"Екiбастұз 2-ГРЭС" мемлекеттiк кәсiпорнын акционерлендiру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 12 қараша N 1372

      Қазақстан Республикасының тұтынушыларын электр энергиясымен үздiксiз қамтамасыз ету және электр энергетикасын дамытуға инвестицияларды тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiмен бiрлесiп бiр ай мерзiмде:
      "Екiбастұз 2-ГРЭС" мемлекеттiк кәсiпорнын оны акционерлiк қоғам

етiп құру жолымен заңда белгiленген тәртiппен қайта ұйымдастырсын;
     құрылатын акционерлiк қоғамның акцияларын бөлу тәртiбiн
айқындасын;
     өндiрiстiк қуаттарды дамыту мен қолдау үшiн "Екiбастұз 2-ГРЭС"
инвестициялық қажеттiгiн айқындасын.
     2.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1997.08.08. N 1242
              қаулысымен.  

P971242_

 
     3. Құрылатын акционерлiк қоғам "Екiбастұз 2-ГРЭС" мемлекеттiк
кәсiпорнының мүлiктiк құқықтары мен мiндеттемелерiнiң мұрагерi болып
табылады деп белгiленсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады