Қазақстан Республикасының радиожиiлiктер жөнiндегi мемлекеттiк ведомствоаралық комиссиясы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 15 қазан N 1266

      Шектеулi табиғи ресурс - радиожиiлiк спектрiн басқару, иелiк ету және пайдалану саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты қалыптастыру, сондай-ақ радиоэлектронды құралдардың электр магниттiк сыйымдылығын қамтамасыз ету және республикалық бюджетке қаражаттың түсуiн бақылау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.03.20. N 237
               қаулысымен. P980237_

      2. Қазақстан Республикасының радиожиiлiктер жөнiндегi мемлекеттiк ведомствоаралық комиссиясы:
      5 күн мерзiмде Қазақстан Республикасының радиожиiлiктер жөнiндегi мемлекеттiк ведомствоаралық комиссиясы туралы Ереженi әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесе отырып 20 күн мерзiмде тұтынушылардың радиожиiлiктер спектрiн пайдаланғаны үшiн ақы төлеу тәртiбi мен тарифiн әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн;
      бiр ай мерзiмде Радиожиiлiк спектрiн бөлуге берiлген тапсырыстарды конкурстық қарау туралы Ереженi әзiрлесiн және бекiтсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Радиожиiлiк спектрiн бөлу және пайдалану жөнiндегi бюроны қазыналық кәсiпорын ретiнде 8 адам шегiнде құру туралы ұсынысы қабылдансын. Радиожиiлiк спектрiн бөлу және пайдалану жөнiндегi бюро Қазақстан Республикасының радиожиiлiктер жөнiндегi мемлекеттiк ведомствоаралық комиссиясының жұмыс органы болып белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Радиожиiлiк спектрiн негiзгi пайдаланушылар (Қорғаныс министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Iшкi iстер министрлiгi, Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi, Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң "Қазаэронавигация" мемлекеттiк кәсiпорны) коммерциялық мақсаттарда пайдалана алмайды. Радиожиiлiк спектрiн конверсиялаған немесе қосалқы пайдаланған жағдайда, босаған жиiлiк ресурстары Қазақстан Республикасының радиожиiлiктер жөнiндегi мемлекеттiк ведомоствоаралық комиссиясының иелiгiне азаматтық пайдалану үшiн берiледi.
      5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң

2-қосымшаға сәйкес күшi жойылған деп танылсын.
     6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Премьер-Министрдiң
орынбасары Г.Г.Штойкқа жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
     
                                      Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                      1996 жылғы 15 қазандағы
                                        N 1266 қаулысына
                                              1-қосымша
<*>


     ЕСКЕРТУ. 1-қосымшаның күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.03.20. N 237
              қаулысымен.  

P980237_

 


                                      Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                      1996 жылғы 15 қазандағы
                                        N 1266 қаулысына
                                              2-қосымша

             Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр
            шешiмдерінiң күшi жойылған деп тану туралы



      1. "Қазақстан Республикасы Байланыс министрлiгi жанынан Радиожиiлiктер жөнiндегi мемлекеттiк комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 16 қазандағы N 875 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 40, 599-құжат);
      2. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 16 қазандағы N 875 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 қаңтардағы N 42 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 2, 22-құжат);
      3. "Қазақстан Республикасының радиожиiлiк ресурсын пайдалану тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 23 маусымдағы N 870 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 22, 254-құжат);
      4. Премьер-Министрдiң бiрiншi орынбасарының 1995 жылғы 7 маусымдағы N 3-19 өкiмi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады