Каспий теңiзiне қатысты 1993 жылғы 3 желтоқсандағы Консорциум туралы Келiсiмге түзетуге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 12 қазан N 1255

      Каспий теңiзiне қатысты 1993 жылғы 3 желтоқсандағы Консорциум туралы Келiсiмге сәйкес шетел қатысушыларымен өнiмдi бөлiске салу туралы Келiсiм жасау жөнiндегi келiссөздердi табысты аяқтау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi

министрлiгi мен "Қазақстанкаспийшельф" акционерлiк қоғамы ұсынған
шетел қатысушылары мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы
1996 жылғы 30 қыркүйектегi Консорциум туралы Келiсiмге Түзету
мақұлдансын.
     2. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi
министрiне аталған Түзетуге Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан
қол қоюға уәкiлдiк берiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады