Қазақстан Республикасы Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының нысанды киiм-кешектiң жаңа үлгiлерiне көшуi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 15 қараша N 1390. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.07.12. N 722 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасының Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2707  Заң күшi бар Жарлығын  орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. 1-2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының нысанды киiм-кешегiнiң, аяқ киiмiнiң, жарақтары мен айырым белгiлерiнiң үлгiлерi бекiтiлсiн. 
      Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының нысанды киiм-кешегiнiң, (киiм, аяқ киiмдi, жарақтар мен айырым белгiлерi) бұйымдарының нобайлары, үлгiлерi, пiшiндерi, техникалық құжаттамасы тәжiрибелiк және өнеркәсiптiк даналары Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң интеллектiлiк меншiгi болып табылады. 
      2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi: 
      Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарын нысанды киiм-кешекпен, аяқ киiммен, жарақтармен және айырым белгiлермен жабдықтаудың жаңа нормаларын әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге ұсынсын; 
      нысанды киiм-кешектi, аяқ киiмдi, жарақтармен айырым белгiлерiн киiп жүрудiң ережелерiн әзiрлесiн; 
      жаңа пiшiмдi киiм-кешек (киiм, аяқ киiмдi, жарақтары мен айырым белгiлерi) тiгу және жарақаттауға көшудi қазiргi уақытта қолданылып жүрген жарақтау мен киюдiң нормалары мерзiмдерiне сәйкес аталған заттық мүлiк қорын толық жұмсалғанша пайдалануын, сондай-ақ республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң мүмкiндiктерiн ескере отырып, кезең-кезеңмен жүзеге асырылсын. 
      3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Өнеркәсiп және сауда министрлiгi мемлекеттiк қорғаныс тапсырысы құрамында iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының нысанды киiм-кешегiнiң, аяқ киiмiнiң, жарақтары мен айырым белгiлерiнiң жаңа үлгiлерiн дайындауды көздесiн. 
      4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi: 
      iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарын нысанды киiм-кешекпен, аяқ киiммен, жарақпен және айырым белгiлерiнiң жабдықтаудың жаңа нормаларын келiсудi;
      iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарына жаңа нысанды киiм-кешек тiгуге және жарақтауға (киiм, аяқ киiм, жарақ және айырым белгiлерi) республикалық бюджет қаражаты шегiнде қажеттi қаржы бөлудi қамтамасыз етсiн. 

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы         
Үкiметiнiң               
1996 жылғы 15 қарашадағы        
N 1390 қаулысына           
1-қосымша               

         Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының басшы
             және қатардағы құрамының нысанды киiм-кешегi

                          1. Жалпы ережелер 

     Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамы бiрыңғай үлгiдегi нысанды киiм-кешек киедi. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiн қызмет тегi бойынша айыру (милиция, iшкi қызмет) көмкермелерiнiң, лампастардың, погондардағы жолақтардың және фуражканың басқа киiлетiн жерiнiң түстерiне қарай жүзеге асырылады. Милиция үшiн қызыл түс, ал iшкi қызмет үшiн теңбiл түстi нысанды киiм-кешек белгiленедi. 

          2. Iшкi iстер органдарының аға, орта, кiшi басшы
           және қатардағы құрамының, Қазақстан Республикасы
          Iшкi iстер министрлiгi оқу орындарының курсанттары
               мен тыңдаушыларының нысанды киiм-кешегi 

                     Мерекелiк-сәндi киiм-кешек 

      Күнқағары бар, сұр түстi қой терiсiнен жасалған (полковниктердiкi - сұр түстi табиғи қаракөлден) төбесi қара сұр түстi шұғадан тiгiлген, алтын түстi кокардалы (полковниктерге - кокардалы және эмблемалы), алтын түстi өрiлген бауы бар құлақшын. 
      Басқа киетiн жерi мен көмкермелi қызыл (теңбiл) түстi, басқа киетiн жерi алтын түстi кокардалы және эмблемалы, алтын түстi өрiлген қара сұр бауы бар, қара сұр түстi жүн матадан тiгiлген фуражка. 
      Сұр түстi қой терiсiнен жасалған жағасы бар, (полковниктердiкi - сұр түстi табиғи қаракөлден), погондары мен жеңдегi белгiлерi тағылған (арқа тұсында қарсы бағытта тiгiлген бүрмесi бар) қара сұр түстi екi жағына бiрдей қаусырмалы, жүн матадан тiгiлген пальто. 
      Погондары мен жеңдегi белгiлерi, қызыл (теңбiл) түстi петлицалары бар, алтын түстi көмкермелi, сұрғылт түстi жүн матадан тiгiлген, ашық өңiрлi, екi жағына бiрдей қаусырмалы мундир. 
      Қара галстук тағып киiлетiн, погондары бар ақ түстi көйлек. 
      Қызыл (теңбiл) түстi көмкермесi бар, қара сұр түстi жүн матадан тiгiлген, балағы сыртқа салынған шалбар. 
      Қара түстi, жылы қысқа қонышты етiк және қысқа қонышты хром бәтеңке. 
      Алтын түстi айылбасы бар қара түстi былғары белдiк. 
      Ақ түстi мойын орағыш. 
      Ақ түстi тоқыма немесе сұр түстi жүннен жасалған саусақты қолғап. 

                   Күнделiктi киетiн нысанды киiм-кешек 

      Күнқағары бар құлақшын, жылы қысқа қонышты етiк және мерекелiк-сәндi киiм-кешекке арналған сияқты хромды қысқа қонышты бәтеңке. 
      Алтын түстi кокарда тағылған, алтын түстi өрiлген бауы бар цилиндр пiшiндi, қара сұр түстi жүн матадан тiгiлген фуражка. 
      Алынып-салынбалы жылытқышы бар және жағасы сұр түстi қой терiсiнен тiгiлген, погондары, жеңдегi белгiлерi және кеудеге тiгiлетiн жапсырмалары (саптағы бөлiмшелер үшiн) тағылған, қара сұр түстi су жұқпайтын матадан тiгiлген жылытылған күртеше. 
      Жағасына алтын түстi эмблема тағылған, погондары мен жеңдегi белгiлерi бар, қара сұр түстi жүн матадан тiгiлген, ашық өңiрлi бiр жағына қаусырмалы китель немесе қарсы iлгек салынған, кеудесiне жапсырмалы қақпақты қалталар тiгiлген, түймеленетiн, бүйiр қалталары ойып орнатылған, погондары мен жеңдегi белгiлерi бар, жүн матадан тiгiлген қара сұр түстi белдiктi күртеше. 
      Қара галстук тағып киетiн (қысқа жеңдi көйлек - галстуксiз), погондары мен жеңдегi белгiлерi бар, көк сұр түстi және ақ түстi көйлектер. Алтын түстi айылбасы және басқа да фурнитурасы бар қара түстi былғары жабдықтар. 
      Сұр түстi мойын орағыш. 
      Сұр түстi тоқыма саусақты қолғап. 
      Күлпарасы бар және плащтың жамылғысын киюге арналған бау тағылған, су жұқпайтын қара сұр түстi матадан тiгiлген плащ-жамылғы. 
      Аға және орта басшы құрамдағы адамдар үшiн: 
      Алынып-салынбалы жылытқышы, жағасына алтын түстi эмблема тағылған, погондары мен жеңдегi белгiлерi тағылған, су жұқпайтын қара сұр түстi матадан тiгiлген, бiр жағына қаусырмалы плащ-пальто. 
      Аға басшы құрамдағы қызметкерлер үшiн: 
      Қысқа жеңдi, галстуксiз киiлетiн, погондары мен жеңдегi белгiлерi бар, қара сұр түстi жеңiлдетiлген қоспа матадан тiгiлген көйлек. 
      Қызыл (теңбiл) түстi көмкермелi, қара сұр түстi жеңiлдетiлген қоспа матадан тiгiлген, балағы сыртқа қайырылған шалбар. 
      Ескерту: Аға басшы құрамдағы қызметкерлерге мерекелiк-сәндi фуражканы күнделiктi киiм-кешек ретiнде киюге рұқсат етiледi. 

           3. Iшкi iстер органдарының аға, орта, кiшi басшы 
             және қатардағы құрамдағы әйелдерiне, Қазақстан 
           Республикасы Iшкi iстер министрлiгi оқу
            орындарының курсанттары мен тыңдаушыларына
                  арналған нысанды киiм-кешек 

                     Мерекелiк-сәндi киiм-кешек 

      Күнқағары бар, сұр түстi қой терiсiнен жасалған (полковниктердi - сұр түстi табиғи қаракөлден) төбесi қара сұр түстi шұғадан тiгiлген, алтын түстi кокардалы (полковниктерге - кокардалы және эмблемалы), алтын түстi өрiлген бауы бар құлақшын. 
      Алтын түстi кокарда (полковниктерге - кокарда және эмблема), алтын түстi өрiлген бау тағылған, цилиндр пiшiндi қара сұр түстi жүн матадан тiгiлген фуражка. 
      Жағасы сұр қой терiсiнен жасалған, (полковниктердiкi - сұр түстi табиғи қаракөлден), погоны мен жеңдегi белгiлерi тағылған, қара сұр түстi жүн матадан тiгiлген пальто.
      Погоны мен жеңдегi белгiлерi бар, сұрғылт түстi жүн матадан тiгiлген, бiр жағына қаусырмалы, ашық өңiрлi мундир. 
      Қара галстук тағып киетiн, погондары бар ақ түстi көйлек.           Қара сұр түстi жүн матадан тiгiлген юбка.
      Қара түстi, жылытылған хром етiк.
      Қара сұр түстi туфли.
      Ақ түстi мойын орағыш.
      Сұр түстi жүн матадан тiгiлген немесе ақ түстi тоқыма саусақты қолғап. 

                Күнделiктi киетiн нысанды киiм-кешек 

      Күнқағары бар құлақшын, жүн матадан тiгiлген пальто, юбка, жылытылған етiк, мерекелiк-сәндi киiм-кешекке арналған туфли. 
      Алтын түстi кокарда тағылған, қызыл (теңбiл) түстi көмкермемен жиектелген, қара сұр түстi жүн матадан тiгiлген пилотка. 
      Қара сұр түстi су жұқпайтын матадан тiгiлген, алынып-салынбалы жылытқышы және сұр түстi қойдың жүнiнен жасалған жағасы бар, погондары, жеңдегi белгiлерi мен кеудесiне жапсырмалы (саптық бөлiмшелер үшiн) тiгiлген күртеше. 
      Қара сұр түстi матадан тiгiлген, бiр жағына қаусырмалы ашық өңiрлi, жағасында алтын түстi эмблемасы бар, погондары мен жеңдегi белгiлерi тағылған китель-күртеше немесе погондары мен жеңдегi белгiлерi бар, қара сұр түстi жүн матадан тiгiлген көйлек. 
      Қара түстi галстук тағып киетiн (қысқа жеңдi көйлек болса - галстуксiз), погондары мен жеңдегi белгiлерi бар ақ және көк сұр түстi көйлектер. 
      Алтын түстi айылбасы және басқа да фурнитурасы бар қара түстi былғары жабдықтар. 
      Сұр түстi мойын орағыш. 
      Сұр түстi жүн матадан тiгiлген саусақты қолғап. 
      Қара сұр түстi су жұқпайтын матадан тiгiлген, күлпарасы бар және плащ-жамылғыны киюге арналған бауы бар плащ-жамылғы. 
      Аға және орта басшы құрамның қызметкерлерi үшiн: 
      Қара сұр түстi су жұқпайтын матадан тiгiлген бiр жағына қаусырмалы, алынбалы-салынбалы жылытқышы, жағасында алтын түстi эмблемасы, погондары мен жеңдегi белгiлерi бар плащ-пальто. 

  4. Учаскелiк полиция инспекторларының, кәмелетке толмағандар iстерi жөнiндегi инспекцияның, патрульдiк күзет қызметiнiң, жол полициясының, мемлекеттiк күзет қызметiнiң, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларының қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi қызметтi өткеру кезеңiнде киетiн нысанды киiм-кешегi 

       Ескерту. 4-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.01.16. N 43  қаулысымен .

      Күнқағары бар, қара түстi мех құлақшын, қысқы әйелдер кепкасы, қара-көк түстi жүн фуражка, сарғыш түстi нысанды әйелдер кепкасы, қара-көк түстi күнқағары бар кепка, ылғалдан сақтайтын материалдармен көмкерiлген қысқы мех күрте, жүннен тiгiлген шымқай-көк түстi әйелдер пальтосы, қара-ақ түстi былғары костюм (күрте, шалбар), жылы костюм (күрте, комбинезон), қара түстi әйелдер плащы, қара түстi маусымдық күрте, қызмет өткеруге арналған (ашық жағасы бар күрте, шалбар) қара-көк түстi костюм, сарғыш-сүр түстi әйелдер мундирi, қара-көк түстi китель-юбка, шымқай-көк түстi жүннен тоқылған свитep, қызыл түстi матамен жиектелген, сыртқа қайырылған қара-көк түсті шалбар, сия-көк түстi ұзын және қысқа жең жейделер, сия-көк және ашық-көк реңдермен қиыстырылған, ұзын және қысқа жең жейделер, сия-көк түстi ұзын және қысқа жең жейделер (әйелдер жейделерi), ақ түстi ұзын және қысқа жең жейделер, ақ түстi ұзын және қысқа жең жейделер (әйелдер жейделерi), әйелдердiң қосарланған қара галстугi, сия-көк түстi ұзын жең футболка, сия-көк түстi қысқа жең майка-футболка, сия-көк түстi жеңi жоқ майка, қара және көк түстi кашне, қара түстi былғары қолғап, плащ-жамылғы, желбей күрте, сигналдық кеудеше, қара түстi ұзын қонышты хром бәтеңке, қара түстi жылы қысқа қонышты етік, әйелдердiң жылы етiгi, қара түсті қысқа қонышты xpом бәтеңке, қара түстi әйелдер туфлиi, қара түстi хром етiк, қара түстi жүндi терiден тiгiлген ұлтанды етiк, қара түстi былғары жабдық, жалтырауық материалдармен көмкерiлген ақ жабдық.
      Бас киiмдер кокардалармен, ал нысанды киiм-кешек заттары - погондармен, шымқай-көк түстi жең белгiсiмен және омырау белгiлерiмен (жетондармен) жабдықталады. <*>

Қазақстан Республикасы          
Үкiметiнiң                 
1996 жылғы 15 қарашадағы          
N 1390 қаулысына              
2-қосымша                  

           Қазақстан Республикасы Iшкi iстер органдарының 
          басшы және қатардағы құрамының айырым белгiлерi 

      Iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларының нысанды киiм-кешегiнде және арнаулы киiмдерiнiң жабдықтарында тағылатындар: 

                            1. Погондар 

      Құрастырымы бойынша: 
      жүн матадан тiгiлген пальтода, мундирде, кительде, жылы астары бар күртешелерде, жүн матадан тiгiлген белдемшелi күртешеде тiгiлетiн; 
      жадағайда (бекеша), жалаң және жасанды былғарыдан тiгiлген күртешелерде, қарасұр түстес жейделерде (блузкаларда), жүн матадан тiгiлген көйлекте - алынып-салынбалы. 
      Нысаны бойынша: 
      тiгiлетiн погондар - жарыспалы бүйiр жақтары бар, төменгi ұшы тiк бұрышты, жоғары ұшы қиғаш, тiк бұрыш трапеция пiшiндi; 
      алынып-салынбалы погондар - жарыспалы бүйiр жақтары бар, төменгi ұшы тiк бұрышты, жоғары ұшы дөңгелек, керiлген тiк бұрыш нысанды жейдеге бекiту үшiн астында iлмек, сондай-ақ жоғары жағында түйме құлақшасына арналған тесiк болады; 
      Түсi бойынша: 
      алтын түстес, қызыл (теңбiл) түстi көмкермесi және жолағы бар, жолақ жалпақтығы 1 мм., көк түстi жолақшамен жиектелген - аға және орта басшы құрамның мундирлерiнде; 
      Алтын түстес, қызыл (теңбiл) түстi көмкермесi бар - кiшi басшы құрам мен қатардағы құрамның мундирлерiнде; 
      қара сұр түстес, қызыл (теңбiл) түстi көмкермесi бар қара сұр түстi кителде, елтiрi жағалы пальтода, плащ-пальтода, белдемшелi күртеше, көгiлдiр-сұр және қара-сұр түстi жейдеде (блузкада), жылы күртешеде, кiшi басшы құрам және қатардағы құрамның жүн матадан тiгiлген көйлектерiнде; 
      қара-сұр түстес, қызыл (теңбiл) түстi көмкермесi және жолағы бар - аға және орта басшы құрамның кителiнде, мерекелiк-сәндi пальтосында, плащ-пальтода, белдемшелi күртешесiнде, көгiлдiр-сұр және қара-сұр түстi жейдесiнде (блузкасында), жүн матадан тоқылған көйлегiнде, жылы күртешесiнде; 
      шеттерiнде алтын түстес, жалпақтығы 5 мм жолағы бар, қара түстi погон - оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларының арнаулы шенi жоқ аға және орта басшы құрамның кителiнде, мерекелiк сәндi - пальтосында, белдемшелi күртешесiнде, көгiлдiр-сұр және қара сұр түстi жейделерiнде (блузкаларында), жүн матадан тiгiлген көйлектерiнде; 
      ақ түстi, қызыл (теңбiл) түстi көмкермесi және жолағы бар, жолақ жалпақтығы 1 мм., көк түстi жолақшамен жиектелген - аға және орта басшы құрамның ақ түстi жейдесiнде; 
      ақ түстi, қызыл (теңбiл) түстi көмкермесi және жолағы бар, кiшi басшы құрам мен қатардағы құрамның ақ түстi жейделерiнде; 
      шеттерiнде алтын түстес, жалпақтығы 5 мм жолағы бар ақ түстi погон -оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларының (арнаулы шенi жоқ аға және орта басшы құрамның) ақ түстi жейделерiнде. 
      Аға, орта, кiшi басшы құрамның және прапорщиктердiң погондарында берiлген арнаулы шенiне сәйкес жұлдыз немесе жұлдызшалар мынадай тәртiппен орналастырылады:     _______________________________________________________________
                         і Жұлдыз. і  Погонның         іЖұлдызшалар.
       Арнаулы   шен     і шалар   ітөменгi шетiнен    ідың орталық.
                         і саны    ібiрiншi жұлдызшаныңітары арасын.
                         і         іаралығына дейiнгi  ідағы қашық.
                         і         і  аралық, мм       і  тық, мм
     _______________________________________________________________
     Полковник                3           25                25
     Подполковник             2           30                -
     Майор                    1           50                -
     Капитан                  4           20                20
     Аға лейтенант            3           30                25
     Лейтенант                2           30                -
     Кiшi лейтенант           1           50                -
     Аға прапорщик            3           30                25
     Прапорщик                2           30                25

      Жұлдыздар мен жұлдызшалар погондарда мынадай тәртiппен орналасады:
      полковниктердiкi - төменгi екi жұлдыз - жолақ аралығында, үшiншiсi бiрiншi екi жұлдыздан жоғары - жолақ аралығында, үшiншiсi бiрiншi екi жұлдыздан жоғары, ось сызығының бойында; 
      подполковниктiкi - жолақ аралықтарында; 
      майордiкi - ось сызығының бойында; 
      капитандiкi - төменгi екi жұлдызша - бiр-бiрден погон шетi мен жолақ аралығында, үшiншi және төртiншi жұлдызшалар - бiрiншi екi жұлдызшадан жоғары, жолақ аралығында; 
      аға лейтенанттiкi - төменгi екi жұлдызша - бiр-бiрден погон шетi мен жолақ аралығында, үшiншi жұлдызшадан жоғары - жолақ аралығында; 
      лейтенанттардiкi - погон шетi мен жолақ аралығында бiр-бiр жұлдызшадан; 
      кiшi лейтенанттардiкi - жолақ аралығында; 
      аға прапорщиктер мен прапорщиктердiкi - ось сызығының бойында. 
      Кiшi басшы құрамның погондарында (старшинадан басқа) алтын түстес жапсырмалары (металл пластинкалары) болады. 
      Жапсырмалардың саны мен енi (металл пластинкалары) арнаулы шенiне сәйкес келедi. 
      Iшкi iстер органдарының арнаулы "старшина" шенi бар қызметкерлерiнiң погондарының ортасында алтын түстес ұзына бойына жолағы болады. 
      Iшкi iстер министрлiгi оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларының аға және орта басшы құрамының арнаулы шенi барларынан басқармасының погондарында биiктiгi 25 мм, погонның шетiнен 10 мм қашықтықта, ось сызығының бойында, алтын түстес "К" әрпi тағылады.
      Кiшi басшы құрамның погондарындағы жапсырмалардың (металл пластинкалардың) мынадай өлшемдерi мен мөлшерi (саны) белгiленедi. 
_______________________________________________________________
         Арнаулы  шен   і Жапсырмалар (металл і Жапсырмалар (металл
                        і пластинкалар) саны  і пластинкалар) енi
_______________________________________________________________
     Старшина             ұзына бойына бiреу           20
     Аға сержант          көлденең бiреу               20
     Сержант              көлденең үшеу                10
     Кiшi сержант         көлденең екеу                10

     Кiшi басшы құрамның погондарындағы жапсырмалар (металл пластинкалар) погонның жоғары шетiнде ортасынан бiрiншi көлденең жапсырманың жоғарғы шетiнен 80 мм қашықтықта орналастырылады; сержанттардың, кiшi сержанттардың погондарындағы келесi көлденең жапсырмалар бiрiншi жапсырмадан төмен, аралығына 2 мм салып орналастырылады. 

                          2. Тулья эмблемасы 

      Iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының мерекелiк-сәндi фуражкасының тульясындағы эмблемасы металдан, тұтас бастырылып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасының дөңес бейнесiнде жасалынады.
      Тулья эмблемасының келесi бетiнiң ортасында оны бас киiмге қадауға арналған клямер болады. 
      Тулья эмблемасының өлшемi - 48х48 мм. 

                          3. Петлицалар 

       Петлицалар - параллелограмм пiшiндес, алтын түстес металл жиегi бар, қызыл (теңбiл) шұғадан тiгiлген болады. 
      Петлицаның ұзындығы -5,7 мм, петлица енi - 2.5 мм.  

                   4. Кокарда және эмблемалы кокарда 

       Кокарда металдан тұтас бастырылып, ортасында алтын түстес бесбұрышты жұлдызы бар, алтын түстес, сопақша келген дөңес розетка тәрiздес жасалынады. Бесбұрышты жұлдыз көгiлдiр эмальмен мәнерленген шеңбершемен жиектелiнедi. Шеңбершеден кокарданың шеттерiне дейiн гофрленген жылтыратылған бетi болады. 
      Кокарданың келесi бетiнiң ортасында оны бас киiмге бекiтуге арналған клямерi бар. 
      Бас киiм кокардаларының өлшемдерi: 
      аға, орта, кiшi басшы құрам мен қатардағы құрамның, оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларыныкi - 36х44 мм; 
      әйел пилоткасыныкi - 23х30 мм. 
      Эмблеманы кокарда металдан тұтас бастырылып, ортасында көлемдi бесбұрышты, алтын түстес жұлдызы бар, сопақтау келген дөңес розетка тәрiздес болып жасалынады. Бес бұрышты жұлдыз көгiлдiр эмальмен мәнерленген шеңбершемен жиектелiнедi. Шеңбершеден кокарданың шеттерiне дейiн гофрленген жылтыратылған бетi болады. 
      Эмблема әрбiр шетiнде тоғыздан орналастырылған, астынан таспамен буылған лавр жапырақтарынан өрiлген гүл десте тәрiздес жасалынады. 
      Эмблемалы кокарданың сыртқы бетiнiң ортасында оны бас киiмге бекiтуге арналған клямерi болады. 

                  5. Петлицалар, жағалар мен погондардың 
                                эмблемалары

        Эмблемалар алтын түстес металдан тұтас бастырылып, астыңғы жағынан таспамен буылған лавр жапырақтарынан өрiлген гүлдесте бейнелес жасалынады. Эмблеманың ортасында екi жүздi семсерге қойылған дөңгелек қалқан бейнеленген. Қалқан мен лавр гүлдестенiң үстiңгi жағында қалықтаған бүркiттiң бедерлi бейнесi бар. 
      Эмблеманың сыртқы бетiнiң ортасында - эмблеманы киiм-кешек жабдықтарына бекiтуге арналған клямер немесе гайкалы ойма штифт болады. 
      Эмблеманың өлшемi - 17х20 мм. 

                          6. Түймелер

        Аға, орта басшы құрам мен қатардағы құрамның, оқу орындарының курсанттары және тыңдаушыларының киiм-кешек жабдықтарындағы түйме металдан, тұтас бастырылып жасалынған құлақшадан немесе клямерден тұрады. 
      Жоғары жағы дөңес, қалықтап бара жатқан бүркiт және оның үстiнде күннiң бедерленген бейнесi бар. 
      Түймелердiң диаметрi: 22 және 14 мм. 

                     7. Погондардың жұлдыздары мен жұлдызшалары 

      Аға, орта басшы құрам және прапорщиктердiң погондарындағы жұлдыздар мен жұлдызшалар бесбұрышты, металдан, тұтас бастырылып жасалынған, алтын түстес, көлемдi, жылтыратылған болады. 
      Жұлдыздар мен жұлдызшалардың сыртқы бетiнiң ортасында оларды погондарға қадау үшiн клямерi болады. 
      Жұлдыздардың диаметрi - 22 мм, жұлдызшалардыкi - 13 мм. 

                     8. Жеңдегi белгi 

      Жеңдегi белгi алтын түстес баулықпен көмкерiлген, қызыл түстi қалқан бейнесiнде жасалынған. 
      Қалқан iшiнде мәнерленген Қазақстан Республикасының жалауы, алтын түстес жазбалар бедерленген: жоғарғы жағында "Қазақстан", төменгi жағында - "IIМ" жазуы, "IIМ" жазуының астында алтын түстес лавр бұтақтарымен жиектелген бес бұрышты алтын түстес жұлдыз бар. 
      Жеңдегi белгi киiм-кешек жабдықтарының сол жақ жеңiнiң сыртқы жағына (ақ түстi мерекелiк-сәндi жейдеден басқа), жеңнiң жоғарғы нүктесiнен жеңдегi белгiге дейiнгi 80 мм аралыққа тiгiледi. 
Жеңдегi белгiнiң өлшемi - 80х100 мм. 

                     9. Жеңдегi және кеудеге тiгiлетiн
                              жапсырмалар 

      Прапорщиктердiң қызмет жылдары бойынша жеңге тiгiлетiн жапсырмалары салтанатты бiркиер мундирге және күнделiктi киiлетiн кительге тiгiледi. 
      Жеңге тiгiлетiн жапсырмалар - алтын түстес оқадан бұрышы шетiнен 16 см қашықтықта тiгiлетiн бұрыштық пiшiндi болады.
      Қызмет етудiң 5-шi жылынан бастап жапсырма - тiгiлген қақпақшаның үстiне диаметрi 25 мм, алтын түстес бес бұрышты жұлдыздар жапсырылады. 
      Прапорщиктердiң қызмет ету жылдарына сәйкес жеңге тiгiлетiн жапсырмаларға бұрыштамалар былайша орналастырылады: 
      бiр, екi, үш жiңiшке тиiсiнше 1, 2, 3-шi қызмет жылдарында; 
      бiр жалпақ - 4-шi қызмет жылында; 
      бiр жалпақ және бiр жұлдыз - 5-9-шы қызмет жылдарында; 
      бiр жалпақ және екi жұлдыз - 10-шы және одан көп қызмет жылдарында.
      Оқаның жалпақтығы: жiңiшкесiнiкi - 10 мм, жалпағыныкi - 20 мм.
      Бұрыштаманың жоғарғы бұрыштарының ұшы мен жұлдыздың ортасын қосатын шартты сызықтың тiгiнен алғандағы ара қашықтығы 25 мм. 
      Жұлдыз орталарының ара қашықтығы - 30 мм. 
      Қатардағы және кiшi басшы құрамның арнаулы шенi бар Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларының оқу жылдары бойынша жеңге тiгiлетiн жапсырмалары салтанатты бiркиер мундирге және күнделiктi киiлетiн кителге тағылады. 
      Курсант пен тыңдаушының оқу жылына сәйкес жеңге тiгiлетiн жапсырмаларына мыналар орнатылады: қызыл түстi шұғадан тiгiлген қақпақшаға жапсырылған жалпақтығы 10 мм және ұзындығы 70 мм алтын түстес бiр, екi, үш, төрт жапсырма. 
      Жапсырмалардың бiр-бiрiнен ара қашықтығы 3 мм, ал қақпақшаның жоғарғы және төменгi шетiнен жапсырмаға дейiнгi аралық 5 мм. 
      Iшкi iстер органдары саптағы бөлiмшелерiнiң басшы және қатардағы құрамының қызмет түрлерi бойынша кеудеге тағылатын жапсырмалары қара-сұр түстi жейделерге және жылы күртешелерге тағылады. 
      Кеудеге тағылатын жапсырмалар алтын түстес жиегi бар қызыл (теңбiл) түстi шұғадан тiгiлген тiкбұрышты болады. 
      Кеудеге тағылатын жапсырмада Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлiнде жазылған, Iшкi iстер органы қызметкерлерiнiң қызмет түрiнiң толық аты немесе алғашқы әрiптерiнен (аббревиатурасынан) тұратын алтын түстес жазу болады. 
      Кеудеге тағылатын жапсырма оң жақ төс қалтаның үстiңгi жағына 2 мм аралыққа тiгiледi. 
      Кеудеге тағылатын жапсырманың өлшемi: енi - 25 мм, ұзындығы - 95 мм. 

                          10. Галстук бекiткiшi 

      Галстукке арналған бекiткiш iшкi және сыртқы иiндерi бар металл пластина түрiнде жасалынады. Сыртқы иiннiң ортасында - Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының диаметрi 15 мм эмблемасы бейнеленген. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады