"Южнефтегаз" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар пакетiн сату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 4 желтоқсан N 1483<*> ЕСКЕРТУ. ҚРҮ-нiң 1997.01.31. N 130 қаулысын қараңыз. ~P970130

      Оңтүстiк Қазақстан мұнай-газ кешенiнiң тұрақты жұмысын және болашақта дамуын, шетел инвестицияларын тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Харрикейн Хайдрокарбонс ЛТД" канадалық компанияға толығымен жататын "Харрикейн Кумколь Лимитед" компаниясының "Южнефтегаз" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар пакетiн сату туралы ашық тендермен шарттың нәтижелерi мақұлдансын.
      2. Ашық тендер нәтижесiне және "Харрикейн Кумколь Лимитед" компаниясы акцияларының мемлекеттiк пакетiн сату шартына сәйкес Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi "Южнефтегаз" акционерлiк қоғамына аталған акционерлiк қоғамның акциялардың мемлекеттiк пакетiн сату шартына қол қою сәтiнде бiрлескен кәсiпорындарда лицензиялар бойынша, ол қайтарып алынған жағдайда, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын берудi қамтамасыз етсiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1996.12.14. N 1542
               қаулысымен. P961542_
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi және Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi "Харрикейн Хайдрокарбонс ЛТД" компаниясының мемлекеттiк акциялар пакетiн сату туралы шарттың талаптарына сәйкес 1996 жылдың 7 желтоқсанына дейiн көмiрсутегi шикiзатын өндiруге арналған контрактiнi ресiмдесiн.
      4. Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитет "Южнефтегаз" акционерлiк қоғамын "ЮТЭК" акционерлiк компаниясының құрамынан шығару туралы мәселенi заңда белгiленген тәртiппен шешетiн болсын.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен "Южнефтегаз" акционерлiк қоғамын және оның еншiлес компанияларын аудиторлық тексерудi аяқтағаннан кейiн салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешектер мәселесiн қолданылып жүрген заңдарға және "Харрикейн Кумколь Лимитед" компаниясы аталған қоғамының мемлекеттiк акциялар пакетiн сату шартына қатаң сәйкестiкте реттесiн.
      "Харрикейн Куколь Лимитед" компаниясы "Южнефтегаз" акционерлiк

қоғамының және оның еншiлес компанияларының салықтар мен басқа да
мiндеттi төлемдердi бюджетке уақтылы төлемегенi үшiн аталған қоғамның
мемлекеттiк акцияларын алғанға дейiн жауапты болмайтындығын ескередi.
     6. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, өзге де орталық және
жергiлiктi атқарушы органдар "Харрикейн Кумколь Лимитед"
компаниясының қызметiне қажеттi жәрдем көрсетсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады