"Қостанайасбест" акционерлiк қоғамын қаржы-экономикалық сауықтыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 6 қараша N 1351

      "Қостанайасбест" акционерлiк қоғамын қаржы-шаруашылық қызметiн сауықтыру және инвестициялар тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Төлем жасауға қабілетсiз мекемелердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне беру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 мамырдағы N 656 қаулысының қосымшасына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 17, 194-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне берiлген төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындардың тiзбесiнен:
      "Қостанайасбест" АҚ, Қостанай облысы алынылып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне "Қостанайасбест" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар пакетiн иелену, пайдалану мен басқару құқығын қайтарып алып, оны белгiленген тәртiппен ашық саудаластықта сату үшiн Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне беретiн болсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады