Арнайы жер қорын құру және бөлу тәртiбiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 30 қазандағы N 1312. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      "Жер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:<*> 
       ЕСКЕРТУ. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметiнiң 2001.08.29.  N 1123
  қаулысымен.  
      1. Арнайы жер қорын құру және бөлудiң қоса берiлiп отырған Тәртiбi бекiтiлсiн. 
      2. "Халық депутаттары жергiлiктi Кеңестерiнiң қарамағына беру үшiн пайдаланылмаған және ұтымсыз пайдаланылып жүрген жерлердi жүйелi түрде анықтау тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 4 қарашадағы N 938 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 43, 644-бап) күшiн жойған деп танылсын.
     3. Осы қаулы жарияланған күннен бастап күшiне енедi. 

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы         
Үкiметiнiң               
1996 жылғы 30 қазандағы         
N 1312 қаулысымен            
Бекiтiлген                

                 Арнайы жер қорын құру және бөлу
                           ТӘРТIБI     

      ЕСКЕРТУ. Мәтіндегі "Қазақстан Республикасы Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетінің", "жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі аудандық комитетіне", "жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі аудандық комитеті" деген сөздер тиісінше "Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның", "жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органға", "жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметiнiң 2001.08.29.  N 1123 қаулысымен.

        1. "Жер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы  Заңына сәйкес ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлер арасында жердi қайта бөлу мақсатымен арнайы жер қоры құрылады.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметiнiң 2001.08.29.  N 1123
  қаулысымен. 
        2. Арнайы жер қоры мақсатты пайдаланылмаған және заңдарды бұза отырып пайдаланылған ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердiң, сондай-ақ олардан жер учаскелерiнiң иелерi мен жер пайдаланушылар бас тартқан жерлердiң есебiнен құрылады. 
      Арнайы жер қорына санитарлық нормалар мен талаптарды қанағаттандыратын, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудi жай-күйi көтермейтiн жер учаскелерi енгiзiледi. 
      3. Жер учаскелерiн арнайы жер қорына жатқызу үшiн анықтау жердi түгендеу барысында, сондай-ақ жер заңдарын сақтауға бақылау жасау тәртiбiмен жұмыстарды жүйелi түрде орындау, жерге орналастыру сызбалары мен жобаларын әзiрлеу, жер кадастры мен жер мониторингiн жүргiзу барысында Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық органдары мен өндiрiстiк бөлiмшелерi жүзеге асырады.<*> 
      Жердi түгендеу аудандық атқарушы органның өтiнiмi бойынша жүргiзiледi. 
      4. Мақсатына пайдаланылмаған және заңдарды бұза отырып пайдаланылған жерлердi анықтау, әдеттегiдей, тұтастай әкiмшiлiк аудан немесе ауданның жер пайдаланушылар тобы бойынша жүргiзiледi және мүдделi жер пайдаланушылардың өкiлдерiн қатыстыра отырып Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның өндiрiстiк бөлiмшелерiнiң мамандары алқапты зерттеу жолымен жүзеге асырады.<*> 
      5. Жердi алқаптық зерттеудiң нәтижелерi зерттеу жүргiзген мамандар, мүдделi жер пайдаланушылар өкiлдерi қол қойған алқаптық зерттеудiң сызбасымен қоса, актiмен рәсiмделедi және жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органға берiледi.<*> 
      Бұл құжаттарда мақсатына пайдаланылмаған және заңдарды бұза отырып пайдаланылған жерлердiң орналасқан жерi, алаңы, сапалық жай-күйi, мақсатына пайдаланылмаған немесе заңдарды бұза отырып пайдаланылу себептерi, оларда үйлер мен ғимараттардың болуы және олардың құны көрiнiс табады. 
      6. Мақсатына пайдаланылмаған және заңдарды бұза отырып пайдаланылған жерлердi анықтау нәтижелерi бойынша жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган:<*> 
      бұл жерлердi есепке алады; 
      жер пайдаланушыға жер учаскесiн мақсатына пайдалану немесе заңдарды бұзуды жою қажеттiгiн ескертедi. 
      7. Жер учаскесiнiң иесi немесе жер пайдаланушылардың жасаған iс-әрекетi олардың меншiк немесе жер пайдалану құқығынан бас тартуды айғақтауды анықтаған жағдайда (көшу, жердi ұзақ уақыт пайдаланбау және басқалары) бұл учаске иесiз мүлiк ретiнде есепке алынады. 
      8. Заңдарда белгiленген мерзiмнiң бiтуiне қарай, сол мерзiмде жер пайдаланушы жер учаскесiн мақсатына пайдалану жөнiнде қажеттi шаралар қабылдамаса немесе жер учаскесiн пайдалану барысында, сондай-ақ жер учаскесiн есепке алған күннен бастап бір жыл iшiнде иесiз мүлiк ретiндегi заңдарды бұзуды жоймаса не шартты жер үлесіне құқық иесі "Жер туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 82-бабының 6-тармағында көзделген шартты (дараландырылған) жер үлесін сатпаса жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органы:<*> 
      иесiз мүлiк ретiнде есепке алынған жер учаскесiн мемлекеттiк меншiкке қайтару жөнiнде: 
      мақсатына пайдаланылмаған немесе заңдарды бұза отырып пайдаланылған жер учаскелерiн мемлекеттiк емес жер пайдаланушылардан алып қою туралы; 
      мақсатына пайдаланылмаған немесе заңдарды бұза отырып пайдаланылған жер учаскелерiн мемлекеттiк жер пайдаланушылардан арнайы жер қорының құрамына енгiзу жөнiнде аудандық атқарушы орган шешiмi жобасының материалдарын дайындайды; 
      заңда белгіленген жағдайларда шартты жер үлесіне құқық иелері өздерінің құқығына билік ету жөніндегі құқықтық өкілеттіктерін жойған кезде, жер учаскелерін арнайы жер қорына есепке алу туралы.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметiнiң 2001.08.29.  N 1123
  қаулысымен. 
        9. Мақсатына пайдаланылмаған немесе заңдарды бұза отырып пайдаланылған жер учаскелерiн мемлекеттiк емес жер пайдаланушылардан алып қою уәкiлеттi мемлекеттiк органның талабы бойынша сот тәртiбiмен жүргiзiледi. 
      Соттың шешiмi бойынша бұл учаскелердi алып қою барысында жер пайдалану құқығы азаматтық процессуалдық заңдарда белгiленген тәртiппен жария түрде сатылады. 
      Сатылмаған жер учаскелерi арнайы жер қорының құрамына енгiзiледi және запастағы жер қорына жатқызылады. 
      10. Ауданның арнайы жер қорын құру атқарушы органның шешiмi бойынша жүзеге асырылады. 
      Мемлекеттiк жер пайдаланушылардан мақсатына пайдаланылмаған немесе заңдарды бұза отырып пайдаланылған жер учаскелерiн арнайы жер қорының құрамына енгiзу жер заңдарына сәйкес аудандық атқарушы органның бiр жақты шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады. 
      11. Осы жер учаскелерiн жаңа меншiк иелерi мен жер пайдаланылушыларға бергенге дейiн оларды аудандық атқарушы орган белгiлеген тәртiппен және сол жағдайда бұрынғы мемлекеттiк жер пайдаланушылар пайдаланады. 
      12. Заңнамада белгiленген тәртiппен арнайы жер қорынан жер учаскелерi берiледi. 
       ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметiнiң 2001.08.29.  N 1123
  қаулысымен. 
      13. Арнайы жер қорынан жер учаскелерi бiрiншi кезекте жерлерi шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн бөлуге жатпайтын ауыл шаруашылығы ұйымдарынан шыққан азаматтарға берiледi. 
      Арнайы жер қорынан жер учаскелерi қалалар мен поселкелердiң азаматтарына берiлуi мүмкiн. 
      14. Арнайы жер қорынан жер учаскелерiн беру жерге орналастыру тәртiбiмен, әдеттегiдей, бiрегей массивпен және жер пайдалануға мүмкiндiктер жасауды ескере отырып жүргiзiледi.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 14-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметiнiң 2001.08.29.  N 1123
  қаулысымен. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады