1. Израиль Мемлекетiндегi Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң штат саны 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап 16 адам санында бекiтiлсiн.
2. Израиль Мемлекетiндегi Қазақстан Республикасының Елшiсiне лауазымдық шетел валютасындағы жалақысы 2700 АҚШ доллары мөлшерiнде белгiленсiн.
Елшiлiк қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары штат кестесiне сәйкес Қазақстан Республикасы Елшiсiнiң шетел валютасындағы жалақысын негiзге ала отырып белгiленсiн.
3. Елшiлiк қызметкерлерiне медициналық көмек көрсетуге арналған аударым олардың шетел валютасындағы жалақы қорының 3 процентi мөлшерiнде белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып Елшiлiктiң штат кестесi мен шығыстарының сметасын бекiтсiн.
5. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Израиль Мемлекетiндегi Қазақстан Республикасының Елшiлiгiн қаржыландыруды 1997 жылға көзделген қаражат шегiнде жүзеге асырсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi