Бюджеттiк қарыздар бойынша есептеме жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 8 қараша N 1362

      Жылу энергиясын босатқан үшiн бюджеттiк ұйымдардың жинақталып қалған берешектерiн қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк салық комитетiмен бiрлесiп республикалық бюджет алдындағы қосымша құнға салынатын салық бойынша 368 (үш жүз алпыс сегiз) млн. теңге сомасында, оның iшiнде "Павлодар мұнай өңдеу заводы" акционерлiк қоғамы бойынша - 184 (жүз сексен төрт) млн. теңге және "Атырау мұнай өңдеу заводы" акционерлiк қоғамы бойынша - 184 (жүз сексен төрт) млн. теңге сомасында есептеме жүргiзсiн.
      Аталған соманы Торғай облысы әкiмiнiң бюджеттiк ұйымдарын, ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды, олар тұтынған жылу энергиясы үшiн берешегiн қайтаруға қаржыландыру есебiне есептелсiн.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы есеп жүргiзуден туындайтын Торғай облысының жергiлiктi бюджеттерiмен мемлекеттiк мiндеттемелердi орындау үшiн республикалық бюджетте 1996 жылға арнап көзделген қаражаттар есебiнен өзара есеп айырысуды реттесiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 3-абзацы жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң

              1996.12.14. N 1540 қаулысымен.  

P961540_

 
    
     2. "Павлодар мұнай өңдеу заводы" акционерлiк қоғамы мен "Атырау
мұнай өңдеу заводы" акционерлiк қоғамының Арқалық ЖЭО-ға 1996 жылдың
10 қарашасынан бастап келiсiлген кестелер мен бағалар бойынша
республикалық бюджетке есептелген төлемдер есебiнен жылу энергиясын
өндiру үшiн мазут берiп тұру туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
     3. Берешектi есептеу аталған соманы 1996 жылға арналған
республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсете отырып
жүргiзiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады