1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi ұсынған 1997 жылы шет елдерде ашылуы жоспарланып отырған Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1997 жылға
арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының шет елдердегi дипломатиялық өкiлдiктерiн ашуға және оларды ұстауға қажеттi қаражат көздесiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 4 желтоқсандағы N 1482 қаулысымен бекiтiлген 1997 жылы шет елдерде ашылуы жоспарланып отырған Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiнiң ТIЗБЕСI Қазақстан Республикасының мына елдердегi Елшiлiктерi: Австрия Республикасында Израиль Мемлекетiнде Малайзияда Түркменстанда Жапонияда Қазақстан Республикасының мына қалаларындағы Бас консульдықтары: Мазари-Шарифте (Ауғанстан) Астраханьда (Ресей) Стамбулда (Түркия) Шанхайда (ҚХР) Қазақстан Республикасының мына қалаларындағы дипломатиялық миссиялары мен консульдықтары: Афиныда (Греция) Торонтода (Канада) Прагада (Чех Республикасы) Хельсинкиде (Финляндия) Мадридте (Испания) Касабланкада (Марокко) Улан-Баторда (Монғолия) Нью-Йоркте (АҚШ) Варшавада (Польша) Стокгольмде (Швеция) Бангкокте (Тайланд) Дубайда (БАЭ) Ханойда (Вьетнам) Үрiмшiде (ҚХР) Берлинде (ГФР) Ганноверде (ГФР) Сиднейде (Австралия) Дюссельдорфта (ФРГ)