"Қазақстанэнерго" ұлттық энергетика жүйесi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының Сiбiр-Қазақстан-Урал 1150 кВ транзитiн пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк еншiлес кәсiпорнын акционерлендiру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 12 қараша N 1371

      Қазақстан Республикасы энергия жүйесiнiң Ресей Федерациясы энергия жүйесiмен жарыспалы сенiмдi жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiмен бiрлесiп бiр ай мерзiмде:
      "Қазақстанэнерго" ұлттық энергетика жүйесi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының Сiбiр-Қазақстан-Урал 1150 кВ транзитiн пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк еншiлес кәсiпорнын заңда белгiленген тәртiппен қайта ұйымдастырсын;
      құрылатын акционерлiк қоғамның акцияларын бөлу тәртiбiн айқындасын:
      өндiрiстiк қуаттарды дамыту және қолдау үшiн "Қазақстанэнерго" ұлттық энергетика жүйесi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының Сiбiр-Қазақстан-Урал 1150 кВ транзитiн пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк еншiлес кәсiпорнының инвестициялық қажеттiгiн айқындасын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару

жөнiндегi мемлекеттiк комитетi құрылатын акционерлiк қоғамның
акцияларын сатуды заңда белгiленген тәртiппен жүзеге асырсын.
     3. Құрылатын акционерлiк қоғам "Қазақстанэнерго" ұлттық
энергетика жүйесi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының
Сiбiр-Қазақстан-Урал 1150 кВ транзитiн пайдалану жөнiндегi
мемлекеттiк еншiлес кәсiпорнының мұрагерi болып табылады деп
белгiленсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады