Қытай Халық Республикасы Төрағасының 1996 жылғы шiлдедегi Қазақстан Республикасына ресми сапары барысындағы қол жеткiзiлген келiсiмдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 22 қарашадағы N 1432

      Қытай Халық Республикасы Төрағасының 1996 жылғы шiлдедегi Қазақстан Республикасына ресми сапары барысындағы қол жеткiзiлген келiсiмдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыру және қазақстан-қытай ынтымақтастығын одан әрi дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қытай Халық Республикасы Төрағасының 1996 жылғы шiлдедегi Қазақстан Республикасына ресми сапары барысындағы қол жеткiзiлген келiсiмдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар жоспары бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      2. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк

комитеттерi, өзге орталық және жергiлiктi атқарушы органдары
шаралар жоспарында көзделген тапсырмаларды орындау жөнiнде нақты
шаралар қабылдасын.
     3. Қазақстан Республикасының Сыртқы Iстер министрлiгi осы
қаулының орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне
жарты жылда кемiнде бiр рет хабарлама жасап тұрсын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                       1996 жылғы 22 қарашадағы
                                          N 1432 қаулысымен
                                                 бекiтiлген

           Қытай Халық Республикасы Төрағасының 1996 жылғы
           шiлдедегi Қазақстан Республикасына ресми сапары
           барысындағы қол жеткiзiлген келiсiмдер мен
           уағдаластықтарды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар
                              ЖОСПАРЫ

___________________________________________________________________
 N |        Шаралар атауы             | Тапсырманың
р/с|                                  |   мазмұны
___________________________________________________________________
 1 |               2                  |              3
___________________________________________________________________
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi   Келiсiмнiң күшiне ену рәсiмiн
   мен Қытай Халық Республикасының     орындау жөнiнде ұсыныс енгiзу
   Үкiметi арасындағы
   Әскери-техникалық ынтымақтастық
   туралы келiсiмдi жүзеге асыру
                                       Келiсiмдi жүзеге асыруды
                                       қамтамасыз ету

2. Қазақстан Республикасы мен Қытай    Шаралар жоспарын әзiрлеп және
   Халық Республикасы арасындағы       оны қытай жағымен келiсу
   дипломатиялық қатынас орнауының
   бес жылдығына арналған шараларды
   ұйымдастыру (03.01.97)
3. Қытай жағымен Ақмола қаласының      Қытай жағына ақпарат беру
   құрылысын салу жөнiндегi            және келiссөз жүргiзу
   ынтымақтастық нысандарының
   мүмкiндiгiн пысықтау
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық    Жобаны әзiрлеу және оны
   саясат жөнiндегi мемкомитетi мен    қытай жағымен келiсу
   Қытай Халық Республикасының
   Ұлттар iсi жөнiндегi мемкомитетi
   арасындағы ынтымақтастық туралы
   келiсiмдi әзiрлеу
5. Қытай жағымен қазақстандық          Келiссөздер жүргiзу
   студенттердiң ҚХР-дың оқу
   орындарындағы оқыту квотасын 50
   адамға дейiн көбейту мәселесiн
   пысықтау
___________________________________________________________________
     Орындалу    |  Орындауға жауаптылар   |Бақылауға жауапты
      мерзiмi    |                         |бөлiмдер
___________________________________________________________________
         4       |             5           |          6
___________________________________________________________________
  1996 жылғы      Қорғанысминi,              Қорғаныс және құқық
  желтоқсан       Өнеркәсiпсаудаминi,        тәртiбi бөлiмi
                  Қаржыминi, Әдiлетминi,
                  Сыртқыiсминi

  тұрақты         Қорғанысминi,              Бұл да сол
                  Сыртқыiсминi

  1996 жылғы      Сыртқыiсминi               Сыртқы байланыстар
  желтоқсан                                  бөлiмi

  1996 жылғы      Сыртқыiсминi,              Жоғары және орталық
  желтоқсан       Өнеркәсiпсаудаминi,        мемлекеттiк органдарды
                  Экономминi                 Ақмола қаласына көшiру
                                             жөнiндегi мемлекеттiк
                                             комиссия
  1996 жылғы      Ұлтмемкомы, Еңбекминi,     Әлеуметтiк-мәдени даму
                  Әдiлетминi, Сыртқыiсминi   бөлiмi
  1997 жылғы      Бiлiмминi, Сыртқыiсминi    Бұл да сол
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады