Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 шiлдедегi N 952 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 17 қазандағы N 1278. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.05.25. N 569 қаулысымен. ~P020569

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Z952235_ Заң күшi бар Жарлығын (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат) тиiмдi жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Заңды тұлға - салық төлеушiнiң салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша мемлекет алдындағы берешегiне байланысты салық қызметi органдары тыйым салған мүлiктi сату жөнiнде мамандандырылған ашық аукцион өткiзудiң тәртiбi мен шарттары туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 шiлдедегi N 952 P950952_ қаулысымен бекiтiлген Заңды тұлға - салық төлеушiнiң салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша мемлекет алдындағы берешегiне байланысты салық қызметi органдары тыйым салған мүлiктi сату жөнiнде мамандандырылған ашық аукцион өткiзудiң тәртiбi мен шарттары туралы Ережеге (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 24, 272-құжат) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      "7. Салық қызметi органдары аукционға шығарған иелiк етуге тыйым салынған мүлiктерге нарықтық баға белгiлеу үшiн комиссия құру қажет, оның құрамына мына жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлдерi енгiзiлсiн:
      1. Статистикалық басқарма
      2. Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi комитет
      3. Мәслихат (келiсiм бойынша)
      4. Салық қызметi
      5. Жылжымайтын мүлiктi бағалау және тiркеу жөнiндегi облыстық (қалалық) басқарма.
      Комиссия әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкке сәйкес әкiмнiң өкiмiмен құрылады және тұрақты жұмыс iстейтiн болып табылады";
      7-тармақта:
      екiншi абзац "комиссия қатысқан кезде, олардың нарықтық бағасын

 

негiзге ала отырып" деген сөздермен толықтырылсын;

     үшiншi абзац алынып тасталсын;

     16-тармақтың төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

     "Тауардың бастапқы бағасы хабарланғаннан кейiн 10 минут iшiнде

оны сатып алуға дайын тұрған сатып алушы табылмаса, ал саудаластыққа

қатысушылар саны үшеуден кем болмаса, аукционшы тауардың бағасын

Сатушының және Саудаластықты ұйымдастырушының келiсiмi бойынша

старттық бағасынан көп дегенде 40 процентке арзандатуға құқылы";

     7-тармақ 8-тармақ болып саналсын;

     8-30-тармақтар тиiсiнше 9-31 тармақтар болып саналсын.

     2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады