Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: "1996 жылғы 31 қаңтарда және 4 ақпанда Қазақстан Республикасының Парламентiне қайта сайлау өткiзуге арналған шығыстар сметасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1879 қаулысына мынадай өзгертулер енгiзiлсiн: аталған қаулыға берiлген 1, 2, 3-қосымшалар 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 14 қазандағы N 1264 қаулысына 1-қосымша 1996 жылғы 31 қаңтарда және 4 ақпанда Қазақстан Республикасының Парламентiне депутаттарды қайта сайлау өткiзуге арналған шығыстар СМЕТАСЫ мың теңге 1. Учаскелiк сайлау комиссияларының шығыстары 5600 (комиссияға 32000 теңгеден 175 комиссия) 2. Облыстық (комиссияға 70000 теңгеден 3 комиссия), аудандық және қалалық (комиссияға 33000 теңгеден 4 комиссия) комиссиялардың ұйымдастыру шығыстары 342 3. Округтiк сайлау комиссияларының шығыстары (комиссияға 45000 теңгеден 1 комиссия) 45 4. Мәжiлiске кандидаттардың сайлау алдындағы үгiтiне арналған шығыстар (161000 теңге х 3) 483 5. Сенатқа кандидаттардың сайлау алдындағы үгiтiне арналған шығыстар (161000 теңге х 3) 483 6. Дауыс берушiлердiң мәжiлiстерiн өткiзуге байланысты шығыстар 1600 7. Орталық сайлау комиссиясының шығыстары 3388 8. Бюллетеньдердi даярлауға және жеткiзуге арналған шығыстар 400 9. Орталық сайлау комиссиясының резервi 500 Барлық шығыстар 12841 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 14 қазандағы N 1264 қаулысына 2-қосымша 1996 жылғы 31 қаңтарда және 4 ақпанда Қазақстан Республикасының Парламентiне депутаттарды қайта сайлау өткiзу жөнiндегi шығыстарға арналған ақша қаражаттарын БӨЛУ мың теңге Дауыс беруге арналған кабиналар мен жәшiктердi дайындау жөнiндегi округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының, сондай-ақ облыстық, қалалық және аудандық сайлау комиссияларының ұйымдастыру шығыстары, барлығы 8553 Оның iшiнде: Көкшетау 1192 Қостанай 6330 Семей 1031 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 14 қазандағы N 1264 қаулысына 3-қосымша 1996 жылғы 31 қаңтарда және 4 ақпанда Қазақстан Республикасының Парламентiне депутаттарды қайта сайлау өткiзуге арналған Орталық сайлау комиссиясы шығыстарының СМЕТАСЫ мың теңге 1. Комиссиялардың мәжiлiстерiн өткiзу 25 2. Комиссияның мүшелерi мен Комиссия аппараты қызметкерлерiнiң iссапарлары 356 3. Кеңсе, пошта-телеграф және телефон шығыстары 154 4. Баспа шығыстары 868 5. Көлiк шығыстары 1386 6. Басқа да шығыстар 599 Жиыны 3388
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1879 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 14 қазандағы N 1264
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз