"Ақтау" демалыс үйiн жекешелендiру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 8 қараша N 1359

      "Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының объектiлерiн ұстау жөнiндегi бюджеттен қаржыландырылатын шығыстарды төмендету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Ақтау" демалыс үйiнiң мүлiктiк кешенiн Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының қарауынан шығару туралы Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасы аймақтың қоршаған ортасын сақтаудың және оның экологиялық жай-күйiн қолдаудың ерекше маңызын ескерiп, "Ақтау" демалыс үйiн жабық тендерде сату туралы шешiм қабылдау үшiн оны мүлiктiк кешен ретiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Ақтау" демалыс үйiн жабық тендерде мүлiктiк кешен ретiнде сатуды, мұнымен бiрге Сатып алушының екi жыл бойы "Ақтау" демалыс үйiнiң корпустарына ресми үкiмет делегацияларын мiндеттi түрде орналастыруы оның шарттарының бiрi екенiн айқындап жүзеге асырсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады