Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 4 желтоқсандағы N 1483 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 14 желтоқсан N 1542. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.01.31. N 130 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Южнефтегаз" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн сату туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 4 желтоқсандағы N 1483 P961483_ қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ашық тендер нәтижесiне және "Харрикейн Құмкөл Лимитед" компаниясы акцияларының мемлекеттiк пакетiн сату шартына сәйкес Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi "Южнефтегаз" акционерлiк қоғамына аталған акционерлiк қоғамның акциялардың мемлекеттiк пакетiн сату шартына қол қою сәтiнде бiрлескен кәсiпорындарда лицензиялар бойынша, ол қайтарып алынған жағдайда, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын берудi қамтамасыз етсiн".
      2. "Южнефтегаз" АҚ жер қойнауын пайдалануға берiлген N 236 Д лицензиясы қайтарып алынсын.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады