформаларды тереңдету жөнiндегi облыстар мен жоспарлар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 наурыздағы N 309  P960309_  қаулысын орындау үшiн, экономикалық эксперименттi одан әрi дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi: 
      1. Талдықорған облысының әкiмi Экономикалық келiсiмдi реттеудiң облыстық қорын дамыту және қайта жаңғырту жобаларын инвестициялау бойынша кредиттiк айырбастау шарттарын әзiрлеу мен жасасу жөнiндегi жұмысты ұйымдастырсын. 
      2. "International Economic Development Strategist Human Resourse & Trade Development - В\Н" фирмасының тәжiрибе бағдарламасы жөнiндегi жобалардың инвестицияларын инвестицияланған жобаларға енгiзiлген объектiлердi басқаруға бере отырып тарту мақұлдансын. 
      3. Қазақстан Республикасының Кеден органдары әкелiнген жабдықтар, материалдар, аксессуарлар және басқа инвестициялар жөнiндегi кәсiпорындардың жарғылық қорына салынған салым ретiнде "International Economic Development Strategist Human Resourse & Trade Development - В\Н" фирмасының қатысуымен және "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының 149-бабы және "Шетел инвестициялары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы негiзiнде оның жеке мұқтаждары үшiн арналған мүлiкке кеден төлемдерiн жүргiзсiн. 
      4. Қазақстан Республикасының Салық органдары "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының 61-бабы негiзiнде көрсетiлген қаржылық қызметтерге салық салуды жүзеге асырсын.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
           орынбасары       

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады