Республикада шетел тiлдерiн оқып-үйренудi жақсарту жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 4 желтоқсан N 1479

      1996 жылғы 27 маусымдағы Әкiмдердiң республикалық кеңесiнде айтылған ұсыныстар мен ескертпелердi жүзеге асыру жөнiндегi шаралар жоспарына сәйкес ағылшын және басқа да шетел тiлдерiн оқыту бойынша жүргiзiлiп жатқан шаралардың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Ағылшын және басқа да шетел тiлдерiн оқыту жөнiндегi ұсынылып отырған шаралар жоспары бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi, өзге де орталық атқарушы органдары, облыстардың республикалық маңызы бар қалалар мен астаналардың әкiмдерi 1997 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық санаттағы қызметкерлер арасында ағылшын және басқа да шетел тiлдерiн оқып-үйрену жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн курстар ұйымдастыру жөнiнде шаралар қолдансын.
      3. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi шетел тiлдерiн оқытудың ғылыми-әдiстемелiк орталығын ұйымдастырсын.
      Орталық:
      уақыт талабына және халықтың барлық жiгiнiң сұранысын қанағаттандыруға сәйкес келетiн сөздiктер, тiлашарлар, шетел тiлдерiн жеделдетiп оқып-үйрену жөнiндегi құралдарды, жаңа бағдарламаларды әзiрлеудi жүзеге асыруға;
      шетел тiлдерiн оқыту әдiстемесiндегi жетiстiктердi: оқытудың жаңа модельдерi мен технологияларын насихаттауға қызмет етедi деп белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы шетел тiлдерiн оқытудың көкейкестi мәселелерi бойынша мақсатты зерттеулер ұйымдастыруды қамтамасыз етсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiкпен келiсiм бойынша республика халқына ағылшын және басқа да шетел тiлдерiн жаппай оқытып-үйрету жөнiнде арнайы хабарлар ұйымдастырсын.
      6. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi мүдделi

министрлiктермен, ведомстволармен, ұйымдармен, орталық және атқарушы
органдармен бiрлесе отырып Ағылшын және басқа да шетел тiлдерiн
оқыту жөнiндегi шаралар жоспарын жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
                                         Қазақстан Республикасы
                                               Үкiметiнiң
                                         1996 жылғы 4 желтоқсандағы
                                           N 1479 қаулысымен
                                                бекiтiлген

           Ағылшын және басқа да шетел тiлдерiн оқыту
                  жөнiндегi шаралар жоспары
___________________________________________________________________
 N |        Мазмұны             | Орындауға      | Орындалу
р/с|                            |жауаптылар      | мерзiмдерi
___________________________________________________________________
 1 |              2             |         3      |        4
___________________________________________________________________
1. Қазақ мемлекеттiк әлем        Қазақстан           1996/97 оқу
   тiлдерi университетiнiң       Республикасының     жылы
   жанынан шетел тiлдерiн        Бiлiмминi
   оқытудың ғылыми-әдiстемелiк
   орталығын ұйымдастыру
2. Республика оқу орындары       Облыстар әкiмдерi,  1996 жылдың
   базасында халықтың ересектер  Қазақстан           IY тоқсаны
   бөлiгi арасында ағылшын       Республикасының
   және басқа да шетел тiлдерiн  Бiлiмминi
   үйрету жөнiндегi курстар
   ұйымдастыру
3. Барлық үлгiдегi оқу орындары  Қазақстан           1996-97 оқу
   үшiн шетел тiлдерi бойынша    Республикасының     жылы
   сөздiктер, оқу-әдiстемелiк    Бiлiмминi,Баспасөз
   әдебиеттер шығарудың          және бұқаралық
   жоспарын әзiрлеу және         ақпарат iстерi
   жүзеге асыру                  жөнiндегi ұлттық
                                 агенттiгi (келiсiм
                                 бойынша)
4. Халықтың ересектер бөлiгi     Қазақстан           1997 жыл
   арасында ағылшын тiлiн        Республикасының
   жеделдете және тереңдете      Бiлiмминi
   үйретудiң бағдарламасын
   әзiрлеу
5. Оқулықтардың жаңа буынын      Бұл да сол          1996/97 оқу
   жасау жөнiнде ғалымдардың,                         жылы
   жаңашыл-педагогтардың
   қатарынан шығармашылық
   ұйымдар ұйымдастыру
6. "Қазақстан мектептерiндегi    Бұл да сол          1997 жыл
   шетел тiлдерi"
   оқу-әдiстемелiк журналын
   басып шығаруды ұйымдастыру
7. Гимназиялардың, лицейлердiң   Бұл да сол          тұрақты
   оқушыларын, студенттердi,                          түрде
   оқытушыларды Англияға,
   Германияға, Францияға тiл
   тағылымдамасына жiберу
8. Ағылшын және немiс тiлдерi    Бұл да сол          1996/97 оқу
   бойынша жоғары оқу арасында                       жылы
   олимпиада өткiзу 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады