1. "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Заңының 24-бабы мынадай редакцияда берiлсiн (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 15, 201-құжат):
"24-бап. Сақтандыру Мiндеттi сақтандыруға жолаушылар темiр жол, әуе, теңiз, су, мемлекетаралық және облысаралық автомобиль көлiгiмен сапарға шыққан кездерiнде олардың алдындағы тасымалдаушының жауапкершiлiгi мен автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi жатады". 2. Осы Жарлық 1996 жылдың 1 шiлдесiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi