"Қазақстан метрология институты (ҚазМетИн)" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы <*>

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 1 қараша N 1342

       ЕСКЕРТУ. Тақырыбында және мәтіндегі сөздер ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2000.08.09. N 1227   қаулысымен .  

      "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335  Заң күшi бар Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Шаруашылық жүргiзушi құқығында "Қазақстан метрология институты (ҚазМетИн)" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - мемлекеттiк кәсiпорын) құрылсын. 
      Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi мемлекеттiк басқару органымен 
айқындасын. <*>
      Мемлекеттiк кәсiпорын мемлекеттiк ғылыми метрологиялық орталық болып анықталсын. <*>
       ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.04.28. N 485  қаулысымен .
      2. Мемлекеттiк кәсiпорынның негiзгi мiндеттерi: 
      Қазақстан Республикасында жасалатын және импортталатын өлшеу құралдарына белгiленген талаптарға сәйкес сынақ жүргiзу; 
      лицензиялауға жататын өлшеу құралдарын жасау, тексеру және жөндеу жөнiндегi заңды және жеке тұлғалардың қызметiн зерттеу және дайындау, болып айқындалсын; <*>
      халықаралық талаптарға сай өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету үшiн метрология жөнiндегi техникалық (эталондық) базаны және нормативтiк құжаттардың үйлесiмділігiн жетiлдiру, өлшем бiрлiгін қамтамасыз ету мен сертификаттау саласында аккредиттеу кезiнде ұйымдарды техникалық тексеру, осы салада мамандарды даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру. <*> 
      метрология саласында қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау;
      шамалар бiрлiктерiнiң мөлшерлерiн мемлекеттiк эталондардан кәсiпорын эталондарына беру;
      өлшемдер бiрлiгін қамтамасыз ету мәселелерi бойынша жеке және заңды тұлғаларды ақпараттық қамтамасыз ету;
      уақыт пен жиiлiктiң, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандартты үлгiлерiнiң, заттар мен материалдардың физикалық константалары және қасиеттерi туралы стандартты анықтамалық деректердiң мемлекеттiк қызметтерiнiң iс-әрекетiне байланысты жұмыстарды жүргiзу.
       ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.08.09. N 1227
қаулысымен .   
       ЕСКЕРТУ. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.04.28. N 485  қаулысымен .
      3. Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi бiр ай мерзiм iшiнде мемлекеттiк кәсiпорын жарғысын бекiтсiн және оны белгiленген тәртiпте тiркесiн. 
      4. Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп бiр ай мерзiм iшiнде мемлекеттiк кәсiпорынды тiркеу, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысымен  бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiн толықтыру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн. 

     Қазақстан Республикасы
     Премьер-Министрiнiң
     бiрiншi орынбасары

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады