Автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 31 қазан N 1319. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.07.31. N 765 қаулысымен.

      "Сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 3 қазандағы N 2475 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң ведомостары, 1995 ж., N 19, 115-құжат) және "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерту енгiзу туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2832 Заң күшi бар Жарлықтарын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      2. Автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты жасалмаса автокөлiк құралдарын пайдалануға жол берiлмейдi.
      3. Автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды сақтандырудың осы түрiн жүзеге асыруға арналған лицензиялары бар сақтандыру ұйымдары жүзеге асырады. Сақтандыру ұйымдарына автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жүргiзуге рұқсат беру үшiн қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сақтандыруды қадағалауы белгiлейдi.
      4. Автокөлiк құралдары иесiнiң (сақтанушы) тиiстi лицензиясы бар кез келген сақтандырушылармен азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға құқығы бар.
      5. Автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерi ставкаларының ең жоғарғы мөлшерлерi мен келтiрiлген залалды (зиянды) сақтандырумен қамтамасыз етудiң (өтеудiң) ең төменгi мөлшерiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сақтандыруды қадағалауының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      6. Автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөнiндегi операцияларды жүргiзетiн сақтандыру ұйымдары бұл мақсатқа сақтандырудың аталмыш түрi бойынша сақтандыру төлемдерiнiң кемiнде 75 процентiн бағыттай отырып сақтандыру резервтерiн құрады.
      7. Автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөнiндегi сақтандыру резервтерiнiң қаражаттары сақтандырудың басқа түрлерi бойынша төлем үшiн пайдаланыла алмайды.
      8. Сақтандырушылар автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөнiнде түскен төлемдер есебiнен жол-көлiк оқиғасын болдырмау жөнiндегi шараларды қаржыландыру резервiн құра алады.
      9. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер және басқа да орталық атқарушы органдар осы қаулыға қайшы келетiн нормативтiк актiлердi, нұсқаулықтарды және бұйрықтарды қайта қарау мен тоқтатуды қамтамасыз етсiн.
      10. Осы қаулы күшiне енген күннен бастап мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Көлiк құралдарының иелерi - заңды тұлғалардың мiндеттi азаматтық сақтандыру жауапкершiлiгiн енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 7 желтоқсандағы N 1030 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 48, 708-құжат);
      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 2 желтоқсандағы N 1014 және 1992 жылғы 7 желтоқсандағы N 1030 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 11 маусымдағы N 501 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 23, 289-құжат);
     "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 7 желтоқсандағы N 1030 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 26 қазандағы N 1060 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 42, 507-құжат).
     11. Осы қаулы 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасы
     Премьер-Министрiнiң
     бiрiншi орынбасары

Қазақстан Республикасы          
Үкiметiнiң                 
1996 жылғы 31 қазандағы          
N 1319 қаулысымен             
Бекiтiлген                 

      Автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық
         жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
                         ЕРЕЖЕ

                I. Жалпы ережелер

      1. Автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жол-көлiк оқиғасының (бұдан әрi - ЖКО) нәтижесiнде зардап келтiрiлген үшiншi адамдардың мүлiктiк мүдделерiн қорғауды мақсат тұтады.
      Осы Ереже Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Мемлекеттiк автомобиль инспекциясы (бұдан әрi - МАИ) органдарында және автокөлiк құралдарын тiркеудi жүзеге асыратын басқа да органдарда мемлекеттiк тiркеуге және есепке алынуға жататын автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру кезiнде пайда болған құқықтық қатынастарын реттейдi.
      Көлiк құралының иесi ол пайдаланатын барлық автокөлiк құралдары бойынша өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыруға мiндеттi.
      Иесi өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандырмаған автокөлiк құралын пайдалануға жол берiлмейдi.
      2. Меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумақтарына орналасқан шет елдiк, шетелдермен бiрлескен және басқа да ұйымдарды қоса алғанда автокөлiк құралдары иелерi - заңды тұлғалардың және Қазақстан Республикасы азаматтарының да, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ автокөлiк құралдары иелерi - жеке адамдардың ЖКО салдарынан зардап шегушiлерге, атап айтқанда: азаматтардың өмiрiне немесе денсаулығына, олардың мүлкiне және заңды тұлғалардың мүлкiне келтiрген зияндары мен залалдары үшiн азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандыруға жатады.
      Автокөлiк құралдары Қазақстан Республикасының аумағына уақытша (1 айдан астам мерзiмге) кiргенде Қазақстан Республикасының аумағында танылатын азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру шарты жоқ шетелдiк автокөлiк иелерi осы Ережеде белгiленген тәртiпте автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумақтарында болған барлық кезеңiне сақтандыру шартын жасасады.
      3. Автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру (бұдан әрi - мiндеттi сақтандыру) "Сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы мен осы Ережеге сәйкес сақтанушы мен сақтандырушының арасында жасалатын сақтандыру шарттарының негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Ережеде мынадай анықтаулар қолданылады:
      автокөлiк құралдары - жеңiл, жүк, жүкжолаушы автомобильдерi, шағын автобустар, автобустар, троллейбустар, трамвайлар, мотокөлiк, сондай-ақ олардың тiркемелерi;
      автокөлiк құралдарының иелерi - оларға тиесiлi меншiк құқығының, шаруашылық жүргiзу құқығының, жедел басқару құқығының күшiмен не болмаса өзге де негiздер бойынша (жалға алу шарты бойынша, құзыреттi органдардың ұйымдарға уақытша пайдалануға автокөлiк құралдарын беру туралы және с.с. өкiмнiң күшiмен автокөлiк құралдарын жүргiзуге беру сенiмхаты бойынша) автокөлiк құралдарын пайдаланушы ұйымдар немесе азаматтар;
      үшiншi адам (зардап шегушi) - сақтандыру шарты бойынша тарап болып табылмайтын және залал келтiрудiң салдарынан туындайтын мiндеттiлiктер туралы Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес зардап шегушi деп танылған адам, сондай-ақ оның мұрагерi немесе құқықтық мұрагерi;
      автокөлiк құралын пайдалану кезiндегi азаматтық-құқықтық жауапкершiлiк - ЖКО салдарынан үшiншi адамдардың өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкiне келтiрген залалды өтеудегi сақтанушының заңмен белгiленген мiндетi;
      автокөлiк құралын пайдалану - жүргiзушiнiң автокөлiк құралын тiкелей басқаруы, сондай-ақ трассада автокөлiк құралдарына қызмет көрсету;
      жол-көлiк оқиғасы - көлiк құралдарының жолда жүру процесiнде және оның қатысуымен пайда болған, адамдар қаза тапқан немесе жарақаттанған, мүлiктер бүлiнген немесе жойылған уақиға.
      5. Сақтандырушы сақтанушы үшiн осы Ережеде жазылғаннан неғұрлым тиiмдiрек шарт ұсынуға құқықты.

                       II. Сақтандыру шарты

      6. Мiндеттi сақтандыру шарты сақтанушы белгiленген нысан (1-қосымша) бойынша толтыратын жазбаша өтiнiштiң (өтiнiш-сауалнама) негiзiнде жасалады.
      7. Шарт жасасу кезiнде автокөлiк құралдарының иесi сақтандырушыдан азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi мiндеттi сақтандырудың шарттары мен қолданылу тәртiбiн түсiндiрудi талап етуге құқықты.
      Автокөлiк иесi мiндеттi сақтандыру шартын жасасу туралы өтiнiш берген кезде сақтандырушы сақтанушыдан мұның алдындағы сақтандыру шарттары туралы толық ақпарат ұсынуын талап етуге құқықты.
      8. Мiндеттi сақтандыру шарты - күнтiзбелiк жылға (1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейiн тұтас), ал 1 қаңтардан кейiн алған автокөлiк құралдары бойынша - олар сатып алынған сәттен бастап 31 желтоқсанға дейiн жасалады.
      МАИ органдары көлiк құралын пайдалану процесiнде сақтандыру шартының болуын бақылайды.
      9. Шарт жасасу сақтандыру шарты болып табылатын белгiленген нысандағы сақтандыру полисiн (2-қосымша) жыл сайын ресiмдеумен және сақтандырушыға берумен куәландырылады.
      Сақтанушыға сақтандыру полисiмен бiр уақытта әр көлiк бiрлiгi үшiн сақтандыру полисiнiң нөмiрiне сәйкес нөмiрiмен, белгiленген үлгiдегi сақтандыру талоны (4-қосымша) берiледi.
      10. Алдағы жылға арналған мiндеттi сақтандыру шарты ағымдағы жылдың 1 қазанынан 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңде жасалады және сақтандыру төлемдерi бiр уақытта немесе бөлiктерiмен төленедi (3-қосымша).
      11. 1 қаңтардан кейiн алынған автокөлiк үшiн сақтандыру төлемi 5-қосымшада мазмұндалған кестеге сәйкес жылдың аяғына дейiн қалған айлардың санынан тепе-тең төленедi. Бұл жағдайда толық емес ай толыққа саналады.
      Жылға жетпейтiн мерзiмге жасалған сақтандыру шарты бойынша төлем бiр уақытта төленедi.
      Сақтандыру төлемiн уақытында төлемегенi үшiн сақтанушыдан мерзiмi өткен күн үшiн Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген мөлшерде (жалпы бөлiмi, 353-бап), бiрақ белгiленген сақтандыру төлемiнiң жалпы сомасының артық емес өсiм өндiрiледi.
      12. Көлiк құралын тiкелей басқаруды жүзеге асыратын, автокөлiк құралдарын әлеуметтiк қамсыздандыру органдары арқылы тегiн алған азаматтар, I-II топтардағы мүгедектер, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестiрiлген адамдар азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi мiндеттi сақтандыруы бойынша сақтандыру төлемдерiн белгiленген жылдық төлемнiң 50 процентi мөлшерiнде төлейдi.
     13. Автокөлiк құралының иесi өзгерген жағдайда сақтандыру шарты бойынша оның құқықтары мен мiндеттерi сақтанушының келiсiмiмен азаматтық заңда айқындалған тәртiпте тиiстi құқықтық мұрагерге ауыса алады.
     14. Көлiк құралын авариясыз пайдаланған кезде сақтандырушыға сақтандыру төлемiнен мынадай мөлшерде жеңiлдiк ұсынылады: ___________________________________________________________________
Авариясыз пайдалану мерзiмi (жыл)  | Жарнадан берiлетiн жеңiлдiктiң
                                   | процентi
___________________________________________________________________
              2                                  5
              3                                  10
              4                                  15
              5 және одан да көп                 20
      Сақтандырушыға көрсетiлген кезеңдерде жасалған сақтандыру шарты бойынша сақтандыру өтемiн төлеу туралы өтiнiш ұсынбау авариясыз пайдалану болып саналады.
      Сақтандырушы ауысқан жағдайда сақтанушыға ол оның алдындағы сақтандыру жылдарында автокөлiк құралдарын авариясыз пайдаланғандығы туралы растаушы құжатты ұсынған кезде сақтандыру төлемiнен жеңiлдiк ұсынылады.
      15. Автокөлiк құралдары басқа мемлекеттен Қазақстан Республикасына келген кезде МАИ қызметкерлерi оның жүргiзушiсiне мiндеттi сақтандыру шартын жасасудың қажеттiгi туралы ескертуге және сақтандырушы ұйымдардың орналасқан жерi туралы ақпарат беруге мiндеттi.
      Шетелдiк автокөлiк құралдары кеткен кезде оның жүргiзушiсi МАИ қызметкерлерiне сақтандыру полисiн көрсетуге мiндеттi. Егер автокөлiк құралы Қазақстан Республикасының жол қозғалысында мiндеттi сақтандыру шартын жасаспастан пайдаланылса немесе ол Қазақстан Республикасында сақтандыру шартының қолданылу мерзiмiнен ұзақ болса онда 5-қосымшаға сәйкес мөлшерде сақтандыру төлемiн төлеуi керек.
     16. Егер Қазақстан Республикасының қатысуымен халықаралық шартта осы Ережеде мазмұндалғаннан басқадай шарт қарастырылған болса, онда халықаралық шарттың нормалары қолданылады. 

                  III. Сақтандыру өтемi

      17. ЖКО үшiншi адамдардың өлуiне, мертiгуiне немесе денсаулығының басқадай зақымдануына, сондай-ақ мүлкiнiң бүлiнуiне немесе жойылуына әкелiп соқтырса сақтандырушы сақтандыру өтемiн  төлейдi.
     18. ЖКО нәтижесiнде зардап шегушiге келтiрiлген залал үшiн сақтандыру өтемi келтiрiлген залалдың дәрежесiне қарай төленедi (6-қосымша).
     19. Жол-көлiк оқиғасына қатысушылардың олар келтiрген зияндарға қаншалықты кiнәлi екендiгiн кiнәлiлердiң кiнәсiн мойындауы жолымен немесе тергеу, тексеру органдарының талаптарынан белгiлi болады, ал келiспеушiлiк болған жағдайда сот тәртiбiмен шешiледi.
     20. Үшiншi адамның жеке басына немесе мүлкiне залал, егер залал келтiру:
     қарғысудың, басып кетудiң, соғудың, құлаудың, көлiк құралы аударылуының;  
      өздiгiнен жанудың (өрттiң), жарылудың нәтижесiнде болса сақтандыру жағдайы болып саналады және сақтандырумен өтеледi.     
      21. Үшiншi адамдарға мынадай жағдайларда:
      көлiк құралын тиегенде немесе түсiргенде;
      көлiк құралын жарыстарда, сынақтарда пайдалану немесе арнаулы орындарда жүргiзудi үйрену кезiнде;
      өрт қауiпсiздiгi тәртiбi бұзылғанда, улы, отқа тұтанғыш және жарылғыш заттарды тасымалдағанда және сақтағанда;
      көлiк иесi көлiк құралын қылмыс құралы ретiнде пайдаланғанда;
      қоршаған табиғи ортаны ластағанда немесе зақымдағанда;
      ЖКО-мен байланысты емес қоғамдық тәртiп бұзушылықта, әскери қақтығыстарда, зiлзала апаттарында, оқ-дәрiлердiң жарылысында;
      көне және сирек заттар, құнды металдардан жасалған бұйымдар, құнды, жартылай құнды және өңделген тастар, дiни сенiм заттары, коллекциялар, суреттер, қолжазбалар, ақша белгiлерi, бағалы қағаздар зақымданғанда немесе жойылғанда;
      үшiншi адамдардың қатысуы МАИ-дiң тиiстi құжаттарымен расталмаған ЖКО;
      Қазақстан Республикасының заңына сәйкес сақтандырушының жоғары қауiп тудырушы ретiндегi жауапкершiлiгiн жоққа шығаратын жағдайларда залал келтiру оқиғасы мiндеттi сақтандырумен өтелмейдi.
      Үшiншi (зардап шегушi) адамның моральдық зияны мен түспеген пайдасы және зардап шегушiнiң тарауларды әкелу мерзiмiн немесе жұмыс өндiрiстерiн (қызмет көрсету), контракты (шарт) бойынша өзге де мiндеттемелерiн бұзуына байланысты пайда болған шығындары да (айыппұлдар, тұрақсыздық және т.б.) сақтандырумен өтелмейдi.
      Егер сақтанушы дәлелдi себептерсiз осы Ережеде белгiленген мерзiмдерде сақтандыру оқиғасы туралы сақтандырушыға хабарламаса немесе сақтандырушының (оның өкiлiнiң) бүлiнген мүлiктi қарауына кедергi келтiрсе сақтандырушы сақтандыру өтемiн төлеуден бас тарта алады.
      22. Үшiншi адамның өзiне немесе мүлкiне залал келтiрiлген жағдайда зиянның мөлшерi соттың шешiмiмен сақтанушыға жүктелген, не болмаса сақтанушының сақтандырушымен және зардап шегушiмен келiсiмi бойынша мойындалған сомаға сүйенiп айқындалады.
      Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктерiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру өтемi сақтанушының жауапкершiлiгiн белгiлеген сот шешiмi күшiне енген немесе сақтандырушының алдын ала келiсуiмен сақтанушының өзi үшiншi адамның алдындағы жауапкершiлiгiн мойындаған және төлем туралы мәселенi шешу үшiн қажеттi барлық құжаттар алынған күннен бастап 7 банкiлiк күннiң iшiнде жүргiзiледi.
      23. Мүлiк бүлiнген кезде шығынның мөлшерi бүлiнген мүлiктердi (заттарды) қалпына келтiру құнының немесе жекелеген тораптарды, бөлшектердi, заттарды жөндеу жөнiндегi қажеттi шығынның сомасының негiзiнде айқындалады.
      Қалпына келтiрудiң құны мен шығындардың мөлшерi сақтандыру жағдайы туындаған сәттегi қолданылып жүрген бағаларға, бағалауларға және тарифтерге сүйенiп сақтандырушы жасаған есептеудiң (калькуляция) негiзiнде немесе құрылыс, жөндеу және басқа да бiлiктi ұйымдар жасаған есептеу (калькуляция) негiзiнде айқындалады.
      Қажет болған жағдайда сақтандырушы бүлiнген мүлiктi қалпына келтiру сметасын жасау немесе сараптау үшiн тәуелсiз сарапшылардың қызметтерiн пайдаланады.
      Келтiрiлген зиянның мөлшерiн анықтау жөнiндегi даулар сот тәртiбiмен шешiледi.
      24. Заңды тұлғаның мүлкi толықтай жойылып кеткен жағдайда шығынның мөлшерi қаншалықты тозғандығы шегерiлiп, жойылған мүлiктiң баланстық құнының, ал жеке адамға - сақтандыру оқиғасы болған күнгi нарықтық баға негiзiнде айқындалады.
      25. Зардап шегушiнiң мүлкiне келтiрiлген зиян немесе залал үшiн мiндеттi сақтандыру бойынша өтем ерiктi сақтандыру шарты бойынша тиесiлi төлемге тәуелсiз төленедi, алайда зардап шегушiнiң барлық сақтандырушылардан алған сақтандыру өтемiнiң жалпы сомасы нақты зияннан аспауы тиiс. Залалды өтеу сомасы осы Ережеде белгiленген шектерден асып кеткен жағдайларда зардап шегушiнiң залал келтiрген автокөлiк құралы иесiне залалды қосымша өтеуi туралы сотқа шағым жасауға құқығы бар.
      26. Мiндеттi сақтандыру бойынша залалға өтем төлеген сақтандырушының:
      егер залал келтiрушi оқиға болған жерден қашып кеткен;
      егер сот тергеуi барысында сақтандыру оқиғасы көлiк құралының залал келтiрушi бiлген немесе бiлуi тиiс техникалық ақауы салдарынан болғандығы анықталған;
      көлiк құралын осы көлiк құралын жүргiзуге құқығы жоқ не болмаса алкогольдiк, есiрткiлiк немесе өзге де мастық жағдайдағы жүргiзушi басқарған;
      көлiк құралы оның техникалық тұрғысына тән емес мақсатқа пайдаланылған;
      көлiк құралын заңсыз иеленген адамдардың әрекетiнен залал келтiрiлген жағдайларда оны керi талап етуге құқығы бар.
      27. Керi талап ету:
      көлiк құралы иесiне жалданып жұмыс iстейтiн жүргiзушiге;
      көлiк құралы иесiнiң онымен бiрлесiп шаруашылық жүргiзушi отбасы мүшелерiне;
      көлiк құралын иесi қасында отырғанда жүргiзген адамға ұсынылмайды.
      28. Сақтандыру сомасын (сақтандыру өтемiн) уақтылы төлемегенi үшiн сақтандырушы мерзiмiн өткiзiп алған әр күн үшiн Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде (жалпы бөлiм) көзделген мөлшерде өсiм төлейдi.
      29. Жеке адамға тигiзiлген зиян үшiн сақтандыру өтемi зардап шегушiге (зардап шегушiнiң мұрагерлерiне) оған және оның мұрагерлерiне мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру, әлеуметтiк қамтамасыз ету, мiндеттi медициналық сақтандыру бойынша немесе сақтандырудың басқа да түрлерi бойынша тиесiлi сомаға тәуелсiз төленедi.
      Сақтандыру өтемiн төлеу бiр жолғы, сондай-ақ зардап шегушiнiң тiлегiне байланысты уақыт бойынша бөлiнiп төленуi де мүмкiн.
      30. Iшкi iстер органдары, прокуратура, соттар, медицина мекемелерi және өзге де құзыреттi органдар сақтандырушыларға мiндеттi сақтандыру бойынша өтем төлеуге байланысты мәселелердi шешу үшiн қажеттi құжаттарды тегiн беруге мiндеттi.

                 IY. Талаптардың құқықтары мен мiндеттерi

      31. Сақтанушы:
      сақтандыру жарнасын уақытында төлеуге;
      көлiк құралын ұстау мен пайдаланудың белгiленген әрi жалпыға ортақ қабылданған ережелерi мен қауiпсiздiк нысандарын сақтауға;
      сақтандыру шартын жасау кезiнде сақтандырушыға, егер ондай болған болса бұдан бұрынғы сақтандыру туралы хабарлауға;
      сақтандыру оқиғасы басталған кезде 3 тәулiктен кешiктiрiлмей (демалыс және мереке күндерiн есептемегенде) ол туралы сақтандырушыға сақтандыру оқиғасының орнын, уақытын және барлық жағдайын көрсетiп хабарлауға (сақтанушы, зардап шегушiлер немесе олардың мұрагерлерi сақтандыру оқиғасының болғандығы туралы хабарлауы мүмкiн болмаған кезде бұл ақпаратты сақтандырушыға МАИ органдары жеткiзедi);
      залалды болдырмауға немесе азайтуға барлық мүмкiндiк шараларын қолдануға, мүлiктi құтқаруға, зардап шегушiлерге көмек көрсетуге;
      сақтандыру оқиғасының болғандығы туралы олардың құзыретiне орай тиiстi органдарға (милицияға, МАИ-ға, мемлекеттiк өрт қадағалау органдарына, авариялық қызметке және т.б.) хабарлауға;
      бүлiнген мүлiктiң (егер бұл қауiпсiздiк немесе зиянның азаю мүддесiне қайшы келмесе) сақтандырушының өкiлi сақтандыру оқиғасынан кейiнгi күнiнде көргенге дейiн сақталуын қамтамасыз етуге;
      сақтандырушы өкiлiнiң ешбiр кедергiсiз бүлiнген мүлiктi көру, зерттеу, қарау, себебiн, зиян мөлшерiн және сақтандыру оқиғасы болуының өзге де жағдаяттарын анықтау мүмкiншiлiгiн қамтамасыз етуге;
      сақтандырушыға қажеттi барлық ақпаратты (егер талап етiлсе - жазбаша түрде) хабарлауға, сондай-ақ оған сақтандыру оқиғасының басталу жағдайы мен зиян мөлшерiн анықтау үшiн қажеттi қолда бар құжаттарды беруге;
      сақтандырушыға мүмкiндiгiнше ең қысқа мерзiмде зардап шегушiнiң ресми талабы (азаматтық жауапкершiлiгi) туралы, сондай-ақ оның барлық жазбаша талабы туралы, құзыреттi органдардың келтiрiлген зияндар мен тигiзiлген зардаптар фактiлерi бойынша iс-қимылды (тексеру, сотқа шақыру және с.с.) бастағаны туралы хабарлауға;
      залал мөлшерiн анықтау мәселелерiн реттеу жөнiнде сақтандырушымен кеңесуге мiндеттi.
      Мiндеттi сақтандыру шартымен сақтанушының басқа да мiндеттерi қарастырылуы мүмкiн.
      32. Сақтанушының:
      көлiк құралына иелiк ету (пайдалану) құқығының тоқтауына немесе көлiк құралының жоғалуына байланысты сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатқан кезде егер сақтандыру өтемi жүргiзiлмеген болса, сақтандыру төлемi мөлшерiнiң ең көп дегенде 25 процентiн құрайтын iстi жүргiзуге арналған шығыстар ескерiлiп сақтандыру жарнасының сақтандыру мерзiмiнiң ақырына дейiн қалған уақытқа тепе-тең бөлiгiн қайтарып алуға;
      сақтанушы көлiк құралын ауыстырған кезде осы Ережеде көзделгендей жеңiлдiктер мен үстемелердi қолдана отырып, сақтандыру сыйақысын қайта есептеуге құқығы бар.
      33. Сақтандырушы:
      сақтанушыдан мiндеттi сақтандыруға өтiнiш пен сақтандыру жарнасын төлегенi туралы растама алуы бойынша сақтанушыға сақтандыру полисiн беруге;
      сақтандыру оқиғасы туралы хабарлама алғаннан кейiнгi үш күндiк мерзiм iшiнде актi жасауға;
      қажет жағдайларда себептерiн, зақымдалу дәрежесiн, мүлiктiң құнын айқындау үшiн актi жасауға қатысуға тиiстi құзыреттi органдардың мамандарын (сарапшыларын) шақыруға;
      сақтандыру төлемiне байланысты даулар сот тәртiбiмен қаралатын жағдайлардан басқа да сақтандырудың шартында барлық құжаттар болған кезде ең соңғы құжатты алғаннан кейiнгi 7 банкiлiк күннен кешiктiрмей сақтандыру төлемiн бастауға мiндеттi.
     Мiндеттi сақтандыру шартымен сақтандырушының басқа да мiндеттерi қарастырылуы мүмкiн.
     34. Сақтандырушы:
     бүлiнген мүлiктi көруге қатысуға және көру актiсiне қол қоюға;      құзыреттi органдардан фактiге және сақтанушының қаншалық дәрежеде кiнәлi екендiгiне қатысты құжаттарды сұрауға;
     сотта сақтанушының атынан немесе оның тапсыруымен iс жүргiзуге;
     егер сақтанушының 32-тармақта көрсетiлген талаптарды сақтамауының салдарынан өтемақы төлеу туралы шешiм қабылдауға қажеттi жағдайды айқындау мүмкiн болмаса немесе шығын мөлшерi айтарлықтай өсiп кеткен болса, сақтандыру өтемiн төлеуден бастартуға құқылы.

                    Y. Дауларды шешу

      35. Сақтандыру шарты бойынша барлық даулар Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен қаралады.

1-Қосымша

                     Автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық
               жауапкершiлiгiн сақтандыру жөнiндегi
                        Өтiнiш-сауалнама

                                199___жылғы____________" "
     1. Сақтанушының атауы (аты-жөнi)______________________________
___________________________________________________________________
     2. Заңды мекен-жайы (тұратын жерi)____________________________
                                  тел:_____________________________
     РНН___________банктiң реквизиттерi____________________________
     3. Автокөлiк құралдары туралы мәлiмет (жеке адамдар үшiн):
маркасы________________________үлгiсi (модель)_____________________
шыққан жылы________________________________________________________
нөмiрлерi: двигательдiң___________________шасси____________________
қораптың __________________________мемнөмiрi_______________________
двигательдiң көлемi _____________________өзге мәлiметтер___________
     4. Автокөлiк құралдары туралы мәлiмет (заңды тұлғалар үшiн):
___________________________________________________________________
        Көлiк құралдарының түрi            | Саны     |Мемлекеттiк
                                           |          | нөмiрi
___________________________________________________________________
жеңiл автомобильдер, шағын автобустар:
     1200 текше сантиметрге дейiн
     1200-ден 1600 текше сантиметрге дейiн
     қоса есептеледi
     1600-ден 2000 текше сантиметрге дейiн
     қоса есептеледi
     2000-нан 2500 текше сантиметрге дейiн
     қоса есептеледi
     2500 сантиметрден жоғары тiркемелер
автобустар:
     20 адамға дейiнгiлердi қоса алғанда
     20 адамнан артық
троллейбустар, трамвайлар, жүк автомобильдерi:
     2 тоннаға дейiнгiлердi қоса алғанда
     2 тоннадан жоғары тiркемелер
арнайы автокөлiк,
мотокөлiк
     5. Мұның алдындағы жауапкершiлiктi сақтандыру шарты туралы
ақпарат
___________________________________________________________________
                (сақтандырушының атауы, оқиғалар саны
___________________________________________________________________
                   мен өтем төлеудiң сомасы)
     6. Басқа да қажеттi ақпарат __________________________________
___________________________________________________________________
     Сақтанушы автокөлiк құралының құрамы мен саны өзгерген жағдайда
тиiстi түзету енгiзуге мiндеттенедi.
     Өтiнiш-сауалнама сақтандыру полисiнiң құрамдас әрi бөлiнбес
бөлiгi болып табылады.
     Сақтанушы (немесе оның өкiлi):______________________________
                                              қолы
     " " ____________________199___ж.
 

      2-Қосымша             

                     Сақтандыру полисi
                            N

_________________________________________(бұдан әрi - Сақтанушы)
     азаматтың аты-жөнi, ұйымның атауы
мен сақтандыру ұйымы "___________" (бұдан әрi - Сақтандырушы)
"Сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi
бар Жарлығына және Автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық
жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы ережеге сәйкес автокөлiк
иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру шартын
жасады.
Есептелдi_________________      ________________________теңге төлем.
              цифрмен                 жазбаша
Жеңiлдiк______________________  %сомасы________________________теңге
Барлық төлеуге жататыны ___________________________________________
                             цифрмен              жазбаша
Сақтандыру төлемi қолма-қол ақшамен
"__" ____________________199__ж. ___________________теңге
"__" ____________________199__ж. ___________________теңге төлендi
немесе ақшасыз есеп айырысу жолымен аударылды  _____________________
                                                   күнi, төлем
___________________________________________________________________
тапсырмасының N
___________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Сақтандыру шарты 199__жылғы "__" __________________199___жылғы
" __" _______________________дейiн қолданылады.
Ерекше шарттары __________________________________________________
__________________________________________________________________
     Сақтандыру шартының жағдайымен таныстым, өзiм берген
мәлiметтiң дұрыстығын растаймын, полистi алдым.
     Сақтанушы (немесе оның өкiлi) _______________________________
                                          аты-жөнi, қолы
     Полис _____________________ "___"______________199__жылы
берiлдi.
     М.О.
     Сақтандырушы ________________________________________________
                          аты-жөнi                   қолы

3-Қосымша         

        Алматы қаласы мен Оңтүстiк Қазақстан облысындағы
          көлiк құралы бiрлiгiнен алынатын жылдың сақтандыру
                             төлемiнiң
                             МӨЛШЕРI

              (ең төменгi айлық есептiк көрсеткiшпен) ___________________________________________________________________
     Көлiк құралының үлгiсi,                   | Төлем мөлшерi
       двигателiнiң көлемi                     |
___________________________________________________________________
1. Жеңiл автомобильдер мен шағын автобустар:
   1200 текше сантиметрге дейiн                      3,0
   1200-ден 1600 текше сантиметрге дейiн
   қоса есептегенде                                  4,0
   1600-ден жоғарыдан 2000 текше сантиметрге дейiн   5,0
   2000-нан 2500 текше сантиметрге дейiн
   қоса есептегенде                                  6,0
    2500 текше сантиметрден жоғары                   7,0
2. Автобустар:
   20 жолаушылар орнына дейiн, қоса
   есептегенде                                       6,0
   20-дан жоғары жолаушылар орыны                    7,0
3. Троллейбустар, трамвайлар,                        7,0
4. Жүк автомобильдерi:
   жүк көтеруi 2 тоннаға дейiн                       7,0
               2 тоннадан жоғары                     9,0
5. Арнайы автокөлiк                                  6,0
6. Мотокөлiк                                         1,5
__________________________________________________________________
   Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл,
   Қарағанды, Қостанай және Павлодар
   облыстарында                                     -0,9
   Ақтөбе және Семей облыстарында                   -0,85
   Жезқазған, Батыс Қазақстан, Көкшетау,
   Солтүстiк Қазақстан және Талдықорған
   облыстарында                                     -0,8
   Атырау, Қызылорда, Маңғыстау және Торғай
   облыстарында                                     -0,75
түзету коэффициентi қолданылады.
     Ескерту: Тiркеме үшiн сақтандыру төлемiнiң мөлшерi көлiк
              құралы тарифiнiң 10 процентiн құрайды.

4-Қосымша          

               (бет жағы)

         Автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық
              жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың
                    N______Сақтандыру талоны

____________________          ___________________________________
сақтандыру жылы                 көлiк құралының мемлекеттiк нөмiрi

             (сыртқы жағы)

Сақтандырушы ______________________________________________________
                                     атауы
Сақтанушы _________________________________________________________
               (кәсiпорынның атауы, жеке адам үшiн аты-жөнi)
___________________________________________________________________
     (толықтай)
Көлiк құралының маркасы___________________________________________
Сақтандыру мерзiмi _______________________________________________
Сақтандырушының М.О.

5-Қосымша          

        Бiр жылдан аз мерзiмге жасалған автокөлiк құралдары
            иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн
                    мiндеттi сақтандыру бойынша
                      Төлем мөлшерiнiң кестесi
___________________________________________________________________
     Сақтандыру мерзiмi                 |Жылдық төлемнiң процентпен
                                        |есептегендегi төлем мөлшерi
___________________________________________________________________
     1 айға дейiн                                   20
     1 айдан 2 айға дейiн                           30
     2 айдан 3 айға дейiн                           40
     3 айдан 4 айға дейiн                           50
     4 айдан 5 айға дейiн                           60
     5 айдан 6 айға дейiн                           70
     6 айдан 7 айға дейiн                           75
     7 айдан 8 айға дейiн                           80
     8 айдан 9 айға дейiн                           85
     9 айдан 10 айға дейiн                          90
     10 айдан 11 айға дейiн                         95

6-Қосымша         

         Келтiрiлген залал (зиян) үшiн сақтандыру өтемiнiң
                           Мөлшерi

             (сақтандыру шарты жасалған күнгi ең төменгi
                        есептiк көрсеткiштермен) ___________________________________________________________________             Көрсеткiштер            |     Төлемдер сомасы
___________________________________________________________________
1. Өмiр және денсаулық:
     қаза табу                                 600,00
     мүгедектiк:  I-топтар                     500,00
                  II-топтар                    400,00
                  III- топтар                  300,00
     Жалпы еңбекке жарамдылығын уақытша жоғалтқан кезде өтем
емделген әр күн үшiн 1,5 бiрақ 200-ден артық емес.
2. Мүлiктiң жойылуы мен бүлiнуi                келтiрiлген
                                               зардаптың
                                               мөлшерiнде,
                                               бiрақ 400-ден
                                               артық емес
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады