Электр Энергетикасы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2724 Заң күшi бар жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 439 Заңымен

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 1-бабына сәйкес және электр мен жылу энергиясын өндiрудi, таратуды, бөлудi және тұтынуды реттеудiң құқықтық негiздерiн жасау мақсатында осы Жарлықты шығарамын.


      1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


      1-бап. Жарлықта қолданылған негiзгi ұғымдар


      Электр энергетикасындағы мемлекеттiк реттеу комиссиясы - электр және жылу энергиясының (қуатының) бағаларын (тарифтерiн) реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган.

      Бiртұтас электр энергетикасы жүйесi - бiрiмен технологиялық байланыстағы және ортақ жедел-диспетчерлiк және аварияға қарсы басқарумен бiрiктiрiлген Қазақстан электр энергетикасы жүйелерiнiң жиынтығы.

      Ұлттық электр энергетикасы жүйесi - Қазақстан Республикасының iшкi электр энергетикасы жүйелерi арасындағы, сондай-ақ көршi мемлекеттердiң электр энергетикасы жүйелерiмен байланысты қамтамасыз ететiн Бiртұтас электр энергетикасы жүйесiнiң негiзгi бөлiгi ретiндегi республикалық мемлекеттiк кәсiпорын.

      Электр энергетикасы объектiсi - электр немесе жылу энергиясын өндiруге, таратуға, бөлуге немесе көрсеткiштерiн өзгертуге арналған электр станциясы, қосалқы станция, электр энергиясын тарату желiлерi, арналы жылу тораптары.

      Электр энергетикасы объектiлерi жұмысының және тұтынушыларға энергияны берудiң ерекше режимi - электр энергетикасы объектiлерiнде iрi технологиялық бұзылу орын алған кезде, отын ресурстары болмаған кезде, электр энергиясы мен қуатының жетiспеушiлiгi кезiнде ерiксiз енгiзiлетiн режим.

      Тұтынушы - электр және (немесе) жылу энергиясын пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға.

      Мамандандырылған ұйымдар - электр энергетикасының қалыпты жұмыс iстеуiн және дамуын қамтамасыз ететiн ұйымдар (энергетика бейiмiндегi жөндеу-реттеу, жобалау, ғылыми-зерттеу, құрылыс-монтаждау, сондай-ақ құрастырмалар, жабдықтар, механизмдер мен материалдар жасайтын ұйымдар).

      Электр энергетикасын мемлекеттiк басқару жөнiндегi орталық атқарушы орган - Қазақстан Республикасының Президентi немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi электр энергетикасына басшылықты жүзеге асыру жөнiнде уәкiлдiк берген мемлекеттiк орган.

      Электр энергетикасы - электр және жылу энергиясын өндiру, тарату, бөлу саласы.

      Электр өндiрушi ұйым - электр және жылу энергиясын өндiрудi жүзеге асыратын ұйым.

      Энергия берушi ұйым - электр және (немесе) жылу энергиясын таратуды, өзгертудi және бөлудi жүзеге асыратын ұйым.

      Энергиямен жабдықтаушы ұйым - өндiрiлген немесе сатып алынған электр және (немесе) жылу энергиясын тұтынушыға сатуды жүзеге асыратын ұйым.

      Электр энергетикасы кешенi - энергия өндiрушi, энергия таратушы, энергиямен жабдықтаушы және мамандандырылған ұйымдардың жиынтығы.

      Электр энергетикасы жүйесi - электр энергиясын өндiрудiң, таратудың және бөлудiң бiртұтас процесiмен байланысты электр энергетикасы объектiлерi мен оларды пайдалану және басқару құралдарының жиынтығы.


      2-бап. Электр энергетикасы туралы заңдар


      Электр энергетикасы туралы заңдар жалпы республикалық болып

      табылады және электр мен жылу энергиясын өндiру, тарату, бөлу және

      пайдалану жөнiндегi қатынастарды реттейтiн осы Жарлық пен басқа да

      заң актiлерiнен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары мен

      өкiмдерiнен, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларынан,

      сондай-ақ электр энергетикасын басқару жөнiндегi орталық атқарушы

      органның нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

      2-тарау. ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК

      РЕТТЕУ

      3-бап. Мемлекеттiк басқарудың мақсаты

      1. Электр энергетикасындағы мемлекеттiк басқару Қазақстан

      Республикасындағы электр энергетикасы кешенiнiң бәсекелiк негiздерде

      сенiмдi де тұрақты жұмыс iстеуiн, елiмiздiң шаруашылық-экономикалық

      және әлеуметтiк кешендерiнiң тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз етудiң

      айрықша маңызды жүйесi ретiнде оны басқарудың бiртұтастығын

      қамтамасыз ету арқылы энергияны тұтынушылардың сұранысын барынша

      қанағаттандыру және олардың құқықтарын қорғау мақсатында жүзеге

      асырылады.

      2. Мемлекеттiк басқару:

      электр энергетикасы кешенiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн және дамуын;

      электр және жылу энергиясының реттелетiн нарығының құрылуын;

      электр және жылу энергиясының ұтымды әрi үнемдi пайдаланылуы;

      жаңғыртылатын және дәрстүрлi емес энергия көздерiнiң

      пайдаланылуын;

      айналадағы ортаны қорғау, электр энергетикасы қондырғыларының сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгi жөнiндегi iс-шараларды орындау үшiн жағдай жасалуын қамтамасыз етуге тиiс.


      4-бап. Электр энергетикасын басқару жөнiндегi орталық

      атқарушы органның құзыретi


      1. Электр энергетикасын басқару жөнiндегi орталық атқарушы орган салада бiртұтас ғылыми-техникалық саясаттың жүргiзiлуiн, мемлекеттiк электр энергетикасы бағдарламасының iске асырылуын, электр энергетикасында лицензиялаудың жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi, осы Жарлықта және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген басқа да функцияларды орындайды.

      2. Электр энергетикасын басқару жөнiндегi орталық атқарушы орган мынадай жағдайларда:

      заң актiсiнде, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығында немесе Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысында бұл туралы тiкелей нұсқама болған ретте;

      заң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларын (аталған актiлерде көзделген мәселелер жөнiнде және шектерде) орындау мақсатында;

      электр энергетикасы қондырғыларының құрылысы мен техникалық пайдаланылуы, электр және жылу энергиясын пайдаланудың қауiпсiздiгiн, электр энергетикасы объектiлерiне жөндеу күтiмiн жасау ережелерiн бекiту мақсатында және басқа техникалық-технологиялық сипаттағы мәселелер бойынша;

      электр мен жылу энергиясын өндiруге, таратуға, бөлуге және пайдалануға байланысты тиiстi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп еңбектi қорғау, өрт қауiпсiздiгi, өндiрiстiк санитария, экологиялық қауiпсiздiк мәселелерi жөнiнде нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға хақылы.

      3. Электр энергетикасын басқару жөнiндегi орталық атқарушы органның өз құзыретi шегiнде қабылдаған нормативтiк құқықтық актiлерiн барлық мемлекеттiк органдар, заңды және жеке тұлғалар орындауға мiндеттi.


      5-бап. Электр энергетикасын мемлекеттiк басқару


      Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк басқару:

      Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен электр және (немесе) жылу энергиясын өндiру, тарату және бөлу саласындағы қызметтi лицензиялау;

      энергия өндiретiн ұйымдар және энергиямен жабдықтау ұйымдары тұтынушыларға босататын электр мен жылу энергиясының (қуатының) бағаларын (тарифтерiн) мемлекеттiк реттеу;

      жасалған шарттарға сәйкес, оны тұтынушыларға босатуды қоса алғанда, энергияны бөлу;

      электр энергетикасы объектiлерiн монополиясыздандыру және жекешелендiру;

      энергияны өндiрудiң, таратудың, бөлудiң және тұтынудың сенiмдiлiгiн, қауiпсiздiгi мен үнемдiлiгiн мемлекеттiк қадағалау;

      Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiп бойынша электр энергиясымен жүргiзiлетiн экспорт-импорт операцияларын лицензиялау;

      электр мен жылу энергиясын өндiруге, таратуға, бөлуге және тұтынуға, сондай-ақ электр энергиясы қондырғыларын салу және оларды пайдаланудың сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгiне байланысты баршаға мiндеттi ережелердi белгiлеу;

      электр энергетикасы туралы заңдарда көзделген өзге де ережелердi белгiлеу болып табылады.


      6-бап. Энергия бағасын мемлекеттiк реттеу


      1. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың табиғи монополизмiне және электр мен жылу энергиясының әлеуметтiк маңыздылығына байланысты олардың бағалары (тарифтерi) мемлекеттiк реттеуге жатады.

      2. Энергия бағаларының (тарифтерiнiң) мынадай түрлерi белгiленедi:

      электр энергиясын сатып алу бағасы (тарифi);

      Ұлттық электр энергетикасы жүйесi босататын электр энергиясының көтерме сауда бағасы (тарифi);

      импорт және экспорт бойынша сатып алынатын немесе босатылатын электр энергиясының бағасы (тарифi);

      тұтынушыларға берiлетiн электр мен жылу энергиясының бағасы (тарифi).

      3. Электр мен жылу энергиясының (қуатының) бағалары (тарифтерi) энергия өндiретiн және энергия тарататын ұйымдардың шеккен шығындарының толық өтелуiн, олардың зиянсыз жұмыс iстеуiн және елiмiздiң халық шаруашылығы кешенiндегi жүктеменiң табиғи өсiмiн өтеу үшiн осы ұйымдардың өз табыстары есебiнен дамуын қаржыландыруды қамтамасыз етуге тиiс.

      Энергиямен жабдықтаушы ұйымның өнеркәсiп ұйымдарының қосымша қосылатын жекелеген жүктемесiн өтеу үшiн электр энергетикасы объектiлерiн кеңейту мен қайта жаңартуға байланысты шығындарын осы ұйымдар өтейдi.

      электр энергетикасының объектiлерiн кеңейту мен қайта жаңартуға арналған қосымша шығындарды өтеудiң тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Ережемен белгiленедi.

      4. Электр мен жылу энергиясының (қуатының) бағаларын (тарифтерiн) мемлекеттiк реттеудi уәкiлдi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.


      7-бап. Электр энергетикасында бағаны (тарифтердi)

      мемлекеттiк реттеудiң орталық органы


      1. Электр энергетикасындағы Мемлекеттiк реттеушi комиссия электр энергетикасында бағаны (тарифтердi) мемлекеттiк реттеудiң орталық органы болып табылады, ол өзiнiң шешiмдерiнде оған осы жарлықпен және монополияға қарсы заңдармен берiлген өкiлеттiктер шегiнде тәуелсiз болады.

      2. Мемлекеттiк реттеушi комиссия электр және жылу энергиясының (қуатының) бағасын (тарифтердi) белгiлеу кезiнде:

      электр және жылу энергиясының бағасын (тарифтерiн) монополиялық көтеруден тұтынушылардың экономикалық мүдделерiн қорғауды;

      энергия өндiретiн, энергиямен жабдықтайтын ұйымдар мен электр және жылу энергиясын тұтынушылардың мүдделерiн үйлестiру тетiгiн жасауды;

      электр энергетикасы кешенiнiң жұмыс iстеу тиiмдiлiгiн арттыру және бағаны (тарифтердi) неғұрлым төмендету үшiн мұнда бәсекелiк ортаны қалыптастыруды;

      энергияны үнемдейтiн технологиялар мен өндiрiстiк процестердi пайдалануға бағытталған экономикалық стимулдардың жасалуын;

      электр энергиясы республикалық көтерме сауда нарығының меншiк нысандарына қарамастан, электр энергиясын өндiрушiлер - заңды және жеке тұлғалар үшiн бiрдей ашық болуын;

      бағаны (тарифтердi) қарау және бекiту жөнiндегi комиссия материалдарының тұтынушылар мен жұртшылық үшiн жариялылығын, ашық болуын қамтамасыз ететiн бiрыңғай нормативтiк-әдiстемелiк негiзде жұмыс iстейдi.

      3. Электр энергетикасындағы мемлекеттiк реттеушi комиссия туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.


      8-бап. Ұлттық электр энергетикасы жүйесi


      1. Ұлттық электр энергетикасы жүйесi бiрыңғай жедел-диспетчерлiк басқаруды қоса алғанда Бiртұтас электр энергетикасы жүйесiнiң жұмысын қамтамасыз етедi, резервтерi бiрiктiрiлген және, меншiк нысандарына қарамастан, барлық энергия өндiретiн ұйымдардың бәсекелестiгi үшiн ашық, бiрыңғай электр энергетикасы нарығын, сондай-ақ тұтынушыларды электр энергиясымен жабдықтау жөнiндегi электр энергетикасы кешенi iшiндегi шаруашылық байланыстарын ұйымдастырады, мемлекеттiк кәсiпорындар мен жеке меншiк ұйымдардың қызметiн реттеу үшiн бiрдей негiздi қамтамасыз етедi.

      2. Ұлттық электр энергетикасы жүйесi:

      меншiк нысандарына, қызмет түрiнiң ұйымдық-құқықтық нысанына және ведомстволық тиесiлiлiгiне қарамастан электр энергетикасы объектiлерi жұмысының ерекше режимiн енгiзуге;

      электр энергетикасын басқару жөнiндегi орталық атқарушы органның рұқсатымен және жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiм бойынша аймақтарға электр энергиясын берудiң ерекше режимiн белгiлеуге, қажет болған жағдайда Ұлттық электр энергетикасы жүйесiне қосылған аймақтық электр энергетикасы жүйесiнiң жекелеген тұтынушыларына немесе тұтынушылар тобына электр энергиясын берудi тоқтата тұруға дейiн электр энергиясын беру мен тұтынуға шектеу енгiзуге хақылы.

      3. Электр энергетикасы объектiлерi жұмысының және тұтынушыларға электр энергиясын берудiң ерекше режимiн енгiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.


      9-бап. Орталық диспетчерлiк басқару


      1. Орталық диспетчерлiк басқару Бiртұтас электр энергетикасы жүйесiндегi электр станциялары мен электр тарату желiлерiнiң электр режимдерiн жедел басқаруды жүзеге асырады.

      2. Әрекет Бiртұтас электр энергетикасы жүйесiнiң жұмыс режимiне әсер ететiн аварияға қарсы автоматиканы, жиiлiк пен әсiре қуатты реттеу автоматикасын, сондай-ақ кез келген автоматика жүйелерi мен құрылғыларын орналастыру және орнату Орталық диспетчерлiк басқарумен келiсiм бойынша жүргiзiледi.

      3. Орталық диспетчерлiк басқару мен оның аймақтық диспетчерлiк пункттерiнiң режимдiк сипаттағы жедел өкiмдерi, меншiк нысандарына, қызмет түрiнiң ұйымдық-құқықтық нысанына және ведомстволық тиесiлiлiгiне қарамастан, Бiртұтас электр энергетикасы жүйесiне қосылған барлық электр энергетикасы объектiлерiнiң қызметкерлерi, сондай-ақ тұтынушылар үшiн мiндеттi болып табылады.

      4. Бiртұтас электр энергетикасының Орталық диспетчерлiк басқармасы туралы ереженi электр энергетикасын басқару жөнiндегi орталық атқарушы орган бекiтедi.


      10-бап. Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау


      1. Мемлекеттiк энергетикалық қадағалауды Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ұйымдарды, олардың ведомстволық тиесiлiлiгiне, меншiк нысандарына қарамастан, мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және энергетикалық сараптама жасау, олардың энергияны үнемдеу жөнiндегi мемлекеттiк саясатты дәйектiлiкпен жүргiзуiн бақылау жөнiндегi республикалық орган (бұдан былай - Мемэнергоқадағалау) жүзеге асырады.

      2. Мемэнергоқадағалау органдары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарда белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк айыппұлдар салуға хақылы.

      3. Мемэнергоқадағалау органдарының құқықтары мен мiндеттерi


      Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Мемэнергоқадағалау

      туралы ережемен анықталады.

      11-бап. Өндiрiстiк-технологиялық қызметке араласуға жол

      берiлмейтiндiгi

      Орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ жергiлiктi өкiлдi және

      атқарушы органдардың, осы Жарлықтың 19-бабымен Қазақстан

      Республикасының заң актiлерiнде көзделгеннен басқа жағдайларда,

      ұйымдардың энергия өндiруге, таратуға және бөлуге немесе осы

      процестердi технологиялық басқаруға байланысты технологиялық

      қызметiне араласуға хақы жоқ.

      3-тарау. ТҰТЫНУШЫЛАРДЫ ЭНЕРГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАУДЫ

      ҰЙЫМДАСТЫРУ

      12-бап. Энергияны өндiру, тарату және тұтыну жөнiндегi

      қатынастардың субъектiлерi

      1. Электр мен жылу энергиясын өндiру, тарату және тұтыну жөнiндегi қатынастардың субъектiлерi мыналар болып табылады:

      республикалық мемлекеттiк кәсiпорын - Ұлттық электр энергетикасы жүйесi;

      аймақтық энергиямен жабдықтау ұйымдары;

      дербес энергия өндiрушi ұйымдар, яғни заңды тұлға құқықтарымен пайдаланатын, Бiртұтас электр энергетикасы жүйесiмен ұйымдық және технологиялық байланысты ұйымдар;

      энергия өндiрушi тәуелсiз ұйымдар, яғни заңды тұлға құқықтарымен пайдаланатын, Бiртұтас электр энергетикасы жүйесiмен ұйымдық байланысы жоқ ұйымдар;

      энергия тұтынушылар.

      2. Бiртұтас электр энергетикасы жүйесiмен ұйымдық байланысты дербес энергия өндiрушi ұйымдарға Ұлттық электр энергетикасы жүйесiне немесе аймақтық энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға тiкелей бағынатын ұйымдар жатады.

      3. Энергия өндiрушi тәуелсiз ұйымдарға, не өзiнiң энергетика желiсiн, не Бiртұтас энергетика жүйесiнiң қызметiн пайдалана отырып, тұтынушыларды электр және жылу энергиясымен тiкелей жабдықтауды жүзеге асыратын мемлекеттiк, ведомстволық және жеке меншiк ұйымдар жатады. Энергия өндiрушi тәуелсiз ұйымдар өздерiнiң артылған электр энергиясын, бұл жағдайда дербес ұйымдар ретiнде Бiртұтас электр энергетикасы жүйесiне сата алады.


      13-бап. Энергиямен жабдықтау жүйесiндегi шаруашылық

      байланыстарды ұйымдастыру


      1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорын - Ұлттық электр энергетикасы жүйесi шарттық негiзде:

      Электр энергиясын Ұлттық электр энергетикасы жүйесiне бағынысты, энергия өндiретiн дербес ұйымдардан, аймақтық электр энергетикасы жүйелерi мен энергия өндiрушi тәуелсiз ұйымдардан артылған электр энергиясын сатып алады, сондай-ақ электр энергиясын басқа мемлекеттердiң электр энергетикасы жүйелерiнен Ұлттық электр энергетикасы жүйесiне импорттайды;

      Ұлттық электр энергетикасы жүйесiне қосылған аймақтық энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен тұтынушыларға электр энергиясын сату арқылы Бiртұтас электр энергетикасы жүйесi шеңберiнде электр энергиясын бөледi, электр энергиясын басқа елдерде экспорттайды.

      2. Аймақтық энергиямен жабдықтаушы ұйымдар шарттық негiзде:

      аймақтық энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға бағынысты энергия өндiретiн дербес ұйымдардан электр және жылу энергиясын, энергия өндiретiн тәуелсiз ұйымдардан артылған электр және жылу энергиясын сатып алады;

      Ұлттық электр энергетикасы жүйесiнен электр энергиясын сатып алады не энергияның артығы болған жағдайда оның өзiне сатады;

      бекiтiлген қызмет көрсету аймағындағы тұтынушыларды энергиямен жабдықтайды.

      3. Энергия өндiрушi тәуелсiз ұйымдар шарттық негiзде:

      тiркелген тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды жүзеге асырады;

      артылған электр және жылу энергиясын Ұлттық электр энергетикасы жүйесiне немесе аймақтық энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға сатады.


      14-бап. Электр және жылу энергиясын берiп тұруға

      арналған шарттық қатынастар


      1. Электр энергиясын (қуатын) Бiртұтас электр энергетикасы жүйесiне берiп тұру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес жасалған берiп тұру шартымен ресiмделедi.

      2. Тұтынушыларға электр және жылу энергиясын (қуатын) сату


      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес энергиямен

      жабдықтау шарты негiзiнде жүзеге асырылады.

      3. Энергия өндiрушi тәуелсiз ұйым өз тұтынушысына Бiртұтас

      электр энергетикасы жүйесiнiң электр желiсi арқылы электр энергиясын

      берудi жүзеге асырған кезде оның Ұлттық электр энергетикасы

      жүйесiмен немесе аймақтық энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен

      қарым-қатынасы электр энергиясын тарату шартымен реттеледi, онда

      тарату режимi мiндеттi түрде көрсетiледi.

      15-бап. Электр және жылу энергиясын тұтынушылардың

      құқықтары

      Электр және жылу энергиясын тұтынушылардың:

      шартта көзделген көлемде және мерзiмде сапасы ойдағыдай энергия

      алуға;

      энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан энергияның кем берiлуiнен

      немесе сапасы нашар энергияның берiлуiнен шеккен шығынын өтеудi

      талап етуге;

      энергия босату мен тұтынуға байланысты даулы мәселелердi шешу

      үшiн Мемэнергоқадағалау ұйымдарына және сот органдарына шағымдануға

      құқығы бар.

      16-бап. Электр және жылу энергиясын тұтынушылардың

      мiндеттерi

      Электр және жылу энергиясын тұтынушылар:

      электр және жылу энергиясын пайдаланатын қондырғылардың,

      тұтынылған энергияны есептеу приборларының техникалық жай-күйiн

      нормативтiк актiлер талаптарына сәйкес сақтауға;

      энергия тұтынудың шарттық режимдерiн сақтауға;

      энергия жүйесiндегi электр энергиясының сапасын сақтау

      жөнiндегi нормативтiк талаптарды орындауға;

      пайдаланылған энергияға уақытылы ақы төлеуге;

      белсендi энергия үнемдеу саясатын жүргiзуге мiндеттi.

      4-тарау. ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТIН

      ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

      17-бап. Электр энергетикасы ұйымдарын отынмен қамтамасыз

      ету тәртiбi

      1. Электр станциялары мен қазандық қондырғылары үшiн энергия қондырғысының неғұрлым тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ететiн отынның жобалық түрi қолданылады.

      Көмiрдiң сапасы электр энергетикасын басқару жөнiндегi орталық атқарушы орган мемлекеттiк стандарттар жөнiндегi мемлекеттiк органмен бiрлесiп әзiрлеген және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен стандартпен анықталады.

      Энергия өндiрудiң технологиялық процесiнiң сенiмдiлiгiн және оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ете алмайтын, сондай-ақ қосымша табиғат қорғау шаралары жүзеге асырылмай электр энергетикасы объектiсi орналасқан аймақтағы экологиялық жағдайдың нашарлауына әкелуi мүмкiн отынды электр станцияларында пайдалануға тыйым салынады.

      2. Электр станцияларындағы отынның стратегиялық резервiнiң мөлшерiн, оны салу, сақтау және пайдалану тәртiбiн электр энергетикасын басқару жөнiндегi орталық атқарушы органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      3. Энергия өндiретiн ұйымдарды отынмен жабдықтау әдетте тiкелей және ұзақ мерзiмдi берiп тұру шарттарының негiзiнде жүргiзiледi. Оларда отынның көлемi, түрi, сапасы және берiп тұру мерзiмi, сондай-ақ шарт орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда салынатын айыппұл санкциялары көзделуге тиiс.


      18-бап. Электр энергетикасы ұйымдарының табиғи

      ресурстарды пайдалану тәртiбi


      1. Электр энергетикасы объектiлерi жер туралы заңдарда белгiленген тәртiппен тұрақты жер пайдалану құқығы негiзiнде жер учаскелерiмен қамтамасыз етiледi.

      Электр энергетикасы объектiлерiн орналастыру және пайдалану үшiн берiлетiн жер учаскелерiнiң мөлшерi осы объектiлердiң белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-техникалық құжаттамасына сәйкес анықталады.

      2. Қорғау аймағындағы жерлердi қоса алғанда, электр энергетикасы объектiлерiн тұрғызу үшiн бөлiнген жер учаскелерiн, егер жер учаскелерiн бөлу кезiнде өзгеше көзделмеген болса, басқа мұқтаждар үшiн пайдалануға жол берiлмейдi. Пайдалану режимiмен рұқсат етiлген қорғау аймағындағы шаруашылық қызметтiң барлық түрлерi электр энергетикасы объектiсi әкiмшiлiгiнiң келiсiмiмен ғана жүргiзiле алады.

      3. Электр энергетикасы ұйымдары табиғи ортаға зиянды әсерлердi азайтуға бағытталған техникалық және ұйымдастыру шараларын жүзеге асыруға мiндеттi әрi табиғат қорғау және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету туралы заңдарды бұзғаны үшiн белгiленген жауапқа тартылады.


      19-бап. Электр энергетикасы ұйымдарының төтенше

      жағдайлардағы жұмысы


      1. Төтенше жағдайлар туындаған кезде (жер сiлкiну, су тасқыны, басқа да дүлей апаттар, электр энергетикасы объектiлерiндегi өндiрiстiк авариялар) электр энергетикасы ұйымдарының тұтынушыларға энергия берiп тұру жөнiндегi шарттық мiндеттемелерiн орындау Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен кiдiртiле тұруы және энергияны оның нұсқауы бойынша бөлу көзделуi мүмкiн, бұл нұсқау меншiк нысанына, қызмет түрiнiң ұйымдық-құқықтық нысанына және ведомстволық тиесiлiлiгiне қарамастан барлық энергиямен жабдықтаушы ұйымдар үшiн мiндеттi болып табылады.

      2. Төтенше жағдайлардан туындаған қоғамдық мұқтаждар үшiн электр және жылу энергиясын беру кезiнде энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың шығындары тиiстi бюджет есебiнен өтеледi.

      3. Төтенше жағдайлар кезiнде авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын орындау үшiн, меншiк нысанына, ведомстволық тиесiлiлiгiне қарамастан, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң электрмен жабдықтаушы барлық жылжымалы көздерi электр энергетикасын басқару жөнiндегi орталық атқарушы органға жедел бағынысқа берiледi.

      Бұл қондырғыларды пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.


      20-бап. Электр энергетикасы объектiлерiнiң сақталуын

      қамтамасыз ету


      1. Электр энергетикасы объектiлерiн күзетудi әскерилендiрiлген арнаулы күзет қызметтерi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.

      Электр энергетикасы объектiлерiнiң әскерилендiрiлген күзет қызметiнiң бөлiмшелерi қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен атыс қаруымен және арнаулы құралдармен қамтамасыз етiледi.

      Қару мен арнаулы құралдарды қолдану тәртiбi қазiргi заңдарға сәйкес жүргiзiледi.

      Электр энергетикасының неғұрлым маңызды объектiлерiн күзетудi Iшкi iстер министрлiгiнiң Iшкi әскерлер бөлiмшелерi мен Қорғаныс министрлiгiнiң арнаулы бөлiмшелерi жүзеге асырады. Мұнай объектiлердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      2. Электр және жылу желiлерiнiң айрықша қауiптiлiгi мен шетiндiгiн ескерiп, электр энергетикасын басқару жөнiндегi орталық атқарушы органның ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкiметi барлық заңды және жеке тұлғалар үшiн мiндеттi Электр және жылу жүйелерiн күзету ережесiн бекiтедi.

      3. Электр энергетикасының жабдықтары мен құрылғыларын бүлдiруге немесе ұрлауға, электр және жылу желiлерiне өз бетiмен қосылуға әрi электр энергетикасы өнiмдерiн ұрлауға, сондай-ақ электр энергетикасына залал келтiруге, электр энергетикасы объектiлерiнiң қауiпсiздiгi мен тұтынушыларды энергиямен жабдықтаудың сенiмдiлiгiн төмендетуге әкеп соғуы мүмкiн басқа да iс-әрекеттерге кiнәлi заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес материалдық, әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке тартылады.


      5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      21-бап. Осы Жарлықты жүзеге асыру жөнiндегi шаралар


      Қазақстан Республикасының Үкiметi:

      Қазақстан Республикасының заңдарын "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес келтiру туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентiне табыс етсiн;

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн;

      мемлекеттiк органдардың осы Жарлыққа қайшы келетiн нормативтiк


      актiлерi мен нұсқаулықтарының қайта қаралып, күшi жойылуын

      қамтамасыз ететiн болсын;

      "Электр энергетикасындағы мемлекеттiк реттеушi комиссия

      туралы", "Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау туралы", "Қосымша

      жүктемелер қосылған кезде энергетикалық объектiлердi кеңейтуге

      арналған шығындарды өтеудiң тәртiбi мен шарттары туралы" ережелердi,

      сондай-ақ осы Жарлықта көзделген басқа да нормативтiк актiлердi

      әзiрлесiн.

      22-бап. Осы Жарлықтың күшiне енгiзiлу тәртiбi

      Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының

      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады