Қосымша жүктеме қосқан кезде электр энергетикасы объектiлерiн кеңейту мен қайта жаңғыртуға кеткен қосымша шығыстарды өтеудiң тәртiбi мен шарттары туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 30 қараша N 1459. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.08. N 1044 қаулысымен.

      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N  2724 Заң күшi бар Жарлығының 6-бабының 3-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Қосымша жүктеме қосқан кезде электр энергетикасы объектiлерiн кеңейту мен қайта жаңартуға кеткен қосымша шығыстарды өтеудiң тәртiбi мен шарттары туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi үш ай мерзiм iшiнде Қосымша жүктеме қосқан кезде энергия көздерiн кеңейту мен қайта жаңартуды, энергия тасымалдау желiлерi мен жалпы пайдаланыстағы көмекшi станцияларды салуды қаржыландыру үшiн энергия тұтынушылардың электрмен жабдықтаушы ұйымның қосымша шығыстарын өтеуiн есептеу әдiстемесiн әзiрлеп, оны белгiленген тәртiппен тiркесiн. 
      3. Қазақстан Республикасының аумағында КСРО Энергетика және электрлендiру министрлiгi 1990 жылғы 13 қыркүйекте бекiткен Кәсiпорындар мен аймақтардың қаражатын энергетикалық объектiлердi салуға тарту туралы уақытша әдiстемелiк ұсынымдардың күшi жойылсын.
      4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасарының 1992 жылғы 30 шiлдедегi N 6-13 өкiмiнiң 4-тармағының күшi жойылған деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiне жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi 

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң          
1996 жылғы 30 қарашадағы    
N 1459 қаулысымен      
бекiтiлген         

Қосымша жүктеме қосқан кезде электр энергетикасы
объектiлерiн кеңейту мен қайта жаңартуға кеткен
қосымша шығыстарды өтеудiң тәртiбi мен шарттары
Туралы 

       Осы Ереже "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2724 Заң күшi бар Жарлығының 6-бабына сәйкес әзiрлендi.

       1. Электр энергетикасы объектiлерiн кеңейту мен
         қайта жаңартуға кететiн қосымша шығыстарды
         қаржыландырудың тәртiбi мен шарттары

      1. Жүктемелердiң табиғи өсуiн жабуға кететiн шығыстар энергиямен жабдықтайтын ұйымдардың жеке кiрiстерiнiң (тарифтердiң) есебiнен жүзеге асырылады. 
      2. Тараптардың келiсуi бойынша қосымша жекеленген жүктеме қосылған кезде энергия сатып алушы энергиямен жабдықтаушы ұйымның электр энергетикасы объектiлерiн кеңейту мен қайта жаңартуға кететiн шығыстарын энергия берушiнiң жарғылық қорынан (акциялар пакетiнен) үлес ала отырып қамтамасыз етуi мүмкiн. 
      3. Бұл жағдайда қосымша қосылатын қуат үшiн энергия тұтынушылар төлемдерiнiң мөлшерi қосымша жүктеме қосқан кезде энергия көздерiн кеңейту мен қайта жаңғыртуды, жылу және электр желiлерi мен жалпы пайдаланыстағы көмекшi станцияларды салуды қаржыландыру үшiн энергия тұтынушылардың электрмен жабдықтаушы ұйымның қосымша шығыстарын өтеуiн есептеу әдiстемесiне сәйкес жобаға дейiнгi және жобалық-сметалық құжаттаманы әзiрлегенде белгiленедi. 
      4. Қосылатын қуат үшiн төлем мөлшерiн есептеуге жаңа жүктемелердi қосу тәртiбiн анықтайтын, энергиямен жабдықтаушы ұйым берген алдын ала техникалық шарттар негiз болып табылады. 
      5. Жүктеменi қосуға арналған техникалық шарттарды екi тарап қосылатын қуат үшiн төлемдi тұтынушының аудару көлемдерi мен мерзiмдерiн белгiлейтiн келiсiмдi ресiмдегеннен кейiн энергиямен жабдықтаушы ұйым бередi. 

     2. Қосылатын қуат үшiн төлем қаражатын пайдалану 

     6. Энергиямен жабдықтаушы ұйым түскен қаражатты техникалық шарттар мен оларға арналған келiсiмде айтылған нақты объектiнi қаржыландыруға (қаржыландыруға пайдаланылған несие сомаларын өтеуге) жұмсайды. 
     7. Қосылған қуат үшiн төлем қаражатын мақсатсыз пайдалануға тыйым салынады. 
     8. Қосылған қуат үшiн төлем қаражатының пайдаланылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Мемэнергияқадағалаукомына жүктелсiн. 

      3. Тараптардың пiкiр алшақтықтары 

     9. Берiлген техникалық шарттар, қосылатын қуат үшiн төлем жасау көлемдерi мен мерзiмдерi мәселелерi бойынша тараптардың пiкiр алшақтықтарын Қазақстан Республикасының Мемэнергияқадағалаукомы бiр
ай мерзiмде қарайды.
     10. Қазақстан Республикасының Мемэнергияқадағалаукомының шешiмiн келiспеген жағдайда тараптар бұл мәселенi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешедi. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады