Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 28 маусымындағы N 814 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 11 қазан N 1254. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.02.25. N 262 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. "Қазақстан Республикасының Елабуга қаласындағы автомобиль зауытының қуаттары кешенiн бiрлесiп құру туралы үкiметаралық Келiсiмнiң жүзеге асырылуына қатысуы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 28 маусымдағы N 814 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      "ЕлАЗ-инвест" мемлекетаралық консорциумының жарғылық қорына акцияларының мемлекеттiк пакетi табыс етiлетiн акционерлiк қоғамдардың тiзбесi:
      "Қорғасын-тәжiрибе зауыты" АҚ, - 77,2%
            Өскемен қаласы
      деген жолмен толықтырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне жүктелсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады