Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 15 қарашадағы N 1390 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы N 43 қаулысы. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.07.12. N 722 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының нысанды киiм-кешектiң жаңа үлгiлерiне көшуi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 15 қарашадағы N 1390  қаулысына  мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      4-бөлiм мынадай редакцияда жазылсын:

"4. Учаскелiк полиция инспекторларының, кәмелетке толмағандар iстерi жөнiндегi инспекцияның, патрульдiк күзет қызметiнiң, жол полициясының, мемлекеттiк күзет қызметiнiң, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларының қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi қызметтi өткеру кезеңiнде киетiн нысанды киiм-кешегi

      Күнқағары бар, қара түстi мех құлақшын, қысқы әйелдер кепкасы, қара-көк түстi жүн фуражка, сарғыш түстi нысанды әйелдер кепкасы, қара-көк түстi күнқағары бар кепка, ылғалдан сақтайтын материалдармен көмкерiлген қысқы мех күрте, жүннен тiгiлген шымқай-көк түстi әйелдер пальтосы, қара-ақ түстi былғары костюм (күрте, шалбар), жылы костюм (күрте, комбинезон), қара түстi әйелдер плащы, қара түстi маусымдық күрте, қызмет өткеруге арналған (ашық жағасы бар күрте, шалбар) қара-көк түстi костюм, сарғыш-сүр түстi әйелдер мундирi, қара-көк түстi китель-юбка, шымқай-көк түстi жүннен тоқылған свитep, қызыл түстi матамен жиектелген, сыртқа қайырылған қара-көк түсті шалбар, сия-көк түстi ұзын және қысқа жең жейделер, сия-көк және ашық-көк реңдермен қиыстырылған, ұзын және қысқа жең жейделер, сия-көк түстi ұзын және қысқа жең жейделер (әйелдер жейделерi), ақ түстi ұзын және қысқа жең жейделер, ақ түстi ұзын және қысқа жең жейделер (әйелдер жейделерi), әйелдердiң қосарланған қара галстугi, сия-көк түстi ұзын жең футболка, сия-көк түстi қысқа жең майка-футболка, сия-көк түстi жеңi жоқ майка, қара және көк түстi кашне, қара түстi былғары қолғап, плащ-жамылғы, желбей күрте, сигналдық кеудеше, қара түстi ұзын қонышты хром бәтеңке, қара түстi жылы қысқа қонышты етік, әйелдердiң жылы етiгi, қара түсті қысқа қонышты xpом бәтеңке, қара түстi әйелдер туфлиi, қара түстi хром етiк, қара түстi жүндi терiден тiгiлген ұлтанды етiк, қара түстi былғары жабдық, жалтырауық материалдармен көмкерiлген ақ жабдық.
      Бас киiмдер кокардалармен, ал нысанды киiм-кешек заттары - погондармен, шымқай-көк түстi жең белгiсiмен және омырау белгiлерiмен (жетондармен) жабдықталады".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады