Аймақтарда реформаларды тереңдету жөнiндегi облыстар және Алматы қаласы әкiмдерiнiң iс-қимыл бағдарламалары мен жоспарлары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 13 наурыздағы N 309. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      "1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Iс-қимыл бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 13 желтоқсандағы  N 2680  Жарлығының 4-тармағын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Облыстар және Алматы қаласының әкiмдерi ұсынған 1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi iс-қимыл бағдарламасы және 1996 жылға арналған аймақтарда реформаларды тереңдету жөнiндегi iс-қимыл жоспары /қоса берiлiп отыр/ бекiтiлсiн. 
      2. Облыстар және Алматы қаласының әкiмдерi: 
      өздерiнiң күнделiктi қызметiнде реформаларды тереңдету жөнiндегi аймақтық бағдарламалар мен iс-қимыл жоспарларының негiзгi ережелерiн қатаң ұстансын және олардың сөзсiз орындалуын қамтамасыз етсiн; 
      реформаларды тереңдету жөнiндегi аудандар мен қалалар әкiмдерiнiң осы секiлдi бағдарламалары мен iс-қимыл жоспарларын бiр ай мерзiмде қарасын және бекiтiлсiн; 
      реформаларды тереңдету жөнiндегi аймақтық бағдарламалар мен iс-қимыл жоспарларының негiзгi ережелерiн және олардың жүзеге асырылуын тереңдету бойынша жариялылықты қамтамасыз етсiн. 
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Үкiмет Аппаратының Аумақтық даму бөлiмiне жүктелсiн. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады