"Нұрсат" бiрлескен кәсiпорнының мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 13 қараша N 1376

      "Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы құрлықаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын құрту, авариялық жағдайлардың зардаптарын жою және ядролық қаруды таратуды болдырмауға қатысты келiсiмдi жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 4 қазандағы N 1300 P951300_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. Аталған қаулыға және "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 4 қазандағы N 1300 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 1 қарашадағы N 1334 қаулысына сәйкес конверсиялық телекоммуникациялық жобаны iске асыруды "Нұрсат" қазақстан-американ бiрлескен кәсiпорны жүзеге асырады деп белгiленсiн.
      "Нұрсат" қазақстан-американ бiрлескен кәсiпорны Жарғысында көзделген қызметiнен басқа, сондай-ақ үкiметтiк және арнаулы байланыстарды толық көлемде жүзеге асыруда бiрiншi талап етуi бойынша қызмет көрсетедi деп белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар

министрлiгi бiр апта мерзiмде "Нұрсат" қазақстан-америка бiрлескен
кәсiпорнына телерадиохабарлары қызметiн көрсетуге және "Нұрсат"
телекоммуникациялар жүйесi арқылы деректер беру қызметiн көрсетуге
лицензия беретiн болсын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады